Ақиқат ғылыми орталығының зерттеуі
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Білім беру ұйымы
- Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №153 Ш. Есенов атындағы мектеп-лицейі
- Пән/сынып
- Қазақстан тарихы, 9-сынып
- Мұғалім
- Битаева Салтанат Есенгелдіқызы (тарих-құқық пәні)
- Сабақ тақырыбы
- Қазақстанның 1920–1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайы
Мақсаты
Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы Қазақстанның саяси-экономикалық дамуына талдау жасау және саяси қысым жағдайындағы республиканың сол кезеңдегі даму нәтижелерін қорытындылау.
Міндеттері
Білімдік
Тоталитарлық режим мен социализмнің сталиндік үлгісінің мәні мен сипатын түсіндіру; коммунистік партия билігі тұсында Қазақстанның «лагерьлер өлкесіне» айналып, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені туралы мәлімет беру.
Тәрбиелік
Өткенді ұмытпауға, әділетсіздікке төзбеуге, туған жерге сүйіспеншілікті күшейтуге бағыттау; ел қамын ойлаған тұлғалардың ісін үлгі ету.
Дамытушылық
Қоғамдық құбылыстарды салыстырып, айырмашылықтарын ажыратуға, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру және ғылыми-шығармашылық жұмысқа жағдай туғызу.
Сабақ типі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақ түрі
Шығармашылық ізденіс, проблемалық оқыту
Әдістер
- Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс
- Проблемалық мазмұндау
- Топтық шығармашылық жұмыстар
Жаңа технология
Интерактивті оқыту
Көрнекіліктер
- Қазақстанның саяси картасы
- Тірек-сызбалар
- Ұлт зиялыларының суреттері
- Үлестірмелі материалдар
- Слайдтар
Базалық білім және тірек ұғымдар
Базалық білім
- Жеке басқа табынушылықтың шегіне жетуі және зардаптары
- Сталиндік репрессия құрбандары
- Қазақстандағы ГУЛАГ лагерлері
Тірек ұғымдар
Пәнаралық байланыс
Дүние жүзі тарихы, қоғамтану, әдебиет
Тақырыпты оқыту жоспары
-
1) Сталинизмнің орнығуы
Жазалау шараларының күшеюі.
-
2) Қазақстандағы тоталитаризмнің көріністері
Басқару жүйесінің қаталдануы, қоғамды толық бақылауға алу.
-
3) Қазақстан — лагерлер өлкесі
Еңбекпен түзеу лагерлерінің жүйесі және оның салдары.
-
4) Зұлматты жылдар сұмдықтары
1937–1938 жылдардағы қуғын-сүргін және қоғамдық жарақат.
Сабақтың барысы
I. Психологиялық дайындық
- Оқушылармен жағымды психологиялық климат қалыптастыру.
- Оқушыларды үш ғылыми орталыққа бөлу, жетекшілерін тағайындау және орталықтарға атау беру.
Өлкетану ғылыми орталығы
Аймақтық деректер арқылы тарихи құбылыстарды талдау.
Тарих ғылыми орталығы
Дереккөздер мен себеп-салдар байланысын айқындау.
Ақиқат ғылыми орталығы
Қуғын-сүргін салдарын бағалау және қорытындылау.
II. Жаңа білімді меңгерту
§14. Қазақстанның 1920–1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайы. Сабақ барысында оқушылар негізгі ұғымдарды, даталарды, тұлғалар мен сандық деректерді арнайы кестеге түсіріп отырады. Кесте бекіту кезеңінде талқыланады.
Мұғалімнің кіріспесі
Жоспардың алғашқы мәселесі тірек-сызба арқылы түсіндіріледі (1-тірек-сызба).
III. Ғылыми зерттеулерге жол ашық
Әр ғылыми орталық алдын ала берілген тапсырмалар бойынша зерттеуін талдап, қорытындысын қорғайды.
Бағалау шарттары
- Тақырыптың айқын әрі нақты ашылуы
- Сөз байлығы және тіл мәдениеті
- Тірек-сызбалар арқылы дәлелді қорғау
Өлкетану ғылыми орталығы
Тапсырма: Қазақстандағы тоталитаризмнің көріністеріне сипаттама беру.
Тарих ғылыми орталығы
Тапсырма: Қазақстандағы 1930-жылдардың бас кезеңіндегі лагерлер жүйесіне сипаттама беру.
Ақиқат ғылыми орталығы
Тапсырма: 1937–1938 жылдардағы сталиндік қуғын-сүргіннің шынайы зардаптарына сипаттама беру (М. Тәтімов дерегі бойынша).
Негізгі акцент
Зұлматты жылдар сұмдықтары
Қуғын-сүргін қоғамның әлеуметтік құрылымына, ұлт зиялыларына және отбасылар тағдырына ауыр соққы болып тиді.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
«Жұлдызды сәт»
Әр ғылыми орталыққа үлестірмелі материалдар арқылы шығармашылық тапсырмалар беріліп, жауаптары топпен талқыланады.
Өлкетану ғылыми орталығы
Тапсырма: «Жазықты ма, ағалар?» тақырыбында өлең шумағын құрастыру.
Тарих ғылыми орталығы
Тапсырма: 10 баламалы тест сұрағымен жұмыс.
1) 1930 ж. 4 сәуірде кімді атуға үкім шығарылды?
- а) Ж. Аймауытов
- ә) М. Жұмабаев
- б) А. Байтұрсынов
- в) М. Дулатов
2) Сталиндік жендеттердің қолынан қаза болған, қазақтың тарих мектебінің негізін салушы кім?
- а) Е. Бекмаханов
- ә) Ә. Марғұлан
- б) М. Шоқай
- в) С. Асфендияров
3) Қазақстаннан қанша адам ГУЛАГ лагерлеріне қамалып, атылды?
- а) 22 мың
- ә) 25 мың
- б) 27 мың
- в) 39 мың
4) ХХ ғ. 30-жылдары тоталитарлық-казармалық жүйені енгізген қайраткер кім?
- а) Ф. И. Голощекин
- ә) И. В. Сталин
- б) Н. С. Хрущев
- в) Н. И. Ежов
5) «Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі» деген сталиндік теорияның салдары:
- а) жазалау шараларын енгізді
- ә) «халық жауларын» жаппай жазалау басталды
- б) жеке адам құқығы аяққа тапталды
- в) барлығы дұрыс
Өлкетану ғылыми орталығы (қосымша)
Тапсырма: ГУЛАГ пен КСРО түрмелеріндегі қамауда болғандар туралы статистикалық дерекпен жұмыс (9-сынып хрестоматиясы, 105-бет).
V. Рефлексия
«Ой түйін» кестесі бойынша әр топ бүгінгі сабақтан алған білімін және әсерін қысқаша бөліседі: қандай ұғымды нақтылады, қандай дерек таңғалдырды, қандай сұрақ туындады.
VI. Қорытынды
Енді бізге қайта оралды заңғарлар, сталиндік тозақта жанғандар — Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер, Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.
1920–1940 жылдар — халқымыз бастан кешкен қаралы тарихтың бір кезеңі. Бұл кезеңнің сабағы ұрпақ жадында мәңгі сақталуы тиіс.
1997 жыл
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталып өтті.
31 мамыр
Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленген.
VII. Үй тапсырмасы
- Тақырыпты оқу, мазмұндау.
- Биопоэма жазу (Ф. И. Голощекинге, Т. Рысқұловқа).
- 2 проблемалық сұрақ дайындау.
VIII. Бағалау
Сабақ соңында әр топтың белсенділігі айқындалып, топ ішіндегі белсенді оқушылардың білімі бағаланып, марапатталады.