Көп көкөністер мен жемістер жеуге тырыс
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№11 «Балапан» балабақшасы, «Балбөбек» тобы
Тәрбиеші: Көшербаева Ақтоты
Тақырыбы
«Жомарт күз»
Оқу іс-әрекеті
Тіл дамыту, жапсыру
Білім беру саласы
Қатынас, шығармашылық
Мақсаты
-
Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру.
-
Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру.
-
Мерекелік көңіл күй орнату.
-
Балаларды ән айтуға, би билеуге, түрлі іс-әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру.
Кіріспе
Тәрбиешінің сөзі
Қайтқан құсты көрдің бе,
Қаптай ұшқан әуелеп?
Күткен күзің келді ме,
Сыңсып бағың мәуелеп.
Құрметті қонақтар, ата-аналар! Бүгін «Балбөбек» тобының «Жомарт күз» атты тәрбиелік іс-шарасына қош келдіңіздер!
Балалардың шумақтары
Ақайша
Қуаныштың қоңырауын қағайын,
Қуандырып біздерді,
Өлкемізге күз келді.
Ақселеу
Айнала сары ала,
Қырманға дән тола.
Жемістер пісіпті,
Қоймаға түсіпті.
Айару
Ендеше, не тұрыс —
Болмасын жан қалыс!
Тойлайық, күлейік,
Қуанып билейік!
Музыкалық бөлім
Би: «Жапырақтар биі»
Музыка жетекшісімен орындалады.
Би аяқтала бергенде бір бала әлсіреп, құлап қалады.
Шағын көрініс: «Дәруменнің күші»
Диалог
Аяна
Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Бойымнан әл кетіп, көзім бұлдырап, басым айналып барады!
Бекнұр
Енді не істейміз?! Аянаға қалай көмектесеміз?
Афрасиаб
Сабыр сақтаңдар. Дәрігер шақырайық!
Аяна
Жоқ, дәрігер керек емес! Қазір өзім тұрамын.
Бек
Онда дәрі ішіп ал. Менде көп дәрі бар!
Бекнұр
Жоқ, дәріні өз бетінше ішу зиян. Одан да дәрігер шақырайық!
Барлығы бірге
Дәрігер, дәрігер!
Дәрігер
Мені неге шақырдыңдар? Қандай шағымдарың бар?
Барлығы бірге
Аянаға дәрігерлік көмек керек!
Дәрігер
Қазір қарап шығайын. «А-а-а» деп, аузыңды аш. Тістерің дұрыс, тамағың ісінбеген. Бірақ қол-аяғың әлсіз, қызуың жоғары.
Түсіндім: ағзаңа дәрумен жетіспеген.
Аяна
Енді не істеймін?
Дәрігер
Дәруменнің табиғи болғаны дұрыс. Көкөніс пен жемісті көбірек жеуге тырыс!
Күз өнімдері сахнаға шығады
Ұсыныс
Камила: Қазір күз мезгілі ғой. Жеміс те, көкөніс те пісті. Қоймаға қоңырау шалып, күз өнімдерін алдыртайық.
Меруерт: Дұрыс айтасың! Алло, қойма ма? Бізге жемістер мен көкөністер керек. Машинаға тиеп жіберіңіз, мүмкін болса, тезірек!
Осы сәтте машина дауысы естіліп, жүргізуші бала өнімдерді әкеледі.
Жемістер мен көкөністер таныстыруы
Фарида — алма
Мен алмамын, бал дәмім бар. Пісіп-толдым, бағбаным баптады.
Әнель — өрік
Мен өрікпін. Дәміммен тәтті еліттім, сәбилерге сүйіктімін.
Гауһар — жүзім
Мені бәрі жүзім дейді. Бір-бірлеп үзіп жейсің, тізіліп тұрамын әсем боп.
Айғаным — шие
Мен шиемін, күнді сүйемін. Адамға қажет екенімді жақсы білемін.
Нұрпейіс — қияр
Мен қиярмын, салаттың сәнімін. Дәруменім мол, қуат сыйлаймын.
Аян — асқабақ
Асқабақпын — дәмдімін. Кептірілген дәнім де пайдалы.
Бағдәулет — қызанақ
Мен қызанақпын. Тұзын себіп, банкiге салып, аузын мықтап жабыңдар.
Әлшер — картоп
Мен картоппын. Қай тағамға қоссақ та, дәмін кіргіземін.
Әбілмансұр — сәбіз
Әжем бақшадан сәбіз әкелді. Дәмін татып, бойым да өскендей болды.
Айдар — қарбыз
Мен көкала қарбызбын!
Зере — қырыққабат
Қабат-қабат тоным бар. Қырыққабат мен болам, асханаға әрдайым жарам.
Ғалым — алмұрт
Тіл үйірер алмұртпын, бар жұртқа таңсықпын.
Бекболат — әңгелек
Сары алтындай дөңгелек — қандай тәтті әңгелек.
Тәрбиешінің қорытындысы
Балалар, көкөніс пен жемісті үнемі жеп жүрсек, ағзамызға өте пайдалы. Ауырмаймыз, деніміз сау болады.
Бойға қуат нәрі —
Таптырмайтын дәрі.
Өнімдерді ортаға алып,
Тойлайық енді шаттана!
Хор
«Жомарт күз»
Ойын: «Кім жылдам?»
Тентек жел сан алуан жапырақты шашып кетіпті. Тезірек жинап алайық. Қане, кім жылдам?
Күз тойындағы серт
Тәрбиеші
Алтын күз, жаңбырлы күз, жомарт күз — суығы шыңдайтын, сұлулығы арбайтын мәрт күздің тойында:
-
шаршауды білмеуге,
-
көңілді би билеуге,
-
әсем сазды ән салуға,
-
бір-бірімізге жақсы тілек тілеуге — ант етейік!
Балалар
Ант етеміз! Ант етеміз! Ант етеміз!
Сұрақ-жауап
Қазір жылдың қай мезгілі?
Жауап: Күз.
Күзде неше ай бар?
Жауап: 3 ай.
Күз айларын атаңдар
Жауап: Қыркүйек, қазан, қараша.
Күздің ерекшеліктері
Күзде күн салқындайды, жаңбыр жиі жауады, жел күшейеді, жапырақтар сарғаяды.
Шығармашылық бөлім
Сән көрсетілімі
Сән әлемінен қалыс қалмаңыздар. «Күз» сәнді киімдер шеруін тамашалаңыздар!
Қатысушылар: Фарида, Камила, Айғаным, Гауһар.
Ата-анамен ойын
Бірлескен ойын арқылы ата-ана мен бала арасындағы байланыс нығая түседі.
Тәрбиелік түйін
Күздің кереметі мен байлығы мол. Бұл мезгілде дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністер мен жемістерге толады. Алайда осы байлыққа жету үшін еңбек ету керек.
Хормен
Барлығымыз табиғатты сүйеміз,
Үлкендердің сөзін ойға түйеміз.
Денсаулықты әрқашанда сақтап,
Бейбіт өмір баршаңызға тілейміз!
Қорытынды
Құрметті қонақтар, ата-аналар! Осымен «Жомарт күз» атты тәрбиелік іс-шарамыз аяқталды. Сіздерге денсаулық, қуаныш, бақыт тілейміз!
Алтын уақыттарыңызды бөліп, іс-шарамызға келіп тамашалағандарыңыз үшін мың да бір алғыс айтамыз. Қош сау болыңыздар!