Диаграммамен жұмыс істеу
Сабақтың тақырыбы
Excel-дің графикалық мүмкіндіктері: диаграммамен жұмыс істеу, редакциялау және форматтау.
Сабақтың мақсаты
- Excel-дің графикалық мүмкіндіктерін қолдана отырып, диаграммамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
- Оқушыларды жан-жақты болуға және өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
- Есте сақтау мен зейін қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылықты арттыру.
Сабақтың форматы
Түрі
Аралас сабақ.
Типі
Практикалық сабақ.
Көрнекілігі
Оқулық, компьютер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс
Математика, қазақ тілі.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
- Әр оқушының өзіне бекітілген компьютермен жұмыс істеуге дайындығын тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау
Қайталау сұрақтары
- 1. Мәтін мен сан енгізудің қандай ерекшеліктері бар?
- 2. Деректерді сақтау және қорғау үшін қандай амалдар орындаймыз?
- 3. Формула қандай символдан басталады?
- 4. Автосумма деген не?
- 5. Жұмыс кестесін автоматты түрде форматтау үшін қандай команданы қолданамыз?
- 6. Жұмыс парағы қанша жолдан және қанша бағаннан тұрады?
- 7. Ұяшыққа сыймайтын үлкен сан енгізілсе, қандай белгі көрінеді?
Оқушылардың білімін бекіту үшін өткен тақырыптар бойынша қысқа тест тапсырмалары орындалады.
Тест тапсырмалары
Таңдау сұрақтары
1) Электронды кесте бұл…
- A) Қандай да бір шын өмірдегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиыны.
- Б) Сандық кестелермен жұмыс істейтін бағдарлама.
- В) Шын өмірдегі объектілерден тұратын массив.
2) Электрондық кестеде қандай функциялармен жұмыс істеуге болады?
- A) Математикалық
- Б) Қаржылық
- В) Статистикалық
- Г) Логикалық
- Е) Химиялық
3) MS Excel-де кестенің жеке ұяшығын көрсететін, жол нөмірі мен баған атауын білдіретін ұғым — …
- A) Есептеу нәтижесі
- Б) Ұяшыққа енгізілген формула
- В) Ұяшық адресі
4) MS Excel құжаты … болып табылады.
- A) Атауы .xls түріндегі ерікті кеңейтілулі файл
- Б) Атауы .dos түріндегі ерікті кеңейтілулі файл
- В) Атауы .mdb түріндегі ерікті кеңейтілулі файл
5) MS Excel кестесіндегі қатарлар саны қанша?
- A) 1-ден 6536-ға дейін
- Б) 1-ден 65536-ға дейін
- В) 65536
6) MS Excel кестесіндегі бағаналар саны қанша?
- A) 256
- Б) 1-ден 255-ке дейін
- В) 65536
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Кестедегі ақпаратты тек сандар мен мәтін түрінде ғана емес, одан да түсінікті әрі көрнекі графиктік форматта ұсынуға болады. Ол үшін Excel бағдарламасының арнайы мүмкіндігі — Диаграмма шеберін (Chart Wizard) қолданамыз.
Диаграмманы күнделікті өмірде жиі кездестіреміз. Енді сол диаграммаларды Excel-де өзіміз құруды үйренеміз.
Диаграмма — кестедегі мәліметтерді графиктік түрде ұсыну тәсілі.
Құру жолы
- Алдымен кестедегі қажетті мәліметтер ауқымын белгілейміз.
- Аспаптар панеліндегі диаграмма батырмасын шертеміз немесе Кірістіру → Диаграмма шебері командасын таңдаймыз.
Шебердің логикасы
- 1-қадам: диаграмма типін таңдау (барлығы 14 тип).
- Келесі қадамға өту үшін Далее батырмасы қолданылады.
- Кез келген қадамда құруды аяқтау үшін Дайын батырмасын басуға болады.
Соңғы терезеде «Дайын» батырмасын шертіңіз — Диаграмма шебері диаграмманы құруды аяқтайды.