Жігіт сұлтаны атты сайысымызға қош келдіңіздер
Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны»
Сыныбы
5-сынып (сынып сағаты, сайыс)
Көрнекіліктер
- Қанатты сөздер
- Мақал-мәтелдер
- Интерактивті тақта
Мақсаты
- Ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерін, өнері мен білімін көпшілікке таныту
- Сахна мәдениетін қалыптастыру, өзін ұстауды үйрету
- Өзара сыпайы сөйлесуге баулу
- Әдептілік пен көркемдікке тәрбиелеу
Бағдарлама
- I Таныстыру
- II Сұрақ-жауап
- III Күш сынасу
- IV Мақал-мәтел сайысы
- V Өнер сайысы
- VI Қолөнер сайысы
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар мен оқушылар! 5-сынып ұйымдастырған «Жігіт сұлтаны» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгін күш сынасып, өнерін көрсететін сайыскерлерімізді ортаға қошеметпен шақырамыз.
Енді сайыскерлерімізге әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырамыз.
Таныстыру бөлімі: «Сәлем — сөздің айнасы» демекші, әр сайыскер өзі туралы қысқаша мәлімет береді. Таныстыру өлеңмен, әуенмен немесе аспаппен орындалуы мүмкін — сайыскердің қалауы бойынша.
Жігіттер, білім менен білек күшін,
Салыстырып көрелік бәріңіздің.
«Жігіттер сұлтаны» деп аталатын,
Ең ақылды ұстасын жеңіс туын!
I бөлім — Таныстыру
Нұрбол
Қош келдіңдер бәрің де бұл сайысқа,
Көрсетейік өнерді бұл жарыста.
«Жігіттің сұлтаны» деп бақ сынасып,
Келіп тұр құрдасым, достарым да.
Нұрбол атты есімім, танып алғын,
Жарқырап ұшқын шашқан от жанарым.
Қолдан бермес намысты елдің ұлы —
Адайдың бір баласы мен боламын.
Әкем — Сатыбаев Бисен, ақылшым,
Анам — Мұқашева Талшын.
Екеуі де мейірімді асыл жан,
Тәрбиелеп өсірген ата-анам.
Исабек
Қыран құстай қанатымды жаяйын,
Білім-өнер көліне мен қонайын.
Мен сияқты қара қазақ баласын,
Қарсы алыңдар, уа, жамағат, ағайын!
Атым — Амангелді Исабек,
Руым — Жайықберіш.
5-сыныпта білім алып,
Ел намысын қорғауға мен жарадым.
Әкем — Қабдолұлы Жәнібек,
Анам — Ағилаш.
Аман-есен жүре берші алдымда,
Тілеуіңді қабыл алшы балаңның.
Диас
Ассалаумағалейкум, жарқын далам!
Алдарыңда Диас атты батыр балаң.
Мирамғали — тегімін, руым — Адай,
Тілеуімді бере гөр, ата-бабам!
5 «В» сыныбынан шығып тұрмын,
Абыройын қорғауға тырысып біз.
Қуандықтай күйшіміз бар ортамызда,
Келіп тұр Ахметхандай суретшіміз.
Би билесе, Әсем де мың бұралып,
Он саусағы майысады, сан құбылып.
Шетінен өнерліміз, әнге құмар,
Келеміз жеңіс туын биік ұстап.
Құйылып өнер атты сағасына,
Жыр менен білім толды бір басыма.
Жеті қырлы, бір сырлы өнерлімін,
Өнерлі, шетінен — құрдасым да.
Атабек
Ал, халқым, көз салыңдар маған да бір —
Өнерім ішке сыймай бара жатыр.
Танып ал Атабек дей ұлыңды,
Ағытып қалайықшы жырымызды.
Қош келдіңдер баршамыз тойымызға,
Білім мен өнер тамған бойымызға.
5 «В» сыныбынан шығып тұрмын,
«Ақ желкен» деп аталады тобымыз да.
Адайдың бір баласы — Атабекпін,
Қастерлеймін қазақтың дәстүр-салтын.
Әкем — Дәуіт, анам — Гүлжан,
5 «В» сыныбында оқып жатырмын.
Болса да жасымыз бір, бойымыз да,
Жеңіске жету — біздің ойымызда.
Жібермейді намысты біздің сынып,
Ән шырқайық, би билеп тойымызда!
II бөлім — Сұрақ-жауап
Бұл бөлімде сайыскерлер салт-дәстүрлерге қатысты сұрақтарға жауап береді және мақал-мәтелдердің жалғасын табады.
1-сұрақ
Тұсаукесер деген не?
Мақалды жалғастыр:
«Ата көрген тон пішер, …»
2-сұрақ
Шілдехана деген не?
Мақалды жалғастыр:
«Жаман дос — көлеңке, басыңды бұлт шалса, …»
3-сұрақ
«Жар-жар» қай кезде айтылады?
Мақалды жалғастыр:
«Досы көпті жау алмайды, …»
4-сұрақ
Сыңсу деген не?
Мақалды жалғастыр:
«… Білімсіз күнің жоқ.»
5-сұрақ
Қоштасу деген не?
Мақалды жалғастыр:
«Анасын сыйламаған, …»
III бөлім — Күш сынасу
Бұл кезеңде сайыскерлер білек күшін сынап, шапшаңдық пен төзімділігін көрсетеді.
IV бөлім — Мақал-мәтел сайысы
Сайыс барысында оқушылар мақал-мәтелдердің мәнін ашып, жалғасын тауып, сөз мәдениетін танытады.
V бөлім — Өнер сайысы
«Жігітке жеті өнер де аз» дейді халқымыз. Бұл бөлімде сайыскерлер бойындағы өнерін ортаға салады.
Нұрболдың өнері
Нұрбол «Анашым» әнін орындайды. Қарсы алыңыздар!
Қорытынды
Осымен «Жігіт сұлтаны» сайысы өз мәресіне жетті. Әділқазылар алқасы, сөз кезегі өздеріңізде.