Шешініп суға түскен қартты көріп, Көк серке өзенге өзін атты келіп

Мұқағали Мақатаев

Тау өзені тентек қой, тасып жатыр,
Ақ көбігін аспанға шашып жатыр.
Арғы жаққа отарын өткізе алмай,
Бала шопан айғайға басып жатыр.
Тарт! деп еді, өзеннен өт деп еді,
Беттемеді көк серке, беттемеді.
Қойлар қайтсін қойшының ыза - кегін,
Тасқа барып соғылды шек дегені.
Қуып шығып серкені қойдан бөліп,
Сырық сааты қамшымен сойды - ау келіп.
Бірін - бірі паналап, ығысады,
Көк серкенің тағдырын қойлар көріп.
Дүбін жазбай дүр етіп үрікті де,
Отар тұрды, қалтырап бірікті де.
Сорлы серке тұзаққа ілікті ме,
Өлдім деді сақалын сілікті де.
Қой маңырап, шопанның сыбағаны,
Шыңға жетті серкенің жылағаны .
Ұйқылы - ояу маужырап қырда отырған,
Қарғып тұрды қарт шопан, шыдамады.
Жетіп келді желдіртіп күреңімен,
Ашу буы атып тұр реңінен.
Сақалдан ап серкені сабап жатқан,
Шопанның ұстай алды білегінен.
- Түк көрмеген түлейдей... малды ұра ма?!
Жоғал былай, торсықтай салбырама!
Серке емес, сен езің де сескенесің,
Сен қылмаған ерлікті мал қыла ма?!
Шешініп суға түскен қартты көріп,
Көк серке өзенге өзін атты келіп.
Көсемінен көз жазбай тұрған отар
Жамырасып жағаға тартты берік.
Қазақтың мал - ырысы, малы - бағы,
Қашаннан бір - біріне танымалы.
Күреңмен қырқа асып бара жатқан,
Қартқа қарап көк серке маңырады.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы ұлттық болмыс көрінісі
М.Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рухы
Мұқағали поэзиясын мектепте оқыту жолдары
О. Жанайдаровтың поэтикалық аудармалары
Қазақ халқының тұрмыс – салт жырлары
Алпамыс батыр
XVIII -XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның мәдениеті туралы ақпарат
Спорт жылқысын таңдау және дұрыс пайдалану
Иман батырдың азаттық жолындағы күрес жолы
Жиренше шешен
ТОНЫКӨК
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Қабатты гидравликалық жару және ұңғылардың түптік аймаққа әсер ету
Ақтөбе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Бас тоғанның негізделуі, Арыс-Түркістан каналын суғару мақсатында пайдалану және су әкету
КӨКІҰЛЫ ЕСЕТ
Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін арттыру жолдарымен оның бағалау ЖШС (КӨК-СУ).
Ақша қаражаттарының қоры қаржы қатынастарының материалдық-заттық көрінісі ретінде
Объектіден ақпараттың техникалық арналар арқылы сыртқа кетуі және оған қарсы іс-шаралар
Арал өңірі қазақтарының ХIХ ғасырдағы Хиуа хандығы мен Ресейге қарсы ұлт – азаттық күресі