Калькулятордың функционалдық батырмалары

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

Калькулятор бағдарламасы (3-сынып)

Сабақ форматы

Түрі:
жаңа сабақ
Типі:
аралас
Әдістері:
баяндау, сұрақ-жауап, практика
Пәнаралық байланыс:
математика

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға калькулятор бағдарламасы туралы толық түсінік беру, іске қосу жолын меңгерту және негізгі батырмалармен таныстыру. Калькуляторды пайдаланып есеп шығаруға үйрету.

Тәрбиелік

Пәнге және білімге қызығушылықты арттыру, шығармашылыққа баулу, ойын еркін жеткізе білуге үйрету. Тәртіптілікке, сабырлылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

Компьютерді қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, белсенділігін, пәнге қызығушылығын және компьютерлік іскерлігін дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар

  • Интербелсенді тақта
  • Компьютер
  • Флипчарт
  • Оқулық
  • Карточкалар
  • Бағалау парақтары

Сабақтың жоспары

  1. 1 Ұйымдастыру (сәлемдесу, түгендеу)
  2. 2 Үй тапсырмасын тексеру
  3. 3 Жаңа тақырыпты түсіндіру
  4. 4 Сабақты бекіту (практикалық тапсырмалар)
  5. 5 Сергіту сәті
  6. 6 Қорытындылау
  7. 7 Бағалау
  8. 8 Үй тапсырмасы

Жаңа тақырып: Калькулятор бағдарламасы

Анықтама және мүмкіндіктері

Калькулятор бағдарламасы — кәдімгі калькулятордың компьютерлік нұсқасы. Ол сандық ақпаратпен жұмыс істеуге, есептеулерді жылдам орындауға, нәтижелерді Windows жүйесіндегі басқа бағдарламаларға көшіруге, сондай-ақ сандарды бір санау жүйесінен екіншісіне ауыстыруға және логикалық-арифметикалық амалдарды орындауға мүмкіндік береді.

Калькулятор түрлері

  • Қарапайым — негізгі арифметикалық амалдарға арналған.
  • Инженерлік — күрделірек есептеулерге арналған, батырмалары көп.

Инженерлік калькулятормен тереңірек жоғарғы сыныптарда танысу жоспарланады.

Іске қосу жолы

Пуск → Программы → Стандартные → Калькулятор

Терезе құрылысы және басқару

  • Тақырып жолағы (өлшемі бекітілген)
  • Мәзір (меню)
  • Енгізу/нәтиже көрсету өрісі
  • Есептеу батырмалары аймағы

Пернетақта ескертуі

Сандық пернетақтадан енгізу үшін Num Lock пернесін басу қажет. Ол пернетақтаның қосымша сандық блогын белсендіреді.

Негізгі функционалдық батырмалар

  • Backspace Соңғы енгізілген санды өшіреді.
  • C Барлық енгізілген мәндерді өшіреді.
  • CE Ағымдағы енгізілген мәнді өшіреді.
  • / Бөлу амалын орындайды.
  • * Көбейту амалын орындайды.
  • + Қосу амалын орындайды.
  • - Азайту амалын орындайды.
  • = Нәтижені индикаторға шығарады.
  • Sqrt Квадрат түбірін табады.
  • % Пайызды есептейді.
  • 1/x Индикатордағы санның кері мәнін есептейді.

Ішкі жад (Memory) батырмалары

Калькуляторда нәтижелерді уақытша сақтауға арналған ішкі жад бар. Жадта нөлден өзге сан сақталса, индикатор аймағында M белгісі пайда болады. Жадқа жаңа мән жазылса, алдыңғы мән жаңасымен алмастырылады.

  • MC Жадты тазартады.
  • MR Жадтағы мәнді индикаторға шығарады.
  • MS Индикатордағы мәнді жадқа жазады.
  • M+ Индикатордағы санды жадтағы санға қосады.

Топтық жұмыс форматы

1-қадам

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Мұғалім флипчарт пен интербелсенді тақта арқылы жаңа тақырыпты түсіндіреді.

2-қадам

Әр топ қарсы топқа 3 сұрақ дайындап қояды.

3-қадам

Сұрақ-жауап арқылы топтар ұпай жинайды, нәтижесі бағалау парағына белгіленеді.

Сабақты бекіту: практикалық тапсырмалар

«Кім жылдам?» тапсырмасы: әр оқушы калькулятор көмегімен есептерді жеке орындайды.

1-есеп

  • 18358 ÷ 2 = 9179
  • 876 ÷ 25 = 35.04
  • 1023 × 30 = 30690
  • 156 ÷ 12 = 13
  • 6072 ÷ 6 = 1012

2-есеп

  • 28535.2 + 759.43 = 29294.63
  • 1863 − 558 = 1305
  • 331 × 17 = 5627
  • 18358 ÷ 2 = 9179

3-есеп: Қаржы шығынын есептеу

Жөндеу жұмысына жұмсалған жабдықтар бағалары:

  • Бояу15 987 тг
  • Әк1 053 тг
  • Түсқағаз25 413 тг
  • Құрал-саймандар32 489 тг
  • Жұмыс ақысы54 235 тг

Қорытынды

Жөндеуге жұмсалған жалпы қаржы: 129 177 теңге.

4-есеп: Валюта айырбастау

Берілгені

Курс: $1 = 150 теңге

Тауарлар тізімі

Тауар аты $ бағасымен Теңге бағасымен
1 Ғарышкердің киімі 750
2 Шлем 350
3 Қолғап 100

Тапсырма: әр тауардың теңгемен бағасын есептеп жазыңдар.

Сергіту сәті

Көзге арналған жаттығулар

  • Көзді қатты жұмып, қайта ашу (3 рет).
  • Басты қозғалтпай: оңға, солға, жоғары, төмен қарау.
  • Көзді сағат тілі бағытымен айналдыру.

Қимыл-қозғалыс

Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерің шынықсын,
Саналарың тынықсын.

Қорытындылау және бағалау

«Алма ағашы» әдісі

Тақтаға алма ағашы ілінеді. Оқушыларға үш түсті алма үлестіріледі:

  • Қызыл — сабақты жақсы түсіндім.
  • Сары — орташа деңгейде түсіндім.
  • Жасыл — толық түсінбедім.

Әр оқушы алмаға өз атын жазып, ағашқа іледі және қысқаша: нені түсінгенін, нені түсінбегенін айтып өтеді.

Бағалау

Бағалау парағы бойынша қорытынды жасалып, оқушылардың бағалары шығарылады.

Үй тапсырмасы

1) Есептер шығару

Төмендегі өрнектердің нәтижесін калькулятор арқылы есептеп жазыңдар:

  • 28535.2 + 759.43 + 4029.07
  • 12345.67 + 987.54
  • 555.77 + 998.33
  • 1863 − 558
  • 5678.99 − 456.73
  • 267689.05 − 45678.98
  • 555.66 − 45.99
  • 331 × 17
  • 57.35 × 14
  • 315 × 9
  • 18358 ÷ 2

2) Шығармашылық тапсырма

«Калькулятор» сөзіне ребус құрастырыңдар.

Автор туралы мәлімет

Өңірі
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы
Мектеп
Садуақас Сатыбалдин атындағы орта мектеп
Пәні
Информатика
Мұғалім
Жакупбекова Инкар Муратовна