Біріккен сөздердің жазылуын үйрену
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі • Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы
Біріккен сөздердің жазылуы
Мақсаты
Біріккен сөздердің дұрыс жазылуын меңгеру.
Күтілетін нәтижелер
- Біріккен сөздердің мағынасын түсінеді.
- Біріккен сөздермен сөйлем құрастырады және оларды мәтіннен таба алады.
Керекті жабдықтар
- Қазақ тілі оқулығы (4-сынып)
- Әдістемелік нұсқаулық
- Жұмыс дәптері
- Сөздер жазылған парақшалар
- Жеке суреттер
Сабақта қолданылатын модульдер
- СТО (сыни тұрғыдан ойлау)
- Оқыту үшін бағалау
- Көшбасшылықты анықтау
Сабақ барысы
I. Кіріспе: ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
Сәлемдесу
Үлкенге де — «сіз»,
Кішіге де — «сіз».
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз!
Қызығушылықты ояту: «Не үшін?» сұрақ-жауап
- Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін.
- Құлақ не үшін керек?
- Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
- Жүрек не үшін керек?
- Жауларымнан сынбау үшін.
- Тіл мен жағың не үшін керек?
- Ақиқатты айту үшін.
- Ал аяғың не үшін керек?
- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тапсырма
«Тауешкі» сөзіне сөзсазындық сатылай кешенді талдау жасау.
- Морфологиялық талдау
- Синтаксистік талдау
Қайталау сұрақтары
- Біріккен сөздер дегеніміз не? Олар қалай жазылады?
- Біріккен сөздер туынды түбір мен түбірлес сөздерден несімен ерекшеленеді?
- Неліктен олар күрделі сөздер деп аталады?
- Біріккен сөз құрамындағы түбірлердің бастапқы мағынасы өзгере ме?
III. Үй жұмысын бағалау
Үй жұмысы «Бағдаршам» стратегиясы арқылы бағаланады.
Жасыл
Тапсырма толық орындалды.
Сары
Ішінара орындалды, түзету қажет.
Қызыл
Қиындық бар, қайта қарау керек.
IV. Жаңа сабақ
Кейбір біріккен сөздер өзгерген қалпында, яғни айтылуы бойынша жазылады.
Мысалдар
Көркем жазу: үлгі бойынша жазу жолдарын орындату.
Дыбыстық талдау: «Т» дыбысы
Т — дауыссыз дыбыс. Бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергілерге ұшырап, қысылып шығады.
-
1) Үн мен салдырдың қатысына қарай
Т — қатаң дауыссыз дыбыс (тек салдыр басым).
-
2) Айтылу, жасалу тәсіліне қарай
Т — шұғыл дауыссыз дыбыс (ауа кілт үзіліп, шұғыл шығады).
-
3) Жасалу орнына қарай
Т — тіл мен тіс дауыссыз дыбысы.
Сөзсазындық талдау: «Тәуелсіздік»
-
1) Буын үндестігі
Бұл — жіңішке буынды сөз, себебі құрамындағы дауыстылар жіңішке.
-
2) Буынға бөлу
тәу + ел + сіз + дік — төрт буын (төрт дауысты дыбыс бар).
«тәу», «сіз», «дік» — бітеу буын; «ел» — тұйық буын.
-
3) Тасымал
Сөз буын жігіне сәйкес үш жағдайда тасымалданады: тәу-ел-сіз-дік.
Автор туралы
Бастауыш сынып мұғалімі: Ж. Ш. Молдалиева
Тақырып: Біріккен сөздердің жазылуы.