Топтық сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың ою-өрнек туралы түсінігін қалыптастыру және шеберлік дағдыларын дамыту.
Дамытушылық
Есте сақтау қабілетін дамыту, қолөнерге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік
Шеберлікке, үнемділікке, тиянақтылыққа баулу; әсемдікті сезіне білуге, шебер адамдарды құрметтеп, еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
2 минут- Оқушыларды түгелдеу.
- Құрал-жабдықтарын тексеру.
2) Сайыс сабақты ұйымдастыру: топқа бөлу
—Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырмалар жазу және орындау үшін ақ қағаз беріледі.
I) Ою-өрнек түрлерін атау
5 минут«Қандай ою-өрнек түрлерін білесіңдер?» сұрағына әр топ өз жауаптарын жазады.
Мысалдар
Ботамойын, қошқармүйіз, түйемойын, бұғымүйіз, сынармүйіз, қармақ, бүршік, ирек, толқын, сынықмүйіз, қолтықша, арқармүйіз, құсқанаты, шырмауық, ғарыш сипаттағы өрнектер.
II) Түрлі-түсті қағаздан ою қиып, ақ қағазға жапсыру
5 минутӘр топ түрлі-түсті қағаздан ою-өрнек қиып, дайын жұмысын ақ қағазға жапсырады.
III) Қиылған оюды матаға орналастырып тігу (көктеу)
15 минутӘр топ өздері дайындаған қошқармүйіз оюын матаға орналастырып, уақытша көктеу тігісімен тігеді.
IV) Сұрақ-жауап
10 минутI топ
-
Сұрақ: Қазақ халқы қандай оюды ерекше пайдаланады?
Жауап: Қошқармүйіз. -
Сұрақ: Симметрия дегеніміз не?
Жауап: Бүктелген бөліктердің екеуі де дәл келуі — симметрия. -
Сұрақ: Ою-өрнектер бұйымның қай бөліктеріне орналасады?
Жауап: Алдыңғы өңір жиектеріне, жеңіне, етегіне және т.б.
II топ
-
Сұрақ: Қағазға оюды қандай тәсілдермен орындайды?
Жауап: Бір бүктеу, екі бүктеу, үш бүктеу және одан әрі күрделенген тәсілдер. -
Сұрақ: Ою-өрнекпен қандай бұйымдарды әшекейлейді?
Жауап: Қоржын, түскиіз, текемет, жүкаяқ, кебеже және т.б. -
Сұрақ: Бұйымға орналасқан оюды уақытша қандай тігіспен орындайды?
Жауап: Көктеу тігісі.
III топ
-
Сұрақ: Ою-өрнек дегеніміз не?
Жауап: Қазақтың «ою» және «өрнек» деген қос сөзі бірігіп, латынша «орнамент» ұғымын білдіреді. -
Сұрақ: Қазақ ою-өрнек өнерінің негізі қандай өрнектер?
Жауап: Мүйіз бейнелі айшықтар. -
Сұрақ: Сәукелені кімдер киеді, оны немен әшекейлейді?
Жауап: Сәукеле — қалыңдықтың бас киімі. Ол алтын, күміс, маржан тастармен әшекейленеді.
V) Қорытынды және бағалау
5 + 1 + 2 минутҚорытынды
Оқушылар үйден дайындап келген ою жұмыстарын тапсырады.
Тапсырма
Ою-өрнекті күрделі тігу.
Бағалау
Бағалау парағы бойынша әр топтың жұмысын саралап, жеңіске жеткен топ анықталады.