Дәрігердің еңбегі қалай
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Экология негіздері
Тақырыбы: Мамандықтар
Мақсаты
Балалардың мамандық туралы түсінігін кеңейту, әртүрлі еңбек түрлерінің қоғамдағы маңызын ұғындыру.
Міндеттері
- Білімділік: дәрігер, тәрбиеші, аспаз, құрылысшы, ғарышкер, жүргізуші сияқты мамандықтармен таныстыру; олардың еңбегін көрсету; қызығушылықты арттыру.
- Дамытушылық: шығармашылықты дамыту, дүниетанымды жан-жақты кеңейту.
- Тәрбиелік: еңбекке құрметпен қарауға, мамандардың еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Құралдар мен тәсілдер
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, слайдтар, мамандықтар туралы бейнематериалдар; дәрігер, тәрбиеші, құрылысшы, аспаз, ғарышкер, жүргізуші, тігінші бейнелері.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын ұйымдастыру, бағалау және мадақтау.
Билингвалды компонент
Негізгі сөздер мен аудармалары
Қаз → Рус
мамандықтар — профессии
Қаз → Рус
дәрігер — доктор
Қаз → Рус
аспаз — повар
Қаз → Рус
құрылысшы — строитель
Қаз → Рус
ғарышкер — космонавт
Қаз → Рус
тәрбиеші — воспитатель
Мотивациялық кезең
Таңғы шеңбер
Балалар, бүгін ерекше күн! Әуен қосылып, «Ғажайыпстанға саяхат» басталады.
Тобымызға қонақтар келді. Қане, қонақтармен амандасайық!
Күнтізбелік сұрақтар
- Қазір қай мезгіл?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Бүгінгі күн: 16 мамыр.
- Бір аптада неше күн бар? Бүгін аптаның қай күні?
Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше: сабақ тікелей эфир форматында өтеді. Хабарласу үшін телефон нөмірі экранда көрсетіледі.
Өткен тақырыпқа шолу
Қайталау
«Қызыл қоңыз» тақырыбы бойынша сұрақтар қойылып, балалардың жауаптары тыңдалады.
Жарайсыңдар!
Көрермен қоңырауы
Балаларға қоңырау түседі: көрермен сұрақ қойып, сурет жібереді. Сұраққа бірге жауап береміз.
Негізгі бөлім: «Мамандықтар»
Суретпен жұмыс
Суреттен нені көріп тұрсыңдар? Дұрыс, бұлар — мамандық иелері. Мамандықты меңгерген адамдарды осылай атаймыз.
Бейнеролик
Әли мен Айя мамандық иелері туралы бейнеролик көрсетіледі.
Бұл мамандар арнайы оқу орнын аяқтап, еңбек етеді. Қоғамға барлық мамандықтар қажет.
Талқылау сұрақтары
- Құрылысшы не істейді?
- Дәрігердің еңбегі қандай?
- Аспаз қандай жұмыс атқарады?
- Тәрбиеші не істейді?
- Жүргізуші туралы не білесің?
- Ғарышкер туралы не айта аласың?
Дәрігермен тікелей телефон арқылы сөйлесу ұйымдастырылады. Сондай-ақ ғарышкер туралы бейнеролик көрсетіледі.
Қорытынды: барлық мамандықтар өте қажет.
Сергіту сәті
«Мен ғарышкер боламын»
Арманы бар бір ғана,
Талабы зор баламын.
Шынығумен шыңдала,
Тез-ақ өсіп толамын.
Жұлдыздарды жағалай,
Айға барып қонамын.
Тұңғыш Тоқтар ағадай,
Мен ғарышкер боламын!
Мен ғарышкер боламын!
Сұрақтар мен жұмбақтар
Балалар, электрондық поштамызға келген хаттармен танысайық. Қойылған сұрақтарға жауап берейік.
Жұмбақтар
Сауықтырар сырқатты,
Жылы үнмен тіл қатты.
Жауабы: Дәрігер
Қалпағы ақ, қарасаң,
Дәрігер емес, бірақ ол.
Дәм мәзірін қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол.
Жауабы: Аспаз
Дидактикалық ойын
«Мамандық иелерінің құралдары»
Тапсырма: әр мамандық иесіне тән құралды тауып, дұрыс орналастыр.
- Дәрігер: дәрі қобдишасы, стетоскоп
- Аспаз: қалақша, қазан, пышақ
- Құрылысшы: каска, балға, кірпіш
- Жүргізуші: рөл, жол белгілері
- Тәрбиеші: кітап, ойын материалдары
- Ғарышкер: скафандр, ғарыш кемесі
Ескерту: құралдар тізімі ойын мазмұнына сай өзгертілуі мүмкін.
Рефлексия және түзету
Бүгін біз көптеген мамандық иелерінің еңбегімен таныстық. Енді әрқайсың өскенде кім болғың келетінін айта аласың.
«Арман гүлі»
Әр бала өзі таңдаған мамандықтың суретін «Арман гүліне» іледі. Осылайша армандарымызды бірге көрнекі түрде жинақтаймыз.
Қорытынды және мадақтау
Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар: ойынды қызығып ойнадыңдар, жұмбақтарды дұрыс шештіңдер.
Қоштасу өлеңі
Шеңбер болып тұрайық,
Маман болып шығайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!
Күтілетін нәтиже
Білу керек
Мамандық иелерін ажырата білу.
Игереді
Сұрақтарға дұрыс жауап беру, тапсырмаларды талапқа сай орындау.
Біледі
«Мен өскенде кім боламын?» сұрағына өз ойын жеткізіп жауап бере алу.
Толық нұсқасын жүктеу