Сыныптағы оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру

Пән мұғалімі туралы қысқаша мәлімет

Мектеп

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Пән

Қазақ тілі мен әдебиеті

Мұғалім

Текеева Жанша Тажибаевна

Сабақтар топтамасы

  • 1 Музыка, өнер және әдебиет
  • 2 Қазақстан – өлең жолдарында
  • 3 «Ұлпан» романындағы әйел тағдыры

Сабақ тақырыбы

Музыка, өнер және әдебиет

Сабақ барысында оқушылар музыка жанрларын ажыратып, пікірталасқа еркін қатысады, мәтінді жан-жақты талдау стратегияларын қолданады және сөйлем құрылымына сай тыныс белгілерін дұрыс қою дағдыларын жетілдіреді.

Оқыту мақсаттары (осы сабақ арқылы)

Т.А6

Тыңдаушыны қызықтыра білу үшін әдеби-көркемдегіш құралдар мен құрылымдарды тиімді қолдану.

О6

Оқылым стратегияларының түрлерін қолдану және ажырату.

Ж12

Пунктуациялық нормаларды сақтау.

Күтілетін нәтижелер

  • Таныс тақырыптағы әңгімеге немесе пікірталасқа дайындықсыз қатыса алады; ойын анық, еркін және дұрыс жеткізеді.
  • Оқылым стратегияларын анықтайды: жан-жақты талдап оқу арқылы зерттеу жүргізу, комментарий жасау, іріктеу.
  • Сөйлем мүшелерін, жай сөйлем мен құрмалас сөйлем түрлерін ажыратады; тыныс белгілерін сауатты қолданады.

Сабақ мақсаттары (деңгей бойынша)

Барлық оқушылар

  • Пікірталасқа дайындықсыз қатыса алады.
  • Өз ойын анық, еркін және дұрыс жеткізеді.

Оқушылардың көпшілігі

  • Тақырыпқа жан-жақты талдау жасай алады.
  • Зерттеу жүргізіп, комментарий бере алады.
  • Сөйлем мүшелері мен сөйлем түрлерін ажырата алады.

Тілдік міндеттер

Оқушылар ойын анық айтуға, дәлелді комментарий беруге, мәтінді жан-жақты талдап оқу арқылы зерттеу жасауға үйренеді.

Алдыңғы білім

Оқушылардың алдыңғы білімдері жоспарланған тапсырмалар арқылы белсендіріледі және жаңа тақырыппен байланыстырылып отырады.

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сыныптағы оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын слайд арқылы таныстыру.

Топқа бөлу (6 топ)

Оқушылар Қазақстанның танымал әншілері мен орындаушылардың суреттері арқылы 6 топқа бөлінеді:

Біржан сал Б. Төлегенова М. Мұхамедқызы Р. Рымбаева «Ринго» тобы Қ. Нұртас

Әр топ өзіне түскен бейне туралы 2–3 сөйлеммен қысқаша мәлімет береді.

Қызығушылықты ояту

Тыңдалым

Әр топқа әртүрлі музыкалық жанрдағы әндер тыңдатылады. Оқушылар тыңдалған әннің жанрын анықтайды.

Жұптық/топтық пікірталас

Оқушылар ән жанры туралы білетіндерін ортаға салып, ойын еркін айтады. Қалауы бойынша өздері білетін әндерді де орындап көрсетуіне болады.

Тапсырма 1: «Сөздер арқылы әншіні тап»

  1. 1 Әр топ өзіне ұнайтын әнші туралы 8–10 сөз жазады да келесі топқа береді (әншінің атын атамайды).
  2. 2 Тапсырма алған топ жасырынған әншіні табады және оның қай жанрда ән айтатынын айтады.
  3. 3 Берілген сөздерден сөйлемдер құрастырып, бастапқы топқа қайтарады.
  4. 4 Бастапқы топ жұмысты жетістік критерийлері бойынша бағалайды.

Жетістік критерийлері

  • Таныс тақырыптағы пікірталасқа дайындықсыз қатыса алады.
  • Таныс емес әншіні табуда эпитет пен теңеуді орынды қолданады.
  • Өз пікіріне талдау жасай алады.
  • Ойын анық, еркін және дұрыс жеткізеді.

Ынталандыру

Жасырын берілген әншілерді дәл тауып айтқан топтарға «музыкалық сәлем» жолданады.

Ескерту

Бұл кезеңде айтылым дағдысы мен көркемдегіш құралдарды қолдану (эпитет, теңеу) ерекше назарда болады.

Қорытынды кезең: сыныптық сауалнама

Оқушылар бір-бірінен қандай музыка тыңдайтыны туралы қысқаша сауалнама жүргізеді. Нәтижелер талқыланып, тыңдалым талғамы мен жанр ерекшеліктері салыстырылады.

Қосымша

Толық нұсқасын жүктеу.