Тік сабақ
Сабақтың тақырыбы
Жапырақ. Жапырақтың қызметі мен түрлері.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: оқушыларды жапырақтың ішкі құрылысымен таныстыру; ішкі құрылым бөліктері мен олардың қызметтерін түсіндіру.
- Дамытушылық: жапырақтың негізгі қызметтеріне тоқталып, маңызын ашып көрсету; меңгерілген білімді пысықтап, бекіту.
- Тәрбиелік: өсімдіктердегі жапырақтың маңызын түсіндіру, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер
Оқулық, плакаттар, суреттер, кестелер, биологиялық диктант.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Сыныптағы қатысымды тексеру (жоқ оқушыларды анықтау).
- Сыныптың сабаққа дайындығын бақылау.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Тақырып: § Сабақтың түрлері мен қызметі.
Биологиялық диктант
Бос орындарды толтырыңыз_____ — өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін байланыстырып тұрады.
Сабаққа _____, жапырақ _____, жеміс _____ бекінеді. _____ сабақ арқылы қозғалады, _____ қатысады.
Тік сабақ — _____ өсімдіктерінде кездеседі.
Жатаған сабақ — өте әлсіз, жұмсақ. Жер бауырлап жатады, _____ болады. Асқабақ, қияр, қауын, қарбыз өсімдіктерінде кездеседі.
_____ — нәзік болғандықтан айналасындағы өсімдіктерге шырмалып өседі, мұртшалары болмайды. _____ өсімдіктерінде кездеседі.
Қабық — сабақтың ең сыртқы қабаты, ол _____ қабаттарынан тұрады. _____ — жас сабақтың сыртын қаптайды, _____ — беріктік, мықтылық қасиет береді, _____ — жасушалары ұзын болып түтікше құрайды, қоректік заттар қозғалады.
Тамырсабақ — жапырақ шығармайтын көпжылдық жер асты өркені. _____ — түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркені.
3) Жаңа сабақты түсіндіру
Қызығушылықты ояту: оқушылар жапырақ туралы білетіндерін қысқаша жазып шығады. Жаңа тақырып суреттер мен тірек-сызбаларды пайдалана отырып түсіндіріледі.
Жапырақ дегеніміз не?
Жапырақ — өсімдіктің өсу мүшесі.
Жапырақтың негізгі қызметтері
- 1 Ауадан көмірқышқыл газын және суды сіңіріп, жарықтың әсерінен органикалық зат түзеді.
- 2 Жасушадағы артық суды буландырады.
- 3 Газ алмасуға қатысады.
- 4 Органикалық заттарды қор ретінде жинайды.
- 5 Көбеюге қатысады.
Жапырақтың сыртқы құрылысы
Жапырақ тақтадан және сағақтан тұрады. Жапырақтың кеңейтілген бөлігі — тақтасы, ал сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі — сағағы деп аталады. Сағағы жоқ жапырақтар сағақсыз жапырақ деп аталады.
Жапырақ тақтасында жүретін үдерістер
- Фотосинтез
- Судың булануы
- Газ алмасу
- Органикалық заттарды қор ретінде жинау
Сағақтың қызметі
- Жапырақты үзіліп, жұлынып қалудан сақтайтын берік тірек болады.
- Жапырақ тақтасын жарыққа қарай бағыттап, бұрып қозғалтады.
- Сабақтан қоректік заттардың жапырақ тақтасына өтуіне мүмкіндік береді.