Қос жанары мөлдіреп

Мақсаты мен мазмұны

Танымдық

Халықтың тұрмыс-тіршілігіне байланысты киілген әрбір киімнің мәні мен сырын ұғындыру, жадта сақтауға көмектесу және ұлттық ұғымдарды жүйелі мазмұн арқылы жеткізу.

Тәлімдік

Бойжеткендердің ұлттық киім үлгілеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Көрнекілік

  • Қабырға газеттері
  • Ұлттық ұғымдар туралы шиырма
  • Нақыл сөздер жазылған плакаттар

Жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші

Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар, қадірлі көрермендер!

Сіздерді 8-наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Тотыдай таранған,
Алтындай ардақты.
Жібектей созылған,
Мақпалдай масатты.

2-жүргізуші

Сіздерге арналған «Ақ моншақты арулар» атты қыз сынына қош келдіңіздер.

Қарлығаштың қанатындай қиғаш қасты,
Құралайдың көзіндей мөлдіреген.
Раушан гүлдей хош иісті,
Айнадай таза, сәуледей жарқыраған арулар!
Сіздерді көктем мерекесімен тағы да құттықтаймыз.

Ендеше, кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Қыз — елдің көркі

«Қыз өссе — елдің көркі» деп халық айтқандай, қыз баланың әр отбасына ерекше сән беріп отыратыны белгілі.

Қыздар — әрбір үйдің шаңырағы,
Әрбір үйге от болып жағылады.
Әрбір үйде таң болып атады да,
Әрбір үйге сәуле боп жамырады.

Жаны сырлы, жанары таң қыздар-ай,
Сәуле шашқан өмірге нұр қыздар-ай.
Көрік болған көгімде жұлдыздар-ай,
Құдіретпен жаралған жан қыздар-ай.

Аруларымызды қошеметтеп ортаға шақырамыз. Реттік нөмірді білу үшін қазылар алқасының алдынан ақ парақты таңдап, әрқайсысы өз орнына тұруын өтінеміз.

Қатысушыларды таныстыру

Қатысушылар ретімен сахнаға шығып, таныстыруға дайындалады.

Бірінші қыз

Меңгерген бар ілімді.

Екінші қыз

Алады тез тіліңді.

Үшінші қыз

Ағарып таң атқандай.

Төртінші қыз

Қос жанары мөлдіреп.

Бесінші қыз

Бұрымдары желбіреп шығады.

Алтыншы қыз

Бойыңда жоқ бір мін.

Жетінші қыз

Айдай көркем болғаны-ай.

Сегізінші қыз

Төгеді бар өнерді.

Сайыс бөлімдері

1-бөлім: «Мен — қазақ қызымын» (таныстыру)

Қымбатты арулар, сайысымыздың алғашқы бөлімі — өздеріңізді таныстыру. «Мен — қазақ қызымын» дей отырып, әрқайсыңыз өз болмысыңызды, талантыңызды, ұлттық болмысыңызды қысқа да нұсқа жеткізіңіздер.

Қазақ көйлек киемін,
Қос етегі бүрмелі.
Кестелеген жиегін —
Кең даланың гүлдері.

Камзол кием қынай бел,
Толған ою-өрнекке.
«Билесін» деп сұрайды ел,
Өнерімді көрмекке.

(Ә. А. Б. С.)

Қос жанар гауһардай мөлдіреген,
Мін таппайсың жүздерінен күлімдеген.
Кербез басып, мың бұралған аруларым,
Құтты болсын, сәтті болсын қадамдарың!

2-бөлім: Өнер көрсету

Бұл бөлімде қатысушылар өз өнерін ортаға салады: бірі би билеп, бірі ән айтып, бірі мәнерлеп оқып немесе басқа да қабілетін көрсетеді.

Биязы сөзі балдай екен,
Ақ жүзі албыраған таңдай екен.
Қырдағы қызғалдақтай жайнап тұрған,
Инабатты, ибалы қыз қандай екен!

Ал, кімнің өнері бар — қаншалықты?
Бірі би билеп, бірі ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға,
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.

Абырой күнмен жарасқан,
Көкірегінен әсем ән ұшқан.
Талғамы биік заманда,
Атағы кеткен ғаламда —
Елімнің ару қыздары-ай!

Қорытынды ой

Арулар — аяулылар, ардақтылар. Олар — өмірдің жылуы, тіршіліктің күре тамыры, ұрпақ пен ұрпақты жалғап тұрған асыл құндылық.

Арулар — асыл жандар.