Видео роликке анализ жасау

Сабақ тақырыбы

Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті?

Сабақтың мақсаты

  • Көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін талдау.
  • Х–XIII ғасырлардағы мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру.

Жетістік критерийлері

  • Моңғолдардың мемлекеттілік деңгейге қалай жеткенін түсіндіреді.
  • Моңғолдардың әскери жетістіктерін сипаттайды.
  • Карта бойынша саяси үдерістерді талдайды.

Тілдік міндеттер

Пәндік лексика және терминология

Яса
Заңдар жинағы арқылы моңғол мемлекетінің идеологиясын, басқару жүйесін және әлеуметтік құрылымын талдау (оқылым дағдысы).
Кешіктен
Шыңғыс ханның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жасауылдар.
Құрылтай
Моңғол империясының жоғарғы басқару органы.

Диалог пен жазуға арналған тірек сөздер

әскер әлеуметтік саяси жағдай қосылу ақсүйек қарасүйек заң әскери жүйе біріктіру

Алдыңғы білім

Оқушылар Қазақстан аумағында моңғол экспансиясына дейін түркі тілдес тайпалардың этносаяси бірлестіктері қалыптасқанын, сондай-ақ олардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени жағдайын біледі.

Сабақтың басы: ұйымдастыру кезеңі

1) Тақырыпты ашу

Оқушылар бірнеше оқиғаны мағынасына қарай сәйкестендіру арқылы сабақ тақырыбын анықтайды.

2) Терминдермен жұмыс

Интерактивті тақтада үш термин мен олардың анықтамалары беріледі. Оқушылар терминдерді дәптерге жазып, мұғаліммен бірге мағынасын талқылайды.

3) Видеороликті талдау (Шыңғыс хан туралы)

Оқушылар бейнематериалды тыңдай отырып, зерттеу сұрақтарына жауап береді.

Зерттеу сұрақтары

  1. Моңғолия жерінде өмір сүрген тайпалар қайсы?
  2. Көшпелі түркі тайпаларын өз территорияларынан ығыстырған қай мемлекет?
  3. Шыңғыс хан құрған мемлекеттің территориясы бұған дейін болған қай қағанаттың шекарасымен бірдей немесе ұқсас?
  4. Қытайлықтар қандай сылтауды негізге алып, дала көшпенділеріне жорықтар жасады?
  5. Сырдария мен Әмудария аралығындағы жерлер қай мемлекеттің қол астында болды?

4) Мәтінмен жұмыс

Оқушылар мәтінді оқып, төмендегі зерттеу сұрақтарына жауап береді.

Зерттеу сұрақтары

  1. 1211 жылы моңғолдар Қазақстан жеріне қандай себеппен келді?
  2. Күшлік хан қай мемлекеттің билеушісі болды?
  3. Керейлердің билеушісі кім болды?
  4. XIII ғасырда Керей, Найман, Жалайыр тайпалары неліктен Қазақстанға қоныс аударды?

5) Картамен жұмыс

Оқушылар карта арқылы аймақтағы саяси өзгерістерді анықтап, негізгі бағыттарды сипаттайды.

6) Темүжін (Шыңғыс хан): саяси портрет

Шыңғыс ханның тұлғасына қатысты қысқаша ақпарат беріліп, оның мемлекеттілік қалыптастырудағы рөлі талқыланады.

7) «Мозайка» әдісі

Мозайкалық сурет және берілген сөздер/әріптер арқылы сөйлем құрастырып, негізгі ойды бекітеді: «Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті?»