Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру
4-сынып математика сабағы: бөлшектер мен үлестер
Бұл сабақта оқушылар бөлшек пен үлес ұғымдарымен танысып, олардың жазылуын үйренеді. Сабақ жаңа білімді меңгертуге бағытталған және дәстүрлі форматта өткізіледі.
Сабақтың тақырыбы
Бөлшектер мен үлестер. Олардың жазылуы.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларға бөлшек, үлес, алым, бөлім туралы жалпы түсінік беру және олардың жазылуын үйрету.
Дамытушылық
Бөлшектер мен үлестер ұғымын меңгерту арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, зеректікке және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың типі
- Жаңа білімді меңгерту
- Сабақтың түрі
- Дәстүрлі
- Сабақтың әдісі
- Сұрақ-жауап, түсіндіру
- Көрнекілігі
- Баннерлер, кестелер
- Пәнаралық байланыс
- Дүниетану
Сабақтың жоспары
- I. Ұйымдастыру кезеңі
- II. Үй тапсырмасын тексеру
- III. Жаңа сабақты түсіндіру
- IV. Жаңа сабақты бекіту
- V. Сергіту сәті
- VI. Үйге тапсырма
- VII. Бағалау
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық дайындық
Қазір бізде математика сабағы.
Сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?
Көңіл күйлерің қалай?
Ендеше, жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.
Біздің мақсатымыз қандай?
- — Мақсатымыз — білім алу.
- — Міндетіміз — еңбек ету.
- — Еңбек ету арқылы «5»-ке қол жеткізу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Зымыран сұрақтар» арқылы өткен тақырыпты еске түсіреміз:
Жылдамдықты қалай табамыз?
Уақытты қалай табамыз?
Қашықтықты қалай табамыз?
Шеңбер қандай фигура?
Дөңгелек қандай фигура?
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Ой қозғау
Рим жазушысы Цицерон: «Бөлшекті білмейінше, математиканы білемін деп ешкім айта алмайды» — деген екен. Демек, бүгін біз бөлшектер мен үлестерді және олардың жазылуын меңгереміз.
Тапсырма №1
Суретке қарап:
- Тіктөртбұрыштардың неше тең бөлікке бөлінгенін сана.
- Сол бөліктердің қаншасы боялғанын анықта.