Жаңа материалды меңгерту

Қазақ тілі • 7-сынып

Сабақ тақырыбы: Бұрынғы өткен шақ

Бұл сабақта оқушылар бұрынғы өткен шақтың мағынасын, жасалу жолдарын және мәтін ішінен тану тәсілдерін меңгереді. Материал сұрақ-жауап, түсіндіру және морфологиялық талдау арқылы бекітіледі.

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Әдістер

Сұрақ-жауап, түсіндіру, морфологиялық талдау

Көрнекілік

Оқулық, кестелер

Құзыреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттер

Ақпараттық

Ақпарат көздері арқылы өткен шақ ережесін және бұрынғы өткен шақтың тұлғаларын толық меңгерту.

Коммуникативтік

Ана тілі мен рухани құндылықты құрметтеуге баулу; тапқырлық пен адамгершілік қасиеттерін дамыту; білімді ауызша және жазбаша тілде қолдануға үйрету.

Проблеманы шешу

Тақырыпты меңгертуге арналған тапсырмалар мен жаттығуларды өз бетінше орындауға дағдыландыру.

Педагогикалық технологиялар

  • Білім беруді ізгілендіру
  • Дамыта оқыту
  • СТО (сын тұрғысынан ойлау)

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу, назарды сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

132-жаттығу: мәтіннен жедел өткен шақтағы етістіктерді теріп жазу.

Үлгі жауап: жазды.

III. Қайталау: жаңа тақырыпқа дайындық

1) Келер шақ дегеніміз не?

Сөйлеп тұрған сәттен кейін болатын іс-әрекетті білдіреді.

2) Өткен шақ дегеніміз не?

Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болғанын білдіреді.

3) Жедел өткен шақ дегеніміз не?

Қимылдың таяу уақытта болғанын, орындалғанын білдіреді.

IV. Жаңа материал: бұрынғы өткен шақ

Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғанын білдіреді.

1) -ып / -іп көсемше + жіктік жалғауы

Көсемше тұлғасы жіктеліп келеді: барыппын, келіпсің.

Жіктелу үлгісі: айтыппын, айтыпсың, айтыпсыз, айтыпты.

2) -ған / -ген / -қан / -кен есімше + жіктік жалғауы

Есімше тұлғасы жіктеліп келеді: барғанмын, келгенсің.

Үлгі: оқыған едім, оқыған едің, оқыған едіңіз, оқыған еді.

Мысалдар

  • Сен мектепті бітіргенсің.
  • Ол ауылға барыпты.

V. Жаңа білімді бекіту: жаттығулар

133-жаттығу

Өлеңді оқып, бұрынғы өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді табыңдар және олардың қалай жасалғанын түсіндіріңдер.

Заманда басқан аяқ кейін кеткен,
Жасымай Алашына қызмет еткен.
Болса да қалың тұман, қараңғы түн,
Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен.

Түймеге жарқылдаған алданбаған,
Басқадай бір басы үшін жалданбаған.
«Қайткенде Алаш көркейер?» деген ойдан,
Басқа ойды өміріне малданбаған.

Жауап: кеткен, еткен, жеткен, алданбаған, жалданбаған, малданбаған.

134-жаттығу

Мәтінді оқып, бұрынғы өткен шақта тұрған етістіктерді теріп жазыңдар.

Ә. Н. Бөкейхан — ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға — Әлихан Бөкейхан. 1920–1922 жылдары оған «буржуазиялық ұлтшыл» деген айдар тағылып, айлап абақтыда отырған.

Жауап: асырылған, аударылған, отырған.

135-жаттығу

-ған / -ген / -қан / -кен тұлғалы бұрынғы өткен шақ етістіктерін теріп жазыңдар.

Күз келді. Ел жайлаудан қайтып, күзекке беттеп келе жатқан. Шыңғыстың Қыдыр, Қызылшоқы, Бөрлі сияқты тауларының адыр-қатпарлары ауыл-ауылға толған. Жұрт үлкен үйлерді, қоймаларын, аттардың да бұл кездерінде еттері ояздап болған.

Жауап: жатқан, толған, көтерілген, болған, жіберген, отырған.

VI. Үй тапсырмасы

  • Ережелерді жаттау.
  • Көркем әдебиеттен өткен шақ қатысқан сөйлемдер құрастырып, жазып келу.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

VII. Бағалау және қорытынды

Оқушылардың жұмысы бағаланып, сабақ қорытындыланады. Баға күнделікке қойылады.