Жаңа материалға дайындық бөлімі
Сабақ туралы мәлімет
Сынып
5-сынып
Тақырып
Шеңбер және дөңгелек
Сабақтың түрі
Дәстүрлі
Сабақтың типі
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Шеңбер және дөңгелек ұғымдарын түсіндіру.
- Шеңбердің негізгі элементтерімен таныстыру.
- Шеңберді дөңгелектен ажырата білуге үйрету.
- Диаметр мен радиус арасындағы қатынасты есептер шығаруда тиімді қолдануға үйрету.
Дамытушылық
- Математикалық сауаттылықты арттыру.
- Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
- Еңбекқорлыққа және мақсатқа жетуге тәрбиелеу.
- Отансүйгіштікке баулу.
Оқыту тәсілдері мен ресурстар
Әдіс-тәсілдер
- Баяндау
- Сұрақ-жауап
- Практикалық жұмыс
Педагогикалық технология
- Деңгейлеп-саралап оқытудың элементтері
- Сұрақ-жауап арқылы бекіту
Оқыту формасы
- Ұжымдық жұмыс
- Даралап оқыту
Құрал-жабдықтар
- Оқулық, интерактивті тақта
- Дидактикалық материалдар, циркуль
- Бейнепроектор
Көрнекіліктер
Сабақтың барысы
-
I. Ұйымдастыру бөлімі
Сыныптың дайындығын тексеру, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
-
II. Үй жұмысын тексеру
Алдыңғы тақырып бойынша тапсырмаларды талдау.
-
III. Жаңа материалға дайындық
Бастапқы сұрақтар мен өмірлік мысалдар арқылы қызығушылық ояту.
-
IV. Жаңа материалды меңгерту
Шеңбер, дөңгелек және олардың элементтерін түсіндіру.
-
V. Оқулықпен жұмыс. Есептер шығару
Ережені қолдану, есептер арқылы бекіту.
-
VI. Үй тапсырмасын беру
Келесі сабаққа дайындық тапсырмаларын түсіндіру.
-
VII. «Кім жылдам?»
Қысқа уақыт ішінде орындалатын тапсырмалар арқылы пысықтау.
-
VIII. Қорытынды
Негізгі ұғымдарды қайталау, кері байланыс және бағалау.
Үй жұмысын тексеру: есептер
№376. Теңдеуді шешіңдер
(x + 16) · 5 = 95
-
1)
(x + 16) · 5 = 95
-
2)
x + 16 = 95 ÷ 5
-
3)
x + 16 = 19
-
4)
x = 19 − 16
-
5)
x = 3
№381. Өрнектерді ықшамдаңдар
1)
3(x + y) + 4(x + 5)
= 3x + 3y + 4x + 20
= 7x + 3y + 20
2)
2(3x + 4) + 6(3 + x)
= 6x + 8 + 18 + 6x
= 12x + 26
3)
8(2 + x) + 3(7 + 4x)
= 16 + 8x + 21 + 12x
= 37 + 20x
4)
9(x + 5) + 4(3 + 2x)
= 9x + 45 + 12 + 8x
= 17x + 57