Бала тілегі Команда аттары

«Денсаулық еліне саяхат» спорттық сайысы

Бұл спорттық сайыстың мақсаты — балаларға ойындардың мазмұны мен ерекшелігін, ойын түрлері мен ережелерін меңгерте отырып, қимыл-қозғалысқа қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар шапшаңдық пен ептілікке баулу, дене бұлшықеттерінің дұрыс қалыптасуына ықпал ету және спортқа деген ынтасын күшейту.

Құрал-жабдықтар

  • Текшелер
  • Үрленген шарлар
  • Күрек
  • Қап
  • Гимнастикалық таяқша
  • Гимнастикалық орындық, матрас
  • Шығыршық
  • Садақ

Өткізілетін орын

Спорт зал.

Музыкалық сүйемелдеу

Ән: «Бала тілегі»

Командалар

«Жұлдыз» «Тұлпар»

Жүргізуші

Спортокус (Стеффани Тәттібек)

Кіріспе: Спортокустың қарсы алуы

Спортокус: Сәлеметсіздер ме, балалар! Денсаулық еліне қош келдіңдер!

Спортокус: Біз сендермен танысқымыз келеді. Мен — Спортокус, Стеффани Тәттібек.

Спортокус: Денсаулығымыз мықты болуы үшін не істеуіміз керек?

Балалардың жауабы

Спортпен шұғылдану керек және дәруменге бай тағамдарды көп жеу керек.

Спортокус: Дұрыс айтасыңдар! Дәрумендерді жеткілікті қабылдап, спортпен тұрақты айналысу керек. Мен сендерді көретінімді біліп, арнайы спорттық сайыс дайындап келдім.

Жылыну

Сайысты бастамас бұрын денемізді қыздырып алайық.

Сайыс кезеңдері

Балалар сайыстың шарттарымен танысып, әр кезеңді команда болып, бір-біріне қолдау көрсете отырып орындайды. Әр тапсырма шапшаңдықты, дәлдікті, тепе-теңдікті және ұйымшылдықты қажет етеді.

1) Пирамида құрастыру

Шарты: туннельдің ішінен өтіп, текшелерден пирамида құрастыру.

2) «Кім жылдам?»

Шарты: әр топқа екі күрек беріледі. Күректің үстіне үрленген шар қойып, кедергілердің арасымен айналып өту.

3) Қар жинау

Шарты: екі топқа екі қап беріледі. Белгіленген аумақтағы «қарды» жинап, жарысады.

4) Шаңғы тебу

Шарты: әр топқа гимнастикалық таяқшалар беріледі, аяққа арнайы «шаңғы» бекітіледі. Белгіленген қашықтықты өту.

5) Шығыршыққа дөп түс

Шарты: гимнастикалық орындық пен матрас үстіне қойылған шығыршықтың ішіне дәл тигізу.

6) Садақ ату

Шарты: әр топқа садақ беріледі. Нысанаға дәлдеп ату арқылы ұпай жинау.

Қорытынды және марапаттау

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Қорытынды дайын болғанша, «Ботақан» тобының қыздары орындаған «Қуыршақтар» биін тамашалаңыздар.

Марапаттау рәсімін Спортокус жүргізеді.