Жанғыш пайдалы қазбалар

Сабақ туралы

Сабақтың тақырыбы: Жанғыш пайдалы қазбалар.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға жанғыш пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру; ой-өрісін, танымдық қабілеттерін және пәнге қызығушылығын арттыру; табиғат байлықтарын қорғауға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, салыстыру, ой толғау.

Көрнекіліктер мен ресурстар

  • Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы
  • Пайдалы қазбалар үлгілері, кестелер
  • Интерактивті тақта, слайдтар (сызбалар, суреттер, шартты белгілер)
  • Слайдшоу: KazCooper кен орнының ашылуы

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2) Үй тапсырмасын тексеру: Түсті металл кендері

1) Ой шақыру

Ассоциациялық аймақ құру.

2) Кестемен жұмыс

Интерактивті тақтадағы слайд арқылы көрсету. Оқушылар кестеге сүйене отырып, түсті металл кендерінің қасиеті, сипаты, қолданылуы және өндіріс орындары туралы әңгімелейді.

3) Картамен жұмыс

Түсті металл кен орындарын картадан көрсету.

4) Бекіту сұрақтары

  • Осы түсті металдардың қайсысы біздің ауылымызда өндіріліп жатыр?
Мұғалімнің түсіндірмесі Слайд: KazCooper мыс кен өндірісі

Балалар, біздің ауылымызда да мыс кен орны ашылып жатыр. Мыс кен орнының атауы — KazCooper.

KazCooper мыс кен орнында мыс ашық әдіспен өндірілуде. Өздерің көргендей, кенді өңдеу үшін комбинат салынып жатыр, көптеген техника жұмысқа жұмылдырылған.

Болашақта бұл жерде ірі мыс өндіретін зауыт іске қосылып, ауылдың дамуына серпін береді.

Маңызды дерек

Қазақстан мыс қоры бойынша дүниежүзінде 3-орында. Түсті металдардың басым бөлігі елімізде өндіріледі. Сондықтан Қазақстанды “пайдалы қазбалар қоймасы” деп атауы бекер емес.

Өткен сабақта пайдалы қазбалардың қандай түрлерімен таныстық?

Қара металл кендері және түсті металл кендері.

Бүгінгі сабақта пайдалы қазбалардың тағы бір түрі — жанғыш пайдалы қазбалар туралы оқимыз.

Слайдшоу: KazCooper кен орнының ашылуы.

3) Жаңа сабақ: Жанғыш пайдалы қазбалар

Түсіндіру: Жанғыш пайдалы қазбаларға көмір, мұнай, газ жатады.

Негізгі түрлері

  • Көмір (тас көмір)
  • Мұнай
  • Газ

Көмірден алынатын және көмірмен байланысты өнімдер

  • Қопарылғыш заттар
  • Пластмасса
  • Тыңайтқыш
  • Мата бояулары
  • Әтір
  • Жасанды мата
  • Дәрі-дәрмек