Ғылыми мақалаМаңғыстау диалектілерінің сөздік қорды дамытуға қосатын үлесіСоңғы жылдары көптеп қоныстанып жатқан қандастарымыз тілінде диалектілер жетерлік
Маңғыстау диалектілерінің сөздік қорды дамытуға қосатын үлесі
Соңғы жылдары елге көптеп қоныстанып жатқан қандастарымыздың тілінде диалектілік ерекшеліктер жеткілікті. Бұл еңбекте оралман қандастарымыздың күнделікті қолданысында жиі кездесетін, кей жағдайда тұрақты диалектілік бірлікке айналып кеткен сөздерді, сондай-ақ жергілікті тілдік ортада бұрыннан қалыптасқан диалект сөздермен бірге қарастырып, олардың Маңғыстау өңірінің сөздік қорын байытуға қосатын үлесін көрсету мақсат етіледі.
Негізгі мақсат — Маңғыстау диалектілерін Қазақстан жұртшылығына кеңірек таныстыру және диалектілер арқылы жалпы ұлттық сөздік қорды байыту мүмкіндіктерін айқындау. Диалектілік өзгерістерді фонетика, лексика, грамматика салаларымен тығыз байланыста қарастыру олардың өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты ашуға мүмкіндік береді.
Теориялық негіз және фонетикалық сәйкестіктер
Диалектология саласында профессор Хасан Кәрімұлы Мұхамбеттің еңбектері ерекше орын алады. Ол дауысты дыбыстарға қатысты ерекшеліктерді бірнеше топқа бөліп қарастырады: ерін дауыстыларының алмасуы, езулік–ашық, езулік–қысаң, жуан–жіңішке дыбыстардың алмасуы.
Ауызекі сөйлеу тілінің нормасына сай дауысты дыбыстар кей жағдайда алмасып, өзара сәйкестік құрап айтылады. Автор ашық–қысаң және жуан–жіңішке дауыстылар сәйкестігін көрші халықтар тілінің ықпалымен ғана түсіндіретін пікірлердің біржақтылығын дәлелдеуге тырысады. Егер мұндай ықпал шешуші рөл атқарса, онда дыбыстық құбылыстар бір ғана өңірмен шектелер еді деген қорытындыға келеді.
Ғалым қазақ тілінде сөздің дауыстылары өзгеріп, екі түрлі айтылуы айқын байқалатынын, ал сәйкестік құбылысы қазақ тіліндегі күрделі фонетикалық құбылыстардың бірі екенін атап өтеді.
Дауыссыз дыбыстар сәйкестігі туралы
Қазақ тілі говорларында тарихи тұрғыдан қарастырылатын қатаң мен ұяң дауыссыздар арасындағы сәйкестіктер де маңызды. Ғалым алты жұп құрайтын 12 байырғы дауыссыз арқылы көрінетін ерекшеліктерді талдайды.
Сондай-ақ дыбыстар сәйкестігі тек қатаң + ұяң түрінде ғана қалыптаспайтынын көрсетеді: ұяң дыбыстардың өзара сәйкестігі (мысалы, ж–д, д–ж, ж–з, з–ж) кездеседі. Ал қатаң дыбыстар арасындағы сәйкестік құбылыстары (с–т, т–с, п–т, п–қ, с–ш) жиі ұшырасатыны да айтылады.
Маңғыстау диалектілерінен жинақталған мысалдар
Профессор Х. Мұхамбеттің тұжырымдарымен үндес түрде, Маңғыстау диалектілерінің бір бөлігі дыбыстардың өзгеруі мен ауысуы нәтижесінде қалыптасатыны байқалады. Төменде соның бірқатар үлгілері келтірілді:
Айтылым/қолданыс
айтыну
әдеби нұсқа: айту
Айтылым/қолданыс
айыптар
әдеби нұсқа: айыпкер
Варианттар
алақ / ғулақ / жұлақ
мағыналас қолданыстар
Айтылым/қолданыс
алдағандай
әдеби нұсқа: әлде қандай
Айтылым/қолданыс
алым
әдеби нұсқа: ғалым
Тіркес
ат шабу
әдеби нұсқа: атқа шабу
Айтылым/қолданыс
ауыздай
әдеби нұсқа: ауызша
Варианттар
бала / бажыр / шаға
аймақтық қолданыстар
Айтылым/қолданыс
көшершілік
әдеби нұсқа: көшпенділік
Бір мысалдың жасалу жолы
Көшершілік сөзі көшу етістігінен жасалған: -шілік жұрнағы заттық мағына беретін сөз тудырушы қызмет атқарады. Ал әдеби тілде көшпенді тұлғасы орныққандықтан, көшпенділік — әдеби норма, ал көшершілік — диалект ретінде қарастырылады. Бұл қолданыс Маңғыстаудағы оралман қауым арасында жиірек ұшырасады.
Бейнеу ауданы материалдарынан
Дыбыстардың ауысуы арқылы диалект қатарын толықтыратын сөздер Бейнеу ауданынан да жинақталды. Мысалдар:
-
маңлай
әдеби нұсқа: маңдай
-
саққыз
әдеби нұсқа: сағыз
-
арза
әдеби нұсқа: арыз
-
қойып тұр
әдеби нұсқа: тоқтай тұр / қоя тұр
-
бір-жар
әдеби нұсқа: бірлі-жарым
-
жекеме
әдеби нұсқа: жеке
-
жекпе / жек
қысқарған нұсқалар
-
не пәле
әдеби нұсқа: не бәле
-
білгір
әдеби нұсқа: білгіш
-
оқжай
әдеби нұсқа: оқшантай
-
пәшина
әдеби нұсқа: печенье
-
біратала
әдеби нұсқа: біржолата
-
мынаяғында
әдеби нұсқа: мына жағында
-
үстейсің
әдеби нұсқа: сөйтесің
-
отырыспақ
мағынасы: сауық кеші
Ескерту
Бұл сөздердің бірқатары 2007 жылы шыққан соңғы диалектологиялық сөздікке әлі енгізілмеген.
Нұрымова Мария
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Үстірт орта мектебі ММ
Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі