Төрт ана өлеңінің авторы кім

БҚО, Шыңғырлау ауданы • А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

Математика және информатика пәні мұғалімі: Жекенова Акмарал Канатбаевна

Тақырыбы: «Ару қыздар» байқауы

Мақсаты

  • Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері — имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік — негізінде тәрбиелеу.
  • Әр қыз баланы парасатты, жан-жақты білімді болуға, әсемдік пен сұлулық әлемін түсінуге баулу; табиғат сыйлаған қабілеттерінің ашылуына көмектесу.

Қатысу тәртібі

Әр сыныптан бір үміткер қатысады.

Байқау көктемнің ең алғашқы мерекелерінің бірі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні аясында ұйымдастырылады.

Байқау кезеңдері

Қазақ қызы дегенде — ашық мінез бен ұяңдықты, әдеп пен инабатты қатар ұстанған көркем бейне елестейді. Сол әдепті де мейірімді, өнегелі аруларымыз өз өнерін ортаға салады.

  1. I кезең — «Мен қазақтың қызымын» (таныстыру)

    Қатысушылар өздерін осы тіркеспен бастап, өлең, ән арқылы таныстырады.

  2. II кезең — «Қыз еркем — кестесімен көркем» (ісмерлік)

    Әр ару өз қолынан келетін қолөнер бұйымын көрсетіп, жасалу жолын қысқаша түсіндіреді.

  3. III кезең — «Қызды тәрбиелеген — ұлтты тәрбиелейді» (даналық сөздер)

    Қыз тәрбиесіне қатысты мақал-мәтелдер мен қанатты сөздердің мағынасы ашылады.

  4. IV кезең — «Өнер»

    Ән айту, би билеу, күй тарту сияқты өнер түрлері бойынша өнер көрсету.

  5. V кезең — «Сұлулық сыры» (сән және шаш үлгісі)

    Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін таныстыру.

  6. VI кезең — «Зерделінің ойы озық» (лезде сұрақ)

    Әр қатысушыға 10 сұрақ қойылады. 1 минут ішінде жауап береді. Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.

Қазылар алқасы

  • Тайпақова С.М.

    Мектеп директоры

  • Айтжанова З.Е.

    Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

  • Қалмағамбетов А.Е.

    Кәсіподақ комитетінің төрағасы

  • Табимбаева М.И.

    Технология пәні мұғалімі

  • Байқатов А.М.

    Бейнелеу өнері пәні мұғалімі

III кезең мазмұны: даналық сөздердің мәні

1) «Қыздың жиған жүгіндей»

Бұл теңеу қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, ішкі-сыртқы сымбаттылығын меңзейді.

2) «Қыз өссе — елдің көркі, гүл өссе — жердің көркі»

Қыз — әдемілік пен жан-жақты сұлулықтың символы. Халық қыз баланың әдептілігіне мән беріп, жүрегіне жылылық ұялату арқылы тәрбиелеген.

3) «Қызға қырық үйден тыйым»

Қыз тәрбиесіне тек ата-ана емес, ауыл-аймақ, көрші-қолаң, ағайын-туыс болып жауапкершілікпен қараған.

4) «Біреудің ала жібін аттама»

Өтірік, ұрлық, қатыгездік, қулық сияқты жат қылықтардан сақтандырып, адалдыққа баулыған.

5) «Шеше көрген тон пішер»

Қыз балаға ерте жастан үй шаруасы мен қолөнерге икем үйреткен. Бұл сөз ана тәрбиесінің ықпалын, үлгінің маңызын айқындайды.

6) «Қыз жат жұртқа жаратылған»

Қыздарды еңбекке баулып, тұрмысқа қажет істерді үйрету арқылы жауапкершілікке тәрбиелеген, болашақ отбасына психологиялық тұрғыдан дайындаған.

7) «Қызым — үйде, қылығы — түзде»

Қыз баланың көпшілік ортадағы мінез-құлқына мән беріп, сыпайылыққа, жарасымды қарым-қатынасқа үйреткен; дөрекілік пен әдепсіздіктен тыйған.

VI кезең: лезде сұрақтар (үлгі)

Төмендегі сұрақтар — «Зерделінің ойы озық» кезеңіне арналған үлгі тапсырмалар. Әр қатысушыға 10 сұрақтан беріледі.

1-ші аруға

  1. Қозы Көрпештің серігі кім? (Баян сұлу)
  2. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)
  3. Еттен жасалатын тағам атаңыз. (Бесбармақ)
  4. Қазақстанның Президенті кім? (Н. Назарбаев)
  5. «Қазақстанның бұлбұлы» атанған әнші анамыз? (Б. Төлегенова)
  6. Абай Құнанбайұлының анасы кім? (Ұлжан)
  7. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам. (Ұстаз)
  8. «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз…» кімнің өлеңі? (Мұқағали)
  9. Қошақанның анасы? (Қой)
  10. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз.

2-ші аруға

  1. Төлегеннің серігі кім? (Жібек)
  2. Ананың сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа)
  3. Сүттен жасалатын тағам атаңыз. (Айран, ірімшік, қаймақ т.б.)
  4. Аллада не жоқ? (Бауыр)
  5. Қазақстанның әйгілі ақыны, әрі жерлес анамыз? (А. Бақтыгереева)
  6. Әйгілі күйші анамыз? (Дина Нүрпейісова)
  7. Науқас адамға көмек беріп, емдейтін маман. (Дәрігер)
  8. Әнші Мадина… (Ералиева)
  9. Тай мен құлынның анасы? (Бие)
  10. Ана туралы бір мақал айтыңыз.

3-ші аруға

  1. Еңліктің серігі кім? (Кебек)
  2. Ананың қызы сізге кім болады? (Әпке)
  3. Қамырдан жасалатын тағам атаңыз. (Бауырсақ, нан)
  4. «Ана тілі — арың» бұл кімнің өлеңі? (Қ. Мырза Әли)
  5. Қазақстандық әйгілі биші анамыз? (Ш. Жиенқұлова)
  6. Абай Құнанбайұлының әжесі кім? (Зере)
  7. Ас әзірлейтін маман. (Аспаз)
  8. Әнші Нағима… (Есқалиева)
  9. Ботаның анасы? (Түйе)
  10. Бала туралы бір мақал айтыңыз.

4-ші аруға

  1. Мойынға тағатын әшекей бұйым. (Алқа)
  2. Апа-сіңлінің балалары. (Бөле)
  3. Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдарын атаңыз. (Сырға, білезік, жүзік, шолпы т.б.)
  4. Ою-өрнектің бір түрін атаңыз. (Қошқар мүйіз т.б.)
  5. Аққуда не жоқ? (Сүт)
  6. Абай Құнанбайұлының анасы кім? (Ұлжан)
  7. «Мен қазақпын» поэмасының авторы. (Ж. Молдағалиев)
  8. Әнші Тамара… (Асар)
  9. Ешкінің төлі? (Лақ)
  10. Қыз туралы бір мақал айтыңыз.

5-ші аруға

  1. Сүттен жасалатын тағамдарды атаңыз. (Қымыз, шұбат, айран, құрт т.б.)
  2. Киелі құс. (Аққу)
  3. Тігінші құралы. (Ине)
  4. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (Мұқағали)
  5. Қазақтың діни мерекелері. (Құрбан айт, Ораза айт)
  6. Тіршілік иелерінің «моторы». (Жүрек)
  7. Көздің суы. (Жас)
  8. Ақ сүт берген аналардың анасы. (Әже)
  9. Қобыландының жары. (Құртқа)
  10. Ең зор байлық. (Денсаулық)

6-шы аруға

  1. Ас атасы. (Нан)
  2. Анаңның бауырлары. (Нағашы)
  3. «Бөбек» қорының президенті кім? (С. Назарбаева)
  4. Жиреншенің әйелі. (Қарашаш)
  5. «Төрт ана» өлеңінің авторы кім? (М. Шаханов)
  6. Киіз үй жиһаздарын атаңыз. (Кебеже, абдыра, тұс киіз, кілем т.б.)
  7. Жарға тұтылатын зат. (Кілем)
  8. Жылқыда не жоқ? (Өт)
  9. Әнші Роза… (Рымбаева)
  10. Тар қонышты, өкшесіз жеңіл аяқ киім. (Мәсі)

Қорытынды ой

Қыз баланы ізетті, инабатты, ісіне көркі сай асыл жан етіп тәрбиелеу — халқымыздың қанына сіңген қасиет. Қызды сыйлау, нәзіктік пен сүйкімділікті, мәдениетті қарым-қатынасты дәріптеу — ұрпақ тәрбиесінің өзегі.

Тілек:

Қыздарымыз апаларының өнегелі істерін бойына дарытып, ата-бабадан қалған салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы болып өссе екен.

Байқау өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға алғыс айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!