Бесік жыры, Тұсау кесу жыры Сабақтың мақсаты

Сабақтың тақырыбы

Бесік жыры және Тұсау кесу жыры

Сабақтың мақсаты

  1. Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрін дәріптеу. Соның ішінде отбасының басты қуанышы, алтын тірегі — баланы қадірлеу, бесікке бөлеу және тұсау кесу дәстүрлерін ұрпаққа жеткізу. Бесік жыры мен тұсау кесу жырының маңызын ұғындыру.
  2. Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқушылардың өз ойы мен пікірін еркін айтуына, дәлелдей білуіне жағдай жасау. Сөйлеу мәдениетін, топпен жұмыс істеу дағдысын, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту; пәнге қызығушылығын арттыру.
  3. Салт-дәстүрді құрметтеуге, адамгершілікке, мейірімділікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдістері

Сұрақ-жауап, баяндау, талдау, ой қозғау

Көрнекілігі

Кітаптар, суреттер, «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» фильмінен үзінді, интерактивті тақта, слайдтар, бағалау жетондары

Сабақтың жоспары

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі
  2. II. Үй тапсырмасын тексеру және қорытындылау
  3. III. Жаңа сабақ
    • Қызығушылығын ояту
    • Ой қозғау
    • Қорытындылау
    • Жаңа материалмен жұмыс
    • Сергіту сәті
    • Ырым-тыйым сөздер
    • Қорытындылау
  4. IV. Сабақты қорыту
  5. V. Үйге тапсырма
  6. VI. Бағалау

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық сәт.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • Ө. Тұрманжановтың «Өс, ұлан!» өлеңін жатқа айту.
  • Өлең мазмұнына байланысты мақал-мәтелдер жинастыру.

Мысалдар

  • Ерте тұрсаң, алдыңнан күн шығады; жай тұрсаң, алдыңнан түн шығады.
  • Денсаулық — зор байлық.
  • Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.
  • Дені саудың — жаны сау.

Қорытындылау.

III. Жаңа сабақ

1) Қызығушылығын ояту

Жұмбақ шешу:

Иесі анық — сәби,

Әрі төсек, әрі үй.

(Жауабы: Бесік)

2) Ой қозғау

  • Бесік деген не?
  • Бесік неден жасалады?
  • Бесікте жатқан бала бар ма?
  • Бесікке байланысты қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?
  • Тұсау кесу рәсімін көрдің бе?

Слайд арқылы шілдехана, бесік той, тұсау кесу туралы оқушылардың пікірлері тыңдалады.

3) Жаңа материал

Бесік — бабамыздан қалған киелі мұра. Қазақ халқы бесікті ерекше қастерлеген: ата жатқан бесікке баласы, немересі, шөбересі, шөпшегі бөленген.

Бесікке салу дәстүрі көрсетіледі (фильмнен үзінді).

«Атадан қалған асыл мұра» бөліміндегі Бесік жыры мен Тұсау кесу тақырыптары — адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған мәдени нұсқалары мен ұлағатты сөздерінің ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып жеткен көрінісі. Мұндай мирас атамұра деп аталады.

Қазақ халқының дәстүрлі киім-кешегі, үй жиһаздары, ата кәсіп құрал-саймандары, тарихи ескерткіштері, туған өлке, туған жер, туған тіл — бәрі де мұра. Сол мұралардың ең қастерлілерінің бірі — Бесік жыры.

Тұсау кесу туралы түсіндіру: баланың қадамы құтты болып, жолы ашылсын деген ізгі ниетпен жасалатын дәстүр.

Оқулықпен жұмыс

Өлеңді әндетіп оқу. Оқушыларға мәнерлеп, түсініп оқыту.

Сөздік жұмыс

Күрмеу
— баланың аяғына байланатын ала жіп.
Тақым
— тізенің астыңғы, ішкі жағы.

4) Есіңе сақта!

Бесік жыры баланы тыныштандырып, жұбатады. Ол балаға жағымды әуенмен айтылады: әуен — жырдың мәні мен сәнін арттыратын негізгі бөлік.

5) Сергіту сәті

«Ұйықта, бөпем» — қимыл-қозғалыспен орындалады.

6) Ырым-тыйым сөздер

  • Бос бесікті тербетпе.
  • Бесікті бір қолмен көтерме.
  • Бесікті ашық қалдырма.

7) Қорытынды сұрақтар

  1. Бесік жырын айтып отырған кім?
  2. Апасы сәбиге қандай жақсы тілектер айтты?
  3. Тұсау кесу рәсімін көрдің бе?

IV. Сабақты қорыту

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, бүгінгі тақырыптың негізгі ойы жинақталады: ұлттық салт-дәстүр — ұрпақ тәрбиесінің өзегі, ал бесік жыры мен тұсау кесу — соның айқын үлгісі.

V. Үйге тапсырма

  1. «Бесік жыры» немесе «Тұсау кесу» жырларының қалағанын жаттау.
  2. Үлкендерден осыған ұқсас жырларды білсең, жазып алу.
  3. Хрестоматиядағы «Әпкесінің әлдиі» жырын түсініп оқу.

VI. Бағалау

Оқушылардың белсенділігі мен жауап сапасына қарай бағалау жетондары арқылы бағаланады.