Жаңа тақырып бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту

Сабақтың тақырыбы

Жастар – біздің болашағымыз

Сынып

10-сынып

Көрнекіліктер

Тапсырма парақшалары, сөздер

Сабақтың мақсаты

  1. 1 Жаңа тақырып бойынша оқушылардың білімін кеңейту.
  2. 2 Жазбаша және жеке тапсырмалар арқылы білімді пысықтау.
  3. 3 Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Жоспар

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сабаққа дайындығын тексеру, сынып назарын сабаққа шоғырландыру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

«Сөз таптары» грамматикалық тақырыбы бойынша жазбаша жұмыс арқылы оқушылардың білімін тексеру.

3) Өткенді қайталау

Өткен тақырыптар бойынша сұрақ-жауап жұмысы.

4) Тақырып пен мақсатпен таныстыру

Бүгінгі тақырып: «Жастар – біздің болашағымыз».

5) Insert стратегиясы арқылы мәтінді оқу

Мағынасы түсініксіз сөздерді қарындашпен белгілеп отыру.

6) Жаңа сөздермен жұмыс

  • Оқу, аудару.
  • Хормен және жеке қайталау.
  • Сөз тіркестерін және шағын сөйлемдер құрастыру.
  • Сөздікке көшіріп жазу.

7) Мәтінмен танысу

  • а) Оқу
  • ә) Аудару
  • б) Мазмұнын айту

Талқылау сұрақтары: • Бұл мәтінде не туралы айтылады? • Әңгіме не жайында болды?

Мәтін: «Жастар – біздің болашағымыз»

Біздің ертеңгі күніміздің тірегі – жастар екенін білеміз. Олар ертеңімізді жалғастырып, жасампаздық эстафетасын қабылдап алып, алға қарай қарыштап, жоспарларымыз бен істерімізді одан әрі дамытып, елімізді танытатын ұрпақ.

Сол себепті жастарды ертерек еңбексүйгіштікке, еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу – маңызды мәселелердің бірі. Абай атамыз: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», – деп еңбек қана адамды биікке жетелейтінін ұқтырған.

Қазіргі жастардың бір бөлігі маңдай терін төкпей-ақ, жеңіл жолмен табыс тапқысы келіп, жалқаулыққа бой алдыруы мүмкін. Сондықтан бұл мәселені дұрыс жолға қойып, дұрыс шешімін табуға қоғам болып атсалысу қажет: еңбек ұжымдары, қоғамдық-мәдени ұйымдар, отбасы мүшелері, мектеп ұстаздары мен сынып жетекшілері, тіпті достары да жауапкершілік танытқаны жөн.

Мектеп қабырғасынан кейін дұрыс мамандық таңдау, арнайы оқу орнына түсіп, оны тәмамдаған соң адал ниетпен еңбек ету, еңбек тәртібін сақтау, жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқару, істің сапасын арттыру, жаңашылдыққа ұмтылу және жаңа технологияларды орнымен пайдалана білу – жастардың негізгі міндеті. Осындай құндылықтарды олардың санасына сіңіру – біздің де ортақ міндетіміз.

Мәтіннен кейінгі жұмыс

Тапсырма парақшасы (жеке жұмыс)

  • Мәтіннен тұйық етістікте тұрған сөздерді тауып, талдау.
  • Мәтін ішіндегі етістіктерді теріп жазып, сұрақ қою.

Грамматикалық жұмыс

  • Грамматикалық ережелерді қайталау: сөз таптарын еске түсіру (ауызша).
  • Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасау.

Талдауға берілген сөздер

уақыттарын әрқайсымыз өте қызықты жасады

Қорытынды ой

Жастар – біздің болашағымыз. Олардың білімді, еңбекқор және жаңашыл болып қалыптасуына бағыт беру – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз.