Мұқағали әндері, өлеңдерін жинақтау
Мақсат пен күтілетін нәтиже
Сабақтың басты мақсаты — оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру арқылы оқу мен оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру.
Танымдық
Ойын тұжырымдау, іздену, ойлау дағдысын дамыту; салыстыру, қорытынды жасап, пайымдау.
Эмоциялық
Психологиялық жағымды орта қалыптастыру, сабаққа сенімді қатысуға жағдай жасау.
Әлеуметтік
Пікірді құрметтеу, ортаға салу, алған білімді өмірде қолдануға ынталандыру.
Оқу нәтижелері
- Оқушы өзін-өзі реттеп, ортақ нәтижеге жетуге талпынады.
- Шығарманы сезіне отырып, жатқа оқу қиял мен сезімге әсер етеді.
- Топтық және жұптық жұмыс арқылы танымдық қабілеттері мен белсенділігі артады.
Сабақтың құрылымы (кезең-кезеңімен)
1) Ұйымдастыру кезеңі
5 минутТопқа бөлу
Оқушылар суреттерді таңдау арқылы топтарға бөлінеді: «Сарғалдақ», «Қызғалдақ», «Бәйшешек».
Психологиялық тренинг: «Жақсы көңіл күй»
Күн болып ашылайық,
Қызғалдақтай құлпырайық,
Жақсы тілек лебімізбен
Қане, амандасып алайық.
Өлең қимылмен орындалып, бір-біріне жағымды көңіл күй сыйлауға ықпал етеді.
Бағалау және тәртіп
- Бағалау парағы таратылады; топ басшысы сайланып, бағалауды жүргізеді.
- Топ ережелері бірлесіп бекітіледі.
2) Үй тапсырмасын тексеру
5 минутҮй тапсырмасы тексеріледі: батырлық пен ерлік туралы мақал-мәтелдер және Абылай хан туралы деректер. Әр топтан екі оқушыдан жауап береді.
3) Жаңа сабақ: ой шақыру
3 минут- Бейнетаспаны көру.
- Сұрақтар: «Кімді көріп отырсыңдар?», «Ақын туралы не білеміз?»
Оқушылар Мұқағали Мақатаев туралы бастапқы мағлұматтарын ортаға салады.
4) Білу – тану – түсіну (оқулықпен жұмыс)
5 минут- Мәтінді іштей оқу.
- Өлеңді шумақ бойынша оқу.
- Сөздік жұмысымен танысу.
5) Түсіну – тану – білу (топтық жұмыс)
12 минутАссоциация
«Мұқағали» ұғымына ассоциация жасап, ой картасын құрастырады.
Венн диаграммасы
«Сабалақ» пен «Фантазия» өлеңдерінің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырады.
Қабырға газеті
Тақырып бойынша визуалды материал әзірлеп, қорғайды.
Өзара бағалау
Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілімен бағалайды.
6) Қолдану (кеңейтілген тапсырмалар)
6 минут1) Сәйкестендіру тесті
Төменде берілген шығармалар мен авторларын сәйкестендіріңіз:
- 1. М. Жұмабаев
- 2. Ғ. Мүсірепов
- 3. Қ. Әбдіқадыров
- 4. Ж. Молдағалиев
- 5. Қ. Шаңғытбаев
- 6. М. Әуезов
- 7. Қ. Аманжолов
- A. «Ақын қонақтар»
- B. «Қажымұқан»
- C. «Қысқы жолда»
- D. «Жамырап күнде жас өмір»
- E. «Жаңа достар»
- F. «Сабалақ»
- G. «Ар-ұят туралы»
Бағалау өлшемі
- 6–7 дұрыс жауап — «5»
- 3–5 дұрыс жауап — «4»
- 1–2 дұрыс жауап — «3»
2) Ашық сұрақтар (Мұқағали туралы)
- М. Мақатаев қай жылы, қай күні, қай жерде дүниеге келді?
- Ақынның әкесінің есімі қандай?
- Ақынның анасының есімі қандай?
- «Үш бақытым» өлеңіндегі бақыттарды атаңыз.
- Мұқағали өлеңді неше жасынан бастап жазған?
- М. Мақатаевтың азан шақырып қойған аты кім?
- Галилей, Коперник есімдері аталатын өлеңі қалай аталады?
- Мұқағали үшін «жер жаннаты» қай мекен?
- Ақынның егізі туралы не білесіз?
- Ақынның өмірінің соңғы сәттерінде жазылып, кейін әнге айналған өлеңі қайсы?
Бағалау өлшемі
- 8–10 дұрыс жауап — «5»
- 5–7 дұрыс жауап — «4»
- 1–4 дұрыс жауап — «3»
3) «Мұқағали атаға хат»
Оқушы тақырыпқа байланысты өзіндік ой-пікірін білдіріп, шағын хат жазады.
Бағалау өлшемі
- Тақырыпқа сай, өзіндік ой-пікірін дәл қолданған — «5»
- Сөздік қоры мол, бірақ қайталаулар кездеседі — «4»
- Сөйлемдері қысқа, байланысы әлсіз — «3»
7) Жинақтау және рефлексия
4 минутТалқылау сұрағы
Ақын ертегідегі қиял мен бүгінгі шындықты қалай байланыстырған?
Күн
Не үйрендім?
Бұлт
Не ұнамады?
Кемпірқосақ
Не қызық болды?
8) Үй тапсырмасы
- «Фантазия» өлеңін жаттау.
- Мұқағали әндері мен өлеңдерін жинақтау.
Оқушылар тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.
9) Қорытынды
Сабақ соңында «Саржайлау» әні тыңдалады. Оқушылар қосылып орындайды.