Сандық және әріптік өрнектер

Қысқа мерзімді жоспар: Математика

1В бөлім: Сандық және әріптік өрнектер. Теңдеулер.

Тақырып: Қосудың қасиеттері

Мектеп: №10 Нұркен атындағы ЖББОМ КММ

Мұғалім: Баймұқанова Қымбат

Оқу мақсаты

Тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін, сондай-ақ көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін атай алады.

Оқушылардың көпшілігі

  • Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін орындау ретін түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар

  • Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдана алады.

Сабақтың басы (3 минут)

Ертеңгілік шеңбер

Қайырлы таң!
Қайырлы таң, алтын күн,
Қайырлы таң, алтын таң.
Қайырлы таң, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.

«Жұбыңды тап» ойыны (ұжымдық жұмыс)

Сыныптың әр бөлігіне өрнектер және өрнектің мәні жазылған қағаздар алдын ала орналастырылады. Оқушылар қағаздарды алып, сәйкес келетін жұбын табуы керек.

Табылған жұптар шыққан өрнектерді салыстырады да, қосудың ауыстырымдылық қасиетіне сүйене отырып, қайтадан екі топқа бөлінеді.

Мұғалімнің бағыттаушы сұрақтары

  • Себебі неде деп ойлайсыңдар?
  • Не байқадыңдар?
  • Өрнектерді салыстырайық. Қандай айырмашылық бар?
  • Осы өрнектерге қарап қандай ереже шығаруға болады?

Қорытынды ереже: Қосылғыштардың орнын ауыстырса да, қосындының мәні өзгермейді.

Осыдан кейін сабақтың тақырыбы мен мақсаттары таныстырылады.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}