Демікпе ауруы қандай мүшенің ауруы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Өңір / қала

БҚО, Орал қаласы

Мектеп

№46 жалпы орта білім беретін мектеп

Пән / мұғалім

Химия–биология пәні мұғалімі: Алпысбаев Нұржан Орынқұлұлы

Тақырып

Тыныс алу жүйесі

Мақсаттары

  1. 1 Тыныс мүшелерінің құрылысы мен қызметін, газ алмасудың себебін түсіндіру; өкпенің тіршілік сыйымдылығы туралы мәлімет беру және оның организм үшін маңызын ашу; тыныс алудың жүйкелік және гуморальді реттелуі бойынша білімді жинақтау.
  2. 2 Оқушылардың жеке және топта жұмыс істеу белсенділігін арттыру, білімін дамыту.
  3. 3 Тыныс мүшелері аурулары және олардың алдын алу жолдарымен таныстыру арқылы салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Жеке және топтық жұмыс

Әдістері

Сұрақ–жауап, жеке/топтық жұмыс, талдау

Көрнекілігі

Суреттер, сызбанұсқалар, слайдтар, интерактивті тақта, тірек-сызба

Сабақ жоспары

Ұйымдастыру (1 минут)

  • Топқа бөлу, топ жетекшісін сайлау.
  • Бағалау парағын тарату.
  • Сабақтың мақсаты мен міндеттерін таныстыру.
  • Сынып 4 топқа бөлінеді.

Жалпы құрылым

  1. 1.Кім жылдам?
  2. 2.Сұрақтар шеңбері
  3. 3.Топтық жұмыстар
  4. 4.Терминдер сөйлейді

Үй тапсырмасын тексеру: «Кім жылдам?» (5 минут)

Жылдам сұрақтар арқылы өткен тақырып бойынша білім тексеріледі.

A

Тыныс алу мүшелері қандай?

Б

Өкпе қайда орналасқан?

В

Диафрагма деген не?

Г

Өкпені қаптайтын жұқа қабықша қалай аталады?

Д

Сероз деген не?

Е

Өкпе қандай бөліктерге бөлінеді?

Ж

Өкпе көпіршігінің (альвеоланың) мөлшері қандай?

З

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз не?

И

Адам бір рет тыныс алғанда жұтатын ауа мөлшері қанша?

К

Кеңірдек шеміршек сақиналарының саны қанша?

Л

Дыбыс қай жерден шығады?

М

Газ алмасу деген не?

Н

Тыныс алуға қандай бұлшықеттер қатысады?

О

Тыныс алу орталығы қай жерде орналасқан?

С

Оттегі қай жерде сіңіріледі?

Жаңа тақырыпты меңгеру: «Сұрақтар шеңбері» (20 минут)

Әдістің ережесі

  • Оқушылар топ ішінде шеңбер құрып, кезекпен сөйлейді.
  • Тақырып пен ойлануға уақыт беріледі, содан кейін талқылау басталады.
  • Әр оқушы белгіленген уақыт ішінде үзіліссіз сөйлейді.
  • Сөйлеп тұрған оқушыға араласуға болмайды.
  • Оқушы өз ойын алдыңғы оқушының айтқанын жалғастыру арқылы құрастырады.
  • Талқылау барысында жаңа идея қоспау талап етіледі (берілген желіні сақтайды).

1-топ тапсырмалары

  1. Тыныс алу жүйесін қандай мүшелер құрайды?
  2. Неліктен тыныс алуды тіршіліктің негізі деп атайды?
  3. Ер адамдардағы бидайық (кадык) неден қалыптасады, әйелдерде неге болмайды?
  4. Мұрын қуысы құрылысының ерекшелігі мен маңызы қандай?
  5. Дыбыстар қалай пайда болады?
  6. Дыбыстың жуан немесе жіңішке шығуын немен түсіндіресің?

2-топ тапсырмалары

  1. Тыныс алудың ырғақтылығын немен түсіндіресің?
  2. Тыныс алу және тыныс шығару қалай жүреді?
  3. Құрсақтық (диафрагмалық) тыныс алу типін түсіндіріңдер.
  4. Тыныс алу орталығы қандай қорғаныш рефлекстерін туғызады?
  5. Бұл рефлекстер немен байланысты?
  6. Газ алмасу деген не?

3-топ тапсырмалары

  1. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деген ұғымды қалай түсіндіресің?
  2. Адам неге жүгіру кезінде көбірек ауаны қажет етеді?
  3. Өкпенің ауа сыйымдылығы немен өлшенеді және неге?
  4. Тыныс алудың тереңдігі мен жиілігі неге байланысты?
  5. Тыныс алуға қандай факторлар кері әсер етеді?

Түсіндіру кезінде тірек-сызба мен слайдтарды қолдануға болады.

4-топ тапсырмалары (рөлдік ойын)

Тапсырмаларды рөлдік ойын түрінде құрастырып түсіндіріңдер: дәрігер мен науқас (терапевт, ЛОР, фтизиатр, нарколог және т.б.). Дәрігер рөлінде ауру белгілерін, жұғу жолдарын, зияндылығын, сақтану және емделу тәсілдерін түсіндіреді.

  1. Туберкулез деген не? Емделе ме? Белгілері қандай? Неге «әлеуметтік ауру» деп аталады? Халықтық емдеу тәсілдері қандай?
  2. Темекінің тыныс алу мүшелеріне зияны қандай?
  3. Темекі құрамындағы зиянды заттар туралы не білесің?
  4. Демікпе қай мүшемен/жүйемен байланысты ауру?
  5. Тұмау, суық тию, пневмония (өкпенің қабынуы), плеврит және басқа тыныс аурулары туралы не білесіңдер?
  6. Неліктен жүрек ауруы бар адамдарға таулы жерге баруға, биікке шығуға немесе ұшақпен ұшуға шектеу қойылады?

Топтық жұмыс (11 минут)

1-топ

Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасудың сызбасын (тірек-сызба) сызыңдар.

2-топ: «Сәйкесін тап»

Берілген тұжырымдардың (1–8) дұрыс жауабын тыныс алу жүйесінің мүшелерінен (A–Ж) тауып, белгілеңдер.

  1. 1. Көмейге тамақ түсуіне жол бермейді.
  2. 2. Кірген ауаны жылытады, ылғалдандырады, залалсыздандырады.
  3. 3. Мұрын қуысының ішкі қабатының бетін қаптайды.
  4. 4. Өкпенің сыртын қаптайды.
  5. 5. Ішінде дыбыс сіңірлері бар.
  6. 6. Өкпедегі газды қанға өткізеді.
  7. 7. Көмейден кейін орналасады.
  8. 8. Альвеолалар орналасқан мүше.
  • A. Кілегейлі қабықша
  • Ә. Өкпе көпіршіктері (альвеолалар)
  • Б. Өкпе
  • В. Бөбешік
  • Г. Көмей
  • Д. Кеңірдек
  • Е. Плевра
  • Ж. Мұрын қуысы

3-топ: Кесте толтыру

Тыныс алу мүшелерінің құрылысы олардың атқаратын қызметіне қалай сәйкес келетінін кесте түрінде көрсетіңдер.

Тыныс алу мүшелері Атқаратын қызметі Ерекшеліктері, құрылысы
Мұрын, кеңсірік
Көмей
Кеңірдек
Ауа тамыр (бронхтар)
Өкпе

4-топ: Ойлы сұрақтар (есептер)

  1. Егер бір оқушы 1 минутта 500 см³ ауа жұтатын болса, сыныптағы 35 адам 45 минут ішінде қанша ауа жұмсайды (м³)?
  2. Ауасы желдетілмеген бөлмеде отырған адамдар жиі әрі терең тыныс ала бастады. Неліктен?

Бекіту: «Терминдер сөйлейді» (5 минут)

Негізгі ұғымдарды нақтылап, анықтамаларын айту.

Плевра Сероз Альвеола Бидайық (кадык) Бронх Бронхиола Диафрагма Спирометр Газ алмасу Тіршілік сыйымдылығы

Бағалау (2 минут)

Бағалау парағындағы баллдар есептеліп, белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.

Үй тапсырмасы (1 минут)

Тақырып: «Тыныс алу жүйесі»