Тетікбөлшектің эскизін салуды аяқтау
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып
Эскиздеу (тілікпен)
Сабақтың түрі
Аралас
Қолданылатын әдістер
- Дифференциалдық әдіс
- Баяндау
- Салыстыру
- Талдау
Сабақтың мақсаттары
Білімділік мақсаты
Оқушылардың эскиз туралы түсінігін қалыптастырып, конструкторлық құжаттарды дайындауға үйрету.
Дамытушылық мақсаты
Ойлау қабілетін дамыту, талдау және салыстыра білу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты
Адамгершілікке, ұқыптылыққа, еңбекке баулу және пәнге қызығушылықты арттыру.
Қамтамасыз ету және байланыстар
Көрнекілік құралдар
- Плакаттар
- Көрнекілік бұйымдар
- Карточкалар
- Оқулықтар
- Сызу құралдары
- Мультимедиа
Пәнаралық байланыс
- Техникалық механика
- Материалтану
- Математика
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды түгелдеу және журнал толтыру.
- Жұмыс құралдарын тексеру, кезекшіні тағайындау.
- Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру (өткенге шолу)
2.1. «Сөйлемді аяқтау» тапсырмасы
Сұрақтар
- Заттың бақылаушыға қарап тұрған жағының кескіні — ...
- Затты бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан фигураның кескіні — ...
- Тетікбөлшектің белгілі бір мақсат үшін жасалған бөліктері — ...
- Бұйымның машина жасау сызбасын оқу дегеніміз — ...
- Оригиналдар деп — ...
- Конструкторлық құжаттарды орындау кезеңдеріне байланысты — ...
- Жазық фигураны винттік қозғалыспен қозғағанда шығатын дене — ...
- Орналасуына қарай бұранда бөлінеді: ...
Жауаптар
- Көрініс.
- Қима.
- Элементтер.
- Оның пішіні, өлшемі, құрылымы және оны жасауға қажетті әдістер туралы білім алу.
- Түпнұсқаны жасауға арналған құжаттар.
- Жобалау және жұмыс құжаттары болып ажыратылады.
- Бұранда.
- Сыртқы және ішкі.
2.2. «Ойлан — ата»
Берілген материалдардың графикалық белгіленуі бойынша олардың түрін атау.
2.3. Семантикалық карта
Негізгі ұғымдарды жүйелеу және сәйкестендіру тапсырмасы.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
3.1. Эскиз туралы түсінік
Эскиз — пропорцияны сақтай отырып, көз мөлшерімен қолмен орындалатын жұмыс. Өндірісте эскиз көбіне бір рет пайдалануға арналған конструкторлық құжат ретінде қолданылады.
Эскизде бұйым өзара перпендикуляр жазықтықтарда тікбұрыштап проекциялау әдісімен кескінделеді және, әдетте, сызба аспаптарын қолданбай салынады. Эскизде масштаб қолданылмайды.
Эскиз күнделікті оқу-тәжірибеде кең таралған: физика, химия, геометрия сабақтарында зертханалық құралдар мен сызбаларды түсіндіру үшін эскиздер жиі қажет болады. Геометрияда есеп шығарудың алдында берілген фигуралардың эскизін салу есептің шартын нақтылауға көмектеседі.
Эскиз салуға миллиметрлік қағаз немесе торкөз дәптер ыңғайлы. Сызықтарды жұмсақ қарындашпен жүргізу ұсынылады.
3.2. Эскиз орындау реті
- Тетікбөлшектің пішінімен танысу.
- Кескіндердің жеткілікті санын анықтау.
- Эскиз салатын пішімді (форматты) таңдау.
- Таңдалған пішімді эскиз салуға дайындау.
- Кескіндерді пішімге алдын ала орналастыру.
- Тетікбөлшектің көріністерін жіңішке сызықтармен салу.
- Кескіндерді салуды аяқтау.
- Шығару және өлшем сызықтарын жүргізу.
- Өлшеу аспаптары мен құралдарын пайдаланып, барлық өлшемдерді анықтау.
- Тетікбөлшек эскизін толық аяқтау.
3.3. Өлшеу құралдары
- Нутрометр
- Кронциркуль
- Рулетка
- Болат сызғыш
- Штангенциркуль
- Бұрыштық
3.4. Штангенциркуль құрылымы
Бұл бөлімде штангенциркульдің негізгі бөліктері мен жұмыс істеу қағидасы қарастырылады (өлшеу дәлдігі, өлшеу түрлері және қолдану ережелері).
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
4.1. Сұрақтарға жауап беру
- Эскиз дегеніміз не?
- Эскизде масштаб қолданыла ма?
- Эскиз салудың 1–5 кезеңін айтып бер.
4.2. Практикалық жұмыс
Берілген тетікбөлшек бойынша эскиз орындау: көріністерді орналастыру, өлшемдерін анықтау және белгілеу.
V. Сабақтың қорытындысы
5.1. Бағалау
Оқушылардың теориялық жауаптары мен практикалық жұмысының орындалу сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.
VI. Үй тапсырмасы
А4 пішіміне негізгі жазуды орындап келу.