Талант тобы

Сайыс-сабақтың сипаттамасы

Мақсаттары

Білімділік мақсаты
Оқушылардың еңбекке баулу пәнінен алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау.
Дамытушылық мақсаты
Ой-өрісін кеңейту, шығармашылықпен өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттыру, логикалық ойлау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Ұйымшылдыққа және бірлікке тәрбиелеу.

Ұйымдастыру

Сабақ түрі
Сайыс-сабақ.
Сабақ әдісі
Сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, бейнелеу өнері, математика.
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, еңбек құралдары.

Сабақ барысы

  1. I Кіріспе.
  2. II Әділқазылар алқасын сайлау.
  3. III Топтармен таныстыру.
  4. IV «Ойлан, тап!»
  5. V «Кім епті?»
  6. VI «Кім шапшаң?»
  7. VII «Талаптыға нұр жауар»
  8. VIII «Кім білгір?»
  9. IX «Кім тапқыр?»
  10. X «Жас шебер»

Кіріспе сөз

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз 3–4-сынып оқушылары арасында «Бәрін білгім келеді!» тақырыбында сайыс-сабақ өткізбекпіз.

Топтар

  • Өнер тобы
  • Талант тобы

Әділқазылар алқасы

Әр топтың жұмысына әділ баға беретін әділқазылар алқасымен танысамыз.

Ел бастау қиын емес — қонатын жерден көл табылады,
Қол бастау қиын емес — шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастау қиын.

Сайыс бөлімдері

1) Таныстыру

Сайысымызды таныстыру бөлімінен бастаймыз. (Әр топ өздерін таныстырады.)

Өнер тобы

Өнерлі өрге жүзер.

Талант тобы

Талаптан да, білім мен өнер үйрен.

2) «Ойлан, тап!» (сұрақ-жауап)

Еңбекке баулу пәні бойынша жинақталған сұрақтарға жауап беріледі.

Өнер тобына сұрақтар

  1. Көктікен гүлін дайындау реті қандай?
  2. Қағаз қандай материал?
  3. Құрақ дегеніміз не?
  4. Тамбурлы тігістің отаны қай мемлекеттер?
  5. Бөлшектерді біріктірудің неше тәсілі бар?
  6. Құрамақтарды неден құрастыруға болады?
  7. Мозаика дегеніміз не?

Талант тобына сұрақтар

  1. Тігіс түрлерін ата.
  2. Симметрия дегеніміз не?
  3. Шиді пайдалануға дейін қалай тазартады?
  4. Әшекейлі бет орамалдардың түрлерін ата.
  5. Емен ағашы шамамен неше жыл өседі?
  6. Электр тізбегінің шартты белгілерін ата.
  7. Киіз үйдің бөліктерін ата.

3) «Кім епті?» (құрастыру)

LEGO бөлшектерінен ойыншық құрастыру. Әр топтан 2 оқушы шығады.

Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.

4) «Кім шапшаң?» (жұмбақ шешу)

  1. Аппақ дала, қойлары қара.

    Жауабы: қағаз бен әріптер.

  2. Мұрнында байлауы бар, адамның айдауы бар.

    Жауабы: ине.

  3. Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде.

    Жауабы: қаламсап.

  4. Орақ болып туады, табақ болып тұрады.

    Жауабы: ай.

  5. Суықта солмайды, аязда тоңбайды.

    Жауабы: жасанды гүл.

  6. Кетер ұшып күзде — күдеріңді үзбе. Көктем шыға қайта қауышады бізде.

    Жауабы: құстар.

  7. Бетіңді тырыстырады, арқаңды құрыстырады. Ыңғайына көне берсең, досыңмен де ұрыстырады.

    Жауабы: ашу.

  8. Дүниеде бір құдықтың бар беті қатқан, бетінде бетегесі шығып жатқан. Қараса сол құдыққа көз жетпейді, құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан.

    Жауабы: оқу, білім.

5) «Талаптыға нұр жауар» (шығармашылық жұмыс)

Табиғи материалдардан (дән, тұқым) құрамақ жасау.

6) «Кім білгір?» (мақал-мәтел)

Мақал-мәтел айту сайысы.

7) «Кім тапқыр?» (интерактив)

Интерактивті тақтада суреттер жартылай жасырылып көрсетіледі. Оқушылар заттың не екенін табады.

8) «Жас шебер» (қорытынды тапсырма)

Топ басшылары шар үрлеп, бет пішінін салып, оны әсемдеп безендіреді.