Тіл үйірмелер жұмысы
Жазғы мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің жұмыс есебі
Ұлттық болмыс пен халықтық ұғымдарды шәкірт бойына дарытуда отбасы мен ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиелік шараларына қойылар талап күшейе түсті. Мектеп — білім берумен қатар, тағылымды тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының шеберлігімен ұштасқанда, кез келген шара шәкірттің ішкі жан дүниесін жаңартып, рухани азық болып, жарқын құбылыстарға жетелейді.
Ұзақ уақыт бойы оқушылардың ой-санасының өсіп-жетілуі тек білім көрсеткішімен ғана бағаланып келді. Нәтижесінде тамыры тереңге жайылмаған, құнарсыз жерде өскен өсімдік тәрізді, болмысын бойына дарыта алмаған, өз құндылығын бағалай білмеген жас ұрпақ қалыптасты. Мұның салқыны бүкіл ұлт болмысынан да көрініс тапты.
«Бала тәлімі — құрсақтан» деген халық даналығын ескермеген кейбір ата-ана тәлімдік мәні бар даналық сөздер мен өнегелі істерді отбасына жүйелі түрде сіңіре алмады. Осы тұрғыдан алғанда, мектеп пен отбасының бірлескен тәрбиелік жұмысы — бүгінгі күннің өзекті талабы.
Лагерь туралы жалпы мәлімет
- Білім беру ұйымы
- №15 Төрткүл-төбе жалпы орта мектебі
- Оқу жылы
- 2014–2015
- Лагерь атауы
- «Қоңырау» мектеп жанындағы сауықтыру лагері
- Жұмыс тәртібі
- Бекітілген жоспар бойынша екі ауысым
Мақсаты
Лагерьге келген әрбір оқушыны жақсылыққа, адамгершілікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу, сондай-ақ жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалануға үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын қауіпсіз, мазмұнды әрі мағыналы өткізуге жағдай жасау; қауіпсіздік ережелерін меңгерту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру; рухани-мәдени білімін жетілдіру; салт-дәстүрді дамыту; Отансүйгіштік (патриоттық) сезімін арттыру.
Міндеттері
- Балалардың лагерьге уақытылы және толық келуін қадағалау.
- Әр күнді жоспарланған бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу.
- Ойын алаңындағы таңертеңгілік дене жаттығулары мен қимыл-қозғалыс ойындарын бақылауда ұстау.
- Саяхат пен жорық кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске салып, қадағалау.
- Лагерь жағдайында бірыңғай тәртіппен салтанатты жиындар өткізу.
- Сурет және қолөнер тақырыптарында көрме, байқаулар ұйымдастыру арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Ұлттық, логикалық және спорттық ойындар арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.
I ауысымның күнделікті іс-шаралар жоспары
01.06 – 19.06 аралығындағы негізгі іс-шаралар қысқаша түрде төменде берілді.
| Күні | Іс-шаралар |
|---|---|
| 01.06 | Балаларды қорғау күні: «Демаламыз, күлеміз. Көңілді жазды сүйеміз»; танысу мерекесіне дайындық және өткізу; лагердің салтанатты ашылуы; «Бақытты балалық шақ!» тақырыбында асфальтта сурет салу байқауы. |
| 02.06 | «Қазақстан — армандар орындалатын ел» зияткерлік ойын бағдарламасы; «Жолаушы, жол ережесін сақтайық»; тіл үйірмелерінің жұмысы. |
| 03.06 | «Сен дәстүрді білесің бе?» викториналық сұрақтар сайысы; Денсаулық күні: медбикемен әңгіме. |
| 04.06 | Мемлекеттік рәміздер күні; тіл үйірмелерінің жұмысы; үйірмелерге қатысу. |
| 05.06 | «Астана тарихы — менің тарихым»: «Уақыт машинасымен» (бұрынғы Астана) тақырыбындағы зияткерлік ойын. |
| 08.06 | Қозғалыс ойындары және спорт сағаты; «Қазақстан — алтын бесігім» патриоттық ойыны; үйірмелерге қатысу. |
| 09.06 | Қимыл ойындары: спорттық сағат; «Ертегілер еліне саяхат» ойын-сабақ; «Музыка бізді біріктірді» үйірмесіне бару. |
| 10.06 | «Кел, билейік!» сайыстық би бағдарламасы; математика үйірмелеріне қатысу. |
| 11.06 | Қимыл-қозғалыс ойындары; «Алтын қақпа» зияткерлік ойыны; тіл үйірмелерінің жұмысы. |
| 12.06 | Қимыл-қозғалыс ойындары және спорт сағаты; «Біздің отбасымыз» тақырыбында шығарма жазу; тіл үйірмелерінің жұмысы. |
| 15.06 | Қозғалыс ойындары және спорт сағаты; «Екі жұлдыз» музыка сағаты; математика үйірмесі. |
| 16.06 | Қозғалыс ойындары және спорт сағаты; «Денсаулық — зор байлық» тақырыбында балалар дәрігерімен әңгіме. |
| 17.06 | «Кім күшті?» спорт сағаты; «Әуенді тап» музыкалық сағат; тіл үйірмелерінің жұмысы. |
| 18.06 | «Сен және жол» спорт сағаты; «Менің ауылым» тақырыбында шығарма жазу; математика үйірмесі. |
| 19.06 | «Көңілді старт» спорт сағаты; би кеші; марапаттау; алғашқы ауысымның жабылуы. |
Қорытынды
Жазғы мектеп жанындағы «Қоңырау» сауықтыру лагері бекітілген жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, балалардың демалысын мазмұнды өткізуге, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, ұлттық құндылықтар мен патриоттық тәрбиені нығайтуға бағытталған жүйелі іс-шаралармен қамтылды.