Қол сөзінің мағынасын түсіндіру

Сабақ тақырыбы: Әбілмансұр

Пәні

Әдебиеттік оқу, 3-сынып

Көрнекіліктер

  • Абылай ханның суреті
  • Төле бидің суреті

Әдіс-тәсілдер

  • Әңгімелеу, баяндау
  • Сұрақ-жауап
  • Топтастыру
  • «Кезбе тілші» әдісі

Сабақтың мақсаттары

Білімдік

Оқушыларды жоңғар шапқыншылығы кезеңінде ерлігімен танылған қазақ ханы Абылаймен таныстыру, оның ерлігін үлгі ету.

Дамытушылық

Оқушылардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, ой қорыту және пікір айту дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттық сезімге баулу, жауапкершілік пен ынтымақтастықты қалыптастыру.

Негізгі тұлға: Абылай хан (Әбілмансұр)

Абылай ханның шын аты — Әбілмансұр. Ол (1711–1781) — қазақ ханы, батыл қолбасшы, әрі шешендігімен танылған тарихи тұлға. 15 жасында жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен.

Абылай хан тек қолбасшы ғана емес, арқалы күйші ретінде де белгілі. Оның «Қара жорға», «Шаңды жорық», «Қайран елім» сияқты күйлері бар. Үш жүздің басын қосып, елдің күшін біріктіруде де Абылай ханның рөлі зор болды.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • «Шаттық шеңбері»: бір-біріне жылы тілек айту.
  • Жеміс суреттері бойынша топқа бөлу: алма, алмұрт, жүзім.
  • Топ атауларын нақтылау: Алғырлар, Тапқырлар, Зеректер.

Үй тапсырмасын тексеру

  • «Шал мен бала» мәтінін әр топтан бір оқушы шығып мазмұндайды.
  • Қысқаша сұрақ-жауап арқылы түсінгенін нақтылау.

Ой қозғау

Әр топқа Абылай ханның суреті және қысқаша мәлімет жазылған парақ таратылады. Оқушылар деректерді іріктеп, негізгі ойды анықтайды.

Мәтінмен жұмыс

Мәтін 3 бөлікке бөлініп, 3 топқа оқытылады. Топ ішінде талқыланып, әр топтан бір оқушы шығып өз түсінігін баяндайды.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың зейіні жаңартылады. Одан кейін мәтін толықтай іштей оқылады.

Сөздік жұмысы: «Қол» сөзі

Мағынасы

Бұл мәтінде «қол» сөзі әскер деген мағынада қолданылады.

Оқушылардан «қол» сөзінің басқа мағыналарын атау сұралады және әр топ өз мысалдарын ұсынады.

Сөйлем құрастыру (үлгі)

  • Қазақта қол бастаған батырлар көп.
  • Абылай қалың қолмен жауға шапты.
  • Әр топ «қол» сөзі бар тағы бір сөйлем құрастырады.

Қорытынды: «Кезбе тілші» әдісі

Сыныптан бір оқушы «тілші» рөлін алып, қалған оқушыларға сұрақ қояды. Сұхбат үлгісі: «Сәлематсыз ба? Мен тілші едім. Сізге сұрақ қоюыма бола ма?»

Сұрақтар

  • Әбілмансұр қайда сұранды?
  • Әбілмансұр кімнен бата алды?
  • Шарышпен айқаста Әбілмансұр қандай ұран салды? Себебін түсіндір.
  • Әбілмәмбет хан қандай шешімге келді?
  • Абылай хан туралы қандай кино көрдің?

Бағалау

Сабақ соңында топтардың жұмысы талданып, белсенділік, дәлелді жауап, ынтымақтастық деңгейі бойынша қорытынды баға қойылады.

Нәтиже:

Қай топтың жақсы жұмыс жасағаны атап өтіледі.

Үй тапсырмасы

Оқу және мазмұндау

Мәтінді оқу және мазмұндау.

Шығармашылық тапсырма

Әңгіменің басталуын өз ойыңмен толықтыр.