Түбір сөз бен қосымшалы сөздерді салыстырып оқу

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға қосымшалардың қызметі әртүрлі болатынын байқату, сол арқылы жұрнақ пен жалғау туралы түсінік қалыптастыру.
  • Ұлттық дәстүрлер мен ойын түрлерін пайдалана отырып тапқырлық пен ізденімпаздықты дамыту, ой белсенділігін арттыру.
  • Ептілікке, жылдам ойлауға және әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақ туралы мәлімет

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, ватман, кеспе әріптер, қима қағаздар.

Сабақ түрі

Қонақ күту.

Сабақ типі

Жаңа сабақты түсіндіру.

Әдістері

Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс

Математика, музыка.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Кеспе әріптерден оқушыларға адам құрастыртылады. Содан кейін оқушылар оған ат қояды: Әріпбек. Осылайша Әріпбек бүгінгі сабақта бізге құдайы қонақ болып келеді, ал біз сабақ барысында қазақ халқының қонақ күту дәстүрімен танысамыз.

1-рәсім: Сәлем беру, амандасу

Қонақ үлкен-кіші демей сәлем беріп, амандық-саулық сұрайды:

  • Ассалаумағалейкум!
  • Сәлеметсіз бе?
  • Мал-жан аман ба?

Үй тапсырмасын тексеру (258-жаттығу)

Сұрақ-жауап

  • Сөз неден құралады? — Сөз дыбыстардан құралады.
  • Сөз нені білдіреді? — Белгілі бір ұғымды, мағынаны білдіреді.

Тапсырма

Әріпбектің бойындағы әріптерден сөз құрау: алма, лақ, гүл, сиыр, доп, орман.

Бұл сөздер түбір сөздер. Түбір сөз дегеніміз — мағынасы толық, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін негізгі бөлік.

II. Жаңа сабақ

Сөз құрамын еске түсіріп, қосымшаның екі түрінің қызметін ажыратамыз: жұрнақ және жалғау.

Тірек-сызба: Сөз құрамы

Түбір + жұрнақ

Мысал: бүркіт + -шібүркітші

Жұрнақ жаңа сөз жасайды.

Түбір + жалғау

Мысал: бүркіт + -пенбүркітпен

Жалғау сөз бен сөзді байланыстырады.

Дәптермен жұмыс

  • Көркем жазу: ь әрпі (жіңішкелік белгісі).
  • Күннің жадын және тақырыпты жазу.

2-рәсім: Қолға су құю

Ас алдында қолға суды шорылдатпай құю және сүлгіні әдеппен ұсыну көбінесе балаларға жүктеледі (леген, құман суреттері көрсетіледі).

260-жаттығу

  1. Түбір сөз бен қосымшалы сөздерді салыстырып оқу.
  2. Мағыналарының әртүрлі екенін аңғарту.
  3. Сөздерге сұрақ қою: не себепті сұрақтары әртүрлі?

Су — сусын

Сұрақтары: не? — не?

Ақыл — ақылды

Сұрақтары: не? — қандай?

Таза — тазалық

Сұрақтары: қандай? — не?

Алғашқы үш жұп ауызша талданады, соңғы үш жұп жазбаша орындалады.

3-рәсім: Көрпе салу

Келген қонаққа көрсетілетін құрметтің бір түрі — көрпе салу. Осыған байланысты «Құрақ құрау» ойыны ойнатылады: берілген түбір сөздерге тиісті қосымшаларды жалғау.

Үлгі материал

Түбірлер: қой, оқу
Қосымшалар: -шы, -ші, -ға, -дан, -ды, -лық

4-рәсім: Дастархан жаю

Қазақ халқы қонаққа деп соңғы бір үзім нанын да сақтаған. Оқушылар ұлттық тағам түрлерін атайды: бауырсақ, қазы-қарта, жал-жая, құрт, балқаймақ, қымыз.

Сұрақ

Үйірілген қышқыл сары қымыз неден жасалады?

Жауап: бие сүтінен.

261-жаттығу (ауызша)

  1. Түбір сөздер мен қосымшалы сөздерді салыстырып оқу.
  2. Түбір сөздің мағынасы өзгермейтінін аңғарту (жалғау жалғанғанда).
мектеп — мектебің
әке — әкесі
дәптер — дәптерлер
шана — шанамен
үй — үйге
қала — қаладан

5-рәсім: Қонақкәде

Қонақтың көңілін көтеру үшін өлең айтып, өнер көрсетіледі: оқушылар өлең құрастырады, үнтаспадан күй тыңдап, әуенге билейді.

«Сөз ойла» ойыны (262-жаттығу)

Әріпбек сөзді жақсы көреді. Берілген сөздерге жұрнақ жалғап, жаңа сөз жасау:

1-топ

Би, қобыз, көп, сауық + -шы, -ші, -шыл, -шіл

2-топ

Іс, орын, талап, көл + -дық, -кер, -шік

3-топ

Қыс, арба, түн, жаз + -гі, -лы, -қы, -ғы

Жазылым тапсырмасы

Жұрнақ жалғанған сөздерді қатыстырып, үш сөйлем құрап жазу. Үлгі:

  1. Биші, қобызшы қыздар бізде қонақта.
  2. Мақсат орындық сатып әкелді.
  3. Қысқы демалыста әжемнің ауылына бардым.

6-рәсім: Қонақасы

Әжелеріміз құдайы қонақты құрметтеп, қыстай сүрлеген етін асып, қазан көтерген. Осы дәстүрге сай «Кім тапқыр?» ойынын ойнаймыз.

Оқиға желісі

«Мен бір күні саябақта серуендеп жүріп, ағаштардың арасында жатқан өзгеше бір сандыққа тап болдым. Оның сиқырлы сандық екенін түсіндім. Сандықты ашқанда, тамаша бір нәрсе көрдім...»

Тапсырма

Бір оқушы сандықтағы затты сипаттайды, қалғандары табады.

Мысал жұмбақ

Күннің жадын білдіреді, әрі айды,
Ұстазға ол керек нәрсе әрдайым.

Жауабы: күнтізбе.

7-рәсім: Қонақтан бұйымтай сұрау (қорытынды)

Қонақ кетерде үй иелері одан бұйымтайын (не қалайтынын) сұрайды. Әріпбек те бізден осы сабақта не үйренгенімізді сұрайды.

Тест тапсырмасы

Сөздерді тиісті бағанға бөліңдер: түбір сөз, жұрнақ, жалғау.

Түбір сөз

  • а) өлең
  • ә) дала
  • б) дос

Жұрнақ

  • а) өнерлі
  • ә) тазалық
  • б) сақшы

Жалғау

  • а) біздің
  • ә) әкемді
  • б) баласы

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.

Үй тапсырмасы

263-жаттығу.