Бас киімді теріс айналдырып киген жаман істің белгісі

Қазақ ырымдары

Қазақ қоғамында ырым-тыйымдар күнделікті өмірдің әр қырында кездесіп, адамның мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне және қауымдық тәртіпке әсер еткен. Олар көбіне амандық тілеп, қауіптен сақтануға, ұрпақтың өсіп-өркендеуін тілеуге бағытталған.

Малға қатысты ырымдар

  • Егер мал үшеу немесе төртеу төлдесе, олардың біреуін бауыздап, босағаға көмеді.
  • Егер ауызға ауыздық шықса (ауыз қуысы ауырып, жара пайда болса), оны жүгеннің ауыздығымен емдейді.

Бала және отбасыға қатысты ырымдар

  • Егер бір үйде қыз бала жиі туа берсе, келесі сәби ұл болсын деген ниетпен оған ұлдың атын қояды.
  • Шала туған баланы тымаққа салып, неше күн кем туса, сонша күн тымаққа салып іліп қояды.
  • «Жиенді ұрса, қолың қалтырайды» деген ырым бар.

Киім-кешекке қатысты ырымдар

  • «Адамның басы кемиді» деген түсінікпен бөтен адамға бас киім бермейді әрі айырбастамайды.
  • Садақаға киім берсе, оның түймесін кесіп алып береді.
  • Бас киімді теріс айналдырып кию — жаман істің белгісі деп саналған.

Тазалық, қауіптен сақтану және қарым-қатынас

  • Пәле-жаладан аулақ болсын деп, жаңа үйленген жастарды арша түтінімен ыстайды.
  • Қазақ дәстүрінде жек көрген немесе «көрмеймін» деген адамның артынан бір уыс топырақ шашу ғұрпы кездеседі.

Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі Арынғазинова К. С., Қызылтаң орта мектебі.