Домбыра және қазақ өнері туралы өнер зерттеушілерінің нақыл сөздері
Тақырыбы: «Нағыз қазақ — домбыра!»
Бұл іс-шараның басты мұраты — оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік болмысын қалыптастыру. Мәдениеті жоғары, қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін әрі құрметтейтін, ұлттық мұрамыз — домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу көзделеді.
Өнер әлеміне баулу арқылы әсемдікті таныту, өнерге деген сүйіспеншілік пен ықыласты арттыру — осы жұмыстың өзегі.
Көрнекілік
- Сахнаның ортасында символдық «Аққу- домбыра» композициясы.
- Домбыра және қазақ өнері туралы өнер зерттеушілерінің нақыл сөздері.
- «Домбыра — дастан» атты тарихи-этнографиялық мәліметтер топтастырылған стенд.
Жоспары
- 1 «Домбыра туралы аңыз» — сахналық көрініс.
- 2 «Домбыра — дастан» — домбыраның сыр-сипаты туралы бөлім.
- 3 «Әнім де сен, жырым да сен — домбыра» — қорытынды бөлім.
Өтілу барысы
Жүргізуші
Ертеде бай кедейді адам екен демейді.
Күйші бопты бір кедей, сол кезде аққу көмейлі.
Тебіренсе күй тартып, тыңдапты жұрт тамсанып.
Халқы қатты тамсанды, ханнан бетер қарсы алып.
Байлар оны жек көріп, жүреді екен кектеніп.
Қорыққаннан сыйлапты, қымыз беріп, ет беріп.
Қолға бір күн түсірді, ол да өнерін түсінді.
Өлмесін деп күйлері, аққу қылып ұшырды.
Сахна 10-сынып қыздарының орындауындағы «Аққу» биімен ашылады.
1-жүргізуші
Домбыра, мұнша шешен болдың неге,
Күй толған көкірегің — шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің,
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе.
Аққудың әуеніндей үнің бар-ау,
Сарыарқа самалындай ескен баяу.
Бөбектей бесігінде маужыраған,
Тыңдаймын мен отырып ұйқылы-ояу.
2-жүргізуші
Домбырада асқақтата ән салып, күмбірлетіп күй төккен өнерпаз халқымыз бұл аспапты айрықша қастерлеген: үкі тағып, жалғызындай аялап, төрге іліп, ең қымбат мұрасы санаған.
Домбыра — ұлт тарихында қарапайым халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретін тең бөліскен, ел басына күн туған ауыр кезеңдерде жұбаныш болған ұлы аспап.
Ол жазу-сызуы мен сөз өнері қатар өрілген қазақ дүниетанымында қаламның да, сахнаның да қызметін тең атқарғандай — ойды күймен жеткізудің биік үлгісі.
Домбыра — ішекті аспаптардың ең көне түрлерінің бірі. Домбыра қасиетін жырлайтын этнологиялық аңыздар өте көп. Солардың бірін тамашалаңыздар.
«Домбыра туралы аңыз» — сахналық көрініс.
1-жүргізуші
Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім.
2-жүргізуші
Домбыра түсінгенге мұң айтады,
Жаныңа жайлы тиер сыр айтады.
Жүректе қайғы менен наза болса,
Данадан демеу болып, тыныштайды.
1-жүргізуші
«Домбыра шешен болса — саңқылдайды, көсіліп бәйге атындай аңқылдайды. Кездессең бабы тайған қу ағашқа, көңілің су сепкендей жартылайды», — деп ақын ағамыз жырлағандай, домбыраның да үлкен дастанға өзек боларлық терең сыр-сипаты бар.
Ендеше келесі кезекті «Домбыра — дастан» айдарымен ізденіп келген оқушыларға берейік.