Бәйтеректің суретін салу
Қазақ тілі • 3-сынып
Сабақ тақырыбы: Етістік
Бұл сабақта оқушылар сөз таптарын қайталап, етістік туралы білімін жүйелейді және сөз бен сөйлем құрастыру дағдыларын дамытады.
Білімділік
- Сөз таптарын еске түсіру
- Етістік туралы білімді тиянақтау
- Сөз және сөйлем құрастыру
Тәрбиелік
- Бір-біріне жолдастық көмек көрсетуге үйрету
- Қолдау білдіру және марапаттау мәдениетін қалыптастыру
- Ойын ашық айтуға, бірін-бірі әділ бағалауға баулу
Дамытушылық
- Тіл байлығын дамыту
- Дүниетанымды кеңейту
- Қазіргі оқиғалармен байланыстыра ойлау
Әдістер
Сұрақ-жауап, ойын, әңгімелесу.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, слайдтар және қосымша материалдар.
Сабақ түрі
Топпен жұмыс (3 топ).
Ұйымдастыру кезеңі
- Психологиялық дайындық
- ЭКСПО–2017 туралы қысқаша әңгімелеу
- Сочи қаласындағы Олимпиада туралы оқушылардан сұрау
Сабақ барысы
Мұғалімнің кіріспе сөзі: «ЭКСПО–2017 көрмесінде әркім өз ең шебер, ең көркем туындысын ұсынса, бүгін біз де білім деңгейімізді додаға саламыз. Ол үшін 3 топқа бөлінеміз».
Топқа бөлу
- Оқушыларды 3 топқа бөлу
- Топ басшысын және көмекшісін таңдау
Жұмыс ережелері
- Мұғалімді тыңдау, тыныштық сақтау
- Бір-бірін тыңдау
- Қысқа әрі нақты сөйлеу
- Бір-біріне қолдау көрсету
- Уақытты сақтау
Бастапқы тапсырмалар
1-топ
Сөз таптарын ата.
2-топ
Етістік дегеніміз не? Мысал келтір.
3-топ
Етістіктің түрлерін ата. Мысал келтір.
№2 тапсырма: Кітаппен жұмыс
1-топ: 7-жаттығу
Жұмбақты шешіп, етістіктерді тап. Етістіктің қай сөзбен байланысып тұрғанын анықта.
Жұмбақтың шешуі
Жапалақ
Жапалақ үкіге ұқсайды. Тұмсығы имек. Ол қараңғыда көреді. Күндіз қарауылдап отырады. Түнде тышқан аулайды.
2-топ: Сұрақтарына қарай жіктеу
Сөздерді сұрақтарына қарай топтастырып жаз.
Каллиграфиялық жұмыс
«Ж» дыбысын бір жолға жазу. Дәптермен жұмыс. Тақтаға 2 оқушы шығады.
3-топ: 9-жаттығу
Өлеңді жаттау және жазу.
Сөздік жұмыс
- Төскей — таудың биіктеу беті
- Көк майса — көк шөп
Ұйқас және шығармашылық тапсырмалар
10-жаттығу: Ұйқасын тап
1-топ
Тастан тасқа секіріп
Жем тереді …
Кекілік
2-топ
Айбат шегер алыстан
Ақ патшасы …
Арыстан
3-топ
Қоянның суреті көрсетіледі. Оқушылар өз бетімен ұқсас өлең жолдарын құрастырады.
Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығуын орындау.
Сабақты қорытындылау
Бүгін қандай тақырып өттік?
Етістік.
Нені үйрендік, нені білдік?
Етістіктің анықтамасын, түрлерін және сөйлем құраудағы қызметін қайталадық.
Нені білгіміз келеді?
Етістікті күнделікті өмірмен байланыстырып, жаңа мысалдар арқылы қолдануды тереңдету.
Үй тапсырмасы
1-топ
Астананың суретін салу және қорғау.
2-топ
Бәйтеректің суретін салу және қорғау.
3-топ
ЭКСПО–2017 тақырыбында сурет салу және қорғау.
Бағалау
Сабақ соңында топ басшылары мен көмекшілері шақырылып, топтардың жұмысы критерий бойынша бағаланады.