Жұмбақтың шешуі

І. Қызығушылықты ояту

Тәрбиеші балаларды «Шаттық шеңберіне» шақырады. Балалар бір-біріне және келген қонақтарға таңғы тілектерін жолдайды.

1) «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы

Балалар «Менің көшем» тақырыбында қысқа әңгіме құрастырады. Тәрбиеші балалардың әңгімесіне сәйкес суреттерді тақтаға іліп отырады.

2) Жұмбақ

Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақта?

Шешуі: Бағдаршам

Осыдан кейін балалар «Бағдаршам» ойынын ойнайды. Ойын басталмас бұрын ескерту белгілері қайталанады, өйткені ойын барысында жол белгілері жиі кездеседі.

ІІ. Мағынаны тану

1) «Білемін – Үйрендім – Үйренгім келеді» стратегиясы

Балалар тақырып бойынша не білетінін айтады, сабақ барысында нені үйренгенін және тағы нені білгісі келетінін нақтылайды.

2) Суретпен жұмыс

Балалар бағдаршамның жол ережесіне қатысты шамдарын бояп, әр түстің мағынасын қайталайды.

3) Бой сергіту жаттығулары

Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба!

4) «Жол тәртібін білесің бе?» түсіндіру жұмысы

  • Қалада көлік қозғалысы көп болғанымен, тәртіп сақталса, бір-біріне кедергі келтірмейді. Бұл — жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол ережесін дұрыс сақтауына байланысты.
  • Егер бағдаршам болмаса, қозғалысты реттейтін жол сақшысының нұсқауына бағыну қажет.
  • Көшені кесіп өтерде мұқият болу — ең басты қауіпсіздік талабы.
  • Жолдан тек жаяу жүргіншіге арналған ақ жолақ (зебра) арқылы өту керек.
  • Көліктің артына жармасу — адам өміріне өте қауіпті әрекет.

5) Бес жолды өлең құрастыру

Тақырып: «Бағдаршам». Балалар бес жолды өлең (синквейн) құрастырады.

6) Қауіпсіздік мектебі: есте сақтайтын кеңес

Балалар «Рұқсат жоқ!» белгісінің мағынасын талқылап, белгі суретін бояйды.

ІІІ. Ой толғаныс

Кубизм стратегиясы бойынша тәрбиеші текшенің алты қырына сұрақтар жазып, балалардың бүгінгі алған білімін тексеріп, қорытынды жасайды.

Талқылау сұрақтары

  1. Жаяу жүргінші жолда қандай белгі немесе жолақпен жүруі керек?
  2. Жолаушы қоғамдық көлікпен жүрген кезде қай жерден түсуі қажет?
  3. Қандай көлік түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығында жүруге рұқсат етіледі?
  4. Егер адам кенеттен ауырып қалса, сен қандай көмек көрсетер едің?
  5. Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда адамдар қандай көмек көрсетуі керек деп ойлайсың?
  6. Бағдаршам шамдары сөніп қалған кезде жол қозғалысын кім реттейді?

Қорытынды және мадақтау

Тәрбиеші оқу іс-әрекетіне белсенді қатысқан балаларды мадақтап, естелік ретінде жол белгілерін таратады.