Қонақтарды тамсандырып
Тәрбие сағаты: «Өнер әлеміне саяхат»
Бұл ашық тәрбие сағаты оқушыларға өнер ұғымын түсіндіруге, өнерге құштарлық сезімін оятуға, өнерлі адамдардың жетістіктері арқылы қызығушылық қалыптастыруға және эстетикалық талғамды тәрбиелеуге бағытталған.
Сабақ форматы
Саяхат сабақ
Әдіс-тәсілдер
Жекелей және топтық жұмыс, эвристикалық тәсіл, Мюнстернберг әдістемесі
Көрнекілік және құрал-жабдықтар
Слайдтық көрсетілім, буклеттер, қималар, «Чупа-чупс» кәмпиттері, шашу, ата-аналар дайындаған қолөнер бұйымдары, домбыраның сүйемелдеуімен орындалатын күй.
Кіріспе сөз
Сынып жетекшісі оқушылар мен қонақтарды «Өнер әлеміне саяхат» атты ашық тәрбие сағатына қарсы алып, сабақтың мазмұны өнерді тану мен бағалауға құрылатынын атап өтеді.
Блиц-турнир: ширату сұрақтары
- Өнерлі дегеніміз кім?
- Өнердің түрлері бар ма?
- Ауылымызда өнер адамдары бар ма?
1-аялдама: Мұражай
Саяхат басталар алдында сынып жетекшісі жұмбақ сипаттама береді: ішінде көне жәдігерлер сақталған, сол арқылы өткен тарихымызды тануға болатын құнды орын. Оқушылар дұрыс жауап береді — мұражай.
Мұражай — өткен мен бүгінді жалғайтын мәдени кеңістік. Ондағы әр зат халық жадының бір бөлшегі екенін балалар түсінеді.
Ұлттық саз аспаптары
Оқушылар білетін аспаптарды атайды: домбыра, шертер, жетіген, қобыз, сыбызғы, үскірік, сазсырнай, шаңқобыз, даңғыра, дабыл, асатаяқ.
Ойын: «Жалғасын тап»
6 оқушыға «Чупа-чупсқа» жапсырылған мақал-мәтелдердің жартысы жазылған қызыл және жасыл қималар таратылады. Қызыл түстілер — бір топ, жасыл түстілер — бір топ. Топтар мақалдарды жалғастырып айтады.
- 1. Өнерлі — өрге жүзер
- 2. Өнер алды — қызыл тіл
- 3. Өнерлінің — өрісі кең
- 4. Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ
- 5. Өнер — киелі
- 6. Жігітке жеті өнер де аз
2-аялдама: Мәдениет сарайы
Келесі жұмбақтың жауабы — ішінде әнші, ақын, биші, күйші секілді өнерпаздар өнер көрсететін сахнасы бар үлкен үй. Оқушылар: мәдениет сарайы деп жауап береді.
Сынып жетекшісі аудан мен ауылдағы мәдениет үйлерінің барын сұрап, суреттерден тұратын буклетті таныстырады. Сахнада күй орындалып, ән шырқалып, би биленіп, түрлі аспаптарда өнер көрсетілетіні айтылады.
Негізгі ой
Сахна — киелі орын. Ал өнер — адам бойына ата қанымен, ана сүтімен даритын ерекше қасиет: ән айту, күй шерту, сурет салу, қолөнер (тоқу, құрақ тігу, ағаш пен темірден бұйым жасау, ою ою, тігін тігу) және тағы басқа.
Қонақпен жүздесу және концерт бөлігі
Сабаққа ауылдың тума таланты, мәдениет қайраткері, лауреат, көптеген сахналарда өнер көрсетіп жүрген Қыдырмолдин Есмұрат шақырылады. Қонақтың өнерін тамашалап, барша қатысушы әнге қосылады.
Сахналық көрініс
- «Тарбағатай таулары» әні орындалады.
- Ән басында шашу шашылады.
- Ата-аналар әзірлеген қолөнер бұйымдары арнайы үстелге кезекпен қойылады.
- Соңғы қайырмада ұлттық киім киген 3 оқушы ортаға шығып, өнер туралы өлең жолдарын айтады.
1-оқушы
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу-маржан шашайық!
Қонақтарды тамсандырып,
Өнерден шашу шашайық.
2-оқушы
Домбыраны қолға алып,
Терме айтамын толғанып.
Қобыз — аспап киелі,
Оны бәрі сүйеді.
3-оқушы
Сыбызғыны үрлейміз,
Жалқаулықты білмейміз.
Сал күйіңді, домбыра,
Атадан қалған бұл мұра.
Домбыра — дастан, жыр — дастан,
Енді алайын қолыма.
Өнерді сүйген жасынан,
Біз осындай Жас Ұлан!
Білімді бекіту: Мюнстернберг әдісі
Слайдта әріптері шатастырылған тізбек көрсетіледі. Қонақтар мен оқушылар сол әріптердің ішінен өнерге қатысты атауларды тауып, атап айтады. Дұрыс жауап бергендерге кішкентай сувенирлер (киіз үй, домбыра, тақия және т.б.) табысталады.
Әріптер тізбегі (мысал)
хлвәнрпакнлфпекиноалыоимбиымпбюлсуретымюбьяыкүйэжрашсөзщкцнй
Естелік ашықхат
Қонақтарға оқушылар жасаған, суреттері бар ашықхаттар таратылады.
Ортақ ұран: қимылмен айтылатын жолдар
Сынып жетекшісі бастайды, қонақтар мен оқушылар хормен жалғастырады. Әр жол қимыл-қозғалыспен сүйемелденеді.
Ұғымды, ойлы ететін — зерде-зейінің
Екі қолмен басты ұстап көрсету
Сені өрге сүйрейтін — өнер-өрісің
Орныңда айналып көрсету
Тек ілгері бастайтын — талабың
Қолды төмен қарай жайып көрсету
Ешқашан алдамайтын — тапқырлығың
Қолды алға созып, жайып көрсету
Қиындықта сыналатын — қайратың
Қолды жоғары көтеріп көрсету
Бәрінен де күшті — тәртібің мен білімің
Әсем күй ойнап тұрады
Көрме: ата-аналар қолөнері
Қонақтар ата-аналардың үй тапсырмасы ретінде орындап әкелген қолөнер бұйымдарын тамашалайды. Бұл бөлім бала мен ата-ана ынтымақтастығын күшейтіп, еңбектің қадірін ұғындырады.
Қорытынды тілек
Талай-талай баспалдақты аттармыз,
Ата-ананың үмітін де ақтармыз.
Ұстаздардан алған өнер-білімді,
Жадымызда өмір бойы сақтармыз.
Бұл өмірдің лаулаған жалындары,
Бойыңда өнер оты жалындады.
Үлкен өнерпаз боп болашақта,
Болыңдар еліміздің дарындары.
Тәртіпті, білімді болайық! Өнермен бал-бұл жанайық!
Келесі тәрбие сағатымызға дейін аман-сау болайық!