Желдеткішті күту ережелері

Модульдік жүйе бойынша сабақ жоспары

Пән атауы

Компьютерлік техниканы аппараттық қамтамасыз ету

Сабақтың тақырыбы

Желдеткіш (кулер) және оған қызмет көрсету

Сабақтың түрі

Теориялық сабақ

Мақсаты

  • Жүйелік блок ішіндегі желдеткіш туралы мәлімет беру, желдеткіш түрлерімен және олардың міндеттерімен таныстыру; жүйелік блок ішіндегі құрылғылар туралы түсінікті кеңейту.
  • Желдеткіш туралы алған білімді тәжірибеде қолдануға дағдыландыру, мамандыққа қызығушылықты арттыру.
  • Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, компьютермен ұқыпты әрі таза жұмыс істеуге, жауапкершілік пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті

Жүйелік блоктың ішкі құрылғыларының бірі — желдеткіш туралы білім беру және білім алушылардың ой-өрісін кеңейту.

Күтілетін нәтиже

Білім алушылар желдеткіштің түрлері мен қызметін, маркаларын, негізгі параметрлерін және күтім жасау ережелерін біледі.

Әдістер мен ресурстар

Оқыту әдістері мен тәсілдері

  • АКТ, СТО технологиялары
  • Миға шабуыл, «Ойымды аяқта»
  • Дәріс, сұрақ-жауап, ой-толқы, техникалық диктант

Қажетті құрал-жабдықтар

  • Компьютер, интербелсенді тақта, бейнеролик, интернет желісі
  • ТҚ қалқаны, алғашқы көмек көрсету бұрышы және т.б.

Қосымша әдебиет

Д. Ғабдуллаев. Есептеуіш техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету, Фолиант, 2016.

Сабақ жоспарының мазмұны

1-кезең

Ұйымдастыру

Сәлемдесу, түгендеу, білім алушылардың назарын аудару (желдеткіш дыбысын қосу арқылы).

2-кезең

Үй тапсырмасын тексеру

  • «Миға шабуыл» әдісі: экранда көрсетілген құрылғылардың қызметін айту.
  • Электрондық оқулықпен жұмыс.

3-кезең

Негізгі кезеңге дайындау

Кабинеттегі тақырыпқа байланысты құрылғыларды көк түсті шармен белгілеп, сабақтың тақырыбын анықтау.

4-кезең

Жаңа білімді қалыптастыру

  1. Желдеткіш (кулер) және оның қызметі
  2. Желдеткіштің түрлері
  3. Желдеткіштердің бір-бірінен айырмашылықтары
  4. Желдеткішті күту ережелері

5-кезең

Алғашқы түсінікті тексеру

  • Жеке жұмыс: тақырып бойынша алдын ала дайындалған білім алушыға сөз беру.
  • Желдеткіш туралы бейнеролик көрсету.

6-кезең

Бекіту

Экрандағы сурет бойынша жүйелік блокта неше желдеткіш орналасқанын анықтау.

7-кезең

Білімді қолдану («Ойымды аяқта»)

Сатып алу кезінде

Мен желдеткішті сатып аларда мына параметрлерге көңіл бөлер едім:

Тазарту үшін

Компьютерімдегі желдеткішті тазарту үшін маған мына заттар қажет:

Қызып кетудің алдын алу

Компьютерді сағат сайын өшіріп, суытып тұру:

Ноутбуктегі желдеткіш

Ноутбукте желдеткіш:

Орнату кезінде

Желдеткішті орнату үшін маған мына май қажет:

8-кезең

Жалпылау және жүйелеу

Желдеткіш туралы ой-пікірлерін тыңдау, негізгі қорытындыларды жүйелеу.

9–10-кезең

Бақылау және түзету (техникалық диктант)

Білімді бақылау және өзара бақылау үшін техникалық диктант орындалады. Кейін жіберілген қателер талданып, түсіндірме беріледі.

Диктант мәтіні (толықтыруға арналған)

Желдеткіш — күшінің әсерінен айналып тұратын механизм. Ол компьютердің ішкі құрылғыларын , жүйелік блоктан немесе қоректену жүйесінен ауаны шығару қызметін атқарады.

Желдеткіштің негізгі орналасу орындары: , , .

Желдеткіштер бір-бірінен мына параметрлер арқылы ерекшеленеді: , , , .

11-кезең

Қорытындылау және рефлексия («Білім сатысы»)

1-саты

Мен дұрыс түсінбедім.

2-саты

Мен түсіндім, әлі де ізденемін.

3-саты

Мен қолдана аламын.

Сабақтан алған әсерлерін стикерлер арқылы білдіру.

12-кезең

Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасын хабарлау, білім алушылардың жұмысын бағалау.

Талдықорған гуманитарлық техникалық колледжінің 1 санатты информатика пәнінің оқытушысы

Бюлюкеева Айнұр Маратқызы