Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу
№ 12
Сабақ тақырыбы
Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу.
Мақсаты
- Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді үйрену.
- Көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру дағдыларын бекіту.
- Ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.
- Құрама есептерді құрастырып, шығара білуге үйрету.
Сабақ түрі
Аралас сабақ.
Әдістері
- Сұрақ-жауап
- Талдау
- Іздену
- Салыстыру
Көрнекілігі
- Суреттер
- Сызбалар
- Геометриялық фигуралар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушы зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
№ 6 тапсырмасы тексеріледі.
III. Білімін тексеру
Математикалық диктант (әр оқушыға таратпа материал ретінде беріледі).
№ 2 (а). Сандарды оқы
№ 2 (ә). Разрядтық бірліктерді ата
Берілген сандарда барлығы неше бірлік, ондық, жүздік, бірлік мың, ондық мың, жүздік мың бар екенін анықта.
№ 2 (б). Сандарды кему ретімен жаз
- 450 000 000
- 324 471 142
- 4 780 000
- 450 198
- 230 145
IV. Топтық жұмыс
№ 3. Кестенің әр қатары бойынша есеп құрастыр және шығар (3 топқа бөлініп).
1-топ
Шешуі
35 · 5 = 175
Жауабы
Барлығы бөлке нанға 175 теңге төледі.
2-топ
Шешуі
55 · 4 = 220
Жауабы
Барлығы батон нанға 220 теңге төледі.
3-топ
Шешуі
30 · 6 = 180
Жауабы
Барлығы күлше нанға 180 теңге төледі.
V. Есепті түсіндіріп шығару
№ 4. Есептің шешу жолын талдап, қадамдап орында.
1-қадам
240 : 2 = 120 (тг)
1 үлкен қойын дәптердің бағасы — 120 тг.
2-қадам
120 − 80 = 40 (тг)
1 кішкентай қойын дәптердің бағасы — 40 тг.
3-қадам
40 · 5 = 200 (тг)
Төлеу қажет сома — 200 тг.
Жауабы
200 тг төлеу қажет.
VI. Түсінгендерін тексеру
№ 5. Теңдеуді шешу
4 оқушы тақтада орындайды.
Өздік жұмыс
№ 6. Сандарды разрядтық қосылғыштарға жікте.
Мысал
470 000 = 400 000 + 70 000
Мысал
400 020 = 400 000 + 20
VII. Қорыту
Бүгін не үйрендік? Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы санның құрылымын анықтауды, оқу-жазу және салыстыру дағдыларын бекіттік.
Шығармашылық жұмыс
№ 8. Өрнектің мәнін тап.
Өрнек
(180 − 120) · 4 + 350 : (400 : 80) + 210 − 4 · 40
Жауабы
360
VIII. Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
№ 7, 26-бет.
Бағалау
Оқушылардың көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу, оқу-жазу және есептеу дағдылары бағаланады.