Жарық жылдамдығы

Мақсаты

  • Жарықтың әлем тіршілігіндегі орнын түсіндіру, оқушыларды өз ойын қорытындылауға жетелеу және білімін тереңдету.
  • Пәнге қызығушылықты, еріктілікті және сауаттылықты арттыру; есептеу дағдыларын жетілдіру; алған білімді жүйелеу.
  • Адамгершілікке, әдептілікке, еңбекқорлыққа, бір-бірін сыйлауға және сұлулықты бағалауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта Үлестірмелі қағаздар

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа назар аударту.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы ауызша сұрау, тест және үлестірмелі қағаздар арқылы тексеріледі.

Тест тапсырмалары

Қайталау
  1. 1. Магнит өрісі өзгергенде электр тогы пайда болады. Бұл құбылыс қалай аталады?

    A) Электр өрісі

    Ә) Электромагниттік индукция құбылысы

    Б) Магнит өрісі

  2. 2. Электромагниттік индукция құбылысын ашқан кім?

    A) Андре-Мари Ампер

    Ә) Алессандро Вольта

    Б) Майкл Фарадей

  3. 3. Кернеуді арттыруға және кемітуге арналған құрал қалай аталады?

    A) Трансформатор

    Ә) Генератор

    Б) Ротор

  4. 4. «Индукция» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?

    A) Магнит

    Ә) Бағыттау

    Б) Индукция

  5. 5. Сыртқы магнит өрісін күшейтетін заттар:

    A) Ферромагнетиктер

    Ә) Парамагнетиктер

    Б) Диамагнетиктер

  6. 6. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машина:

    A) Трансформатор

    Ә) Генератор

    Б) Ротор

  7. 7. Ферромагниттік емес заттар нешеге бөлінеді?

    A) 3

    Ә) 2

    Б) 4

  8. 8. Диамагниттік қасиеттерге ие заттар:

    A) Сұйық оттек, платина

    Ә) Темір, никель, болат, шойын, кобальт, гадолиний

    Б) Күміс, қорғасын, кварц, висмут

  9. 9. Майкл Фарадей электромагниттік индукция құбылысын қай жылы ашты?

    A) 1830 ж.

    Ә) 1833 ж.

    Б) 1831 ж.

  10. 10. Электр энергиясын механикалық энергияға айналдыруға арналған электр машинасы қалай аталады?

    A) Генератор

    Ә) Электрқозғалтқыш

    Б) Трансформатор

Қайталау есептері

Есептеу дағдылары

№1

Электр шамының қыздыру қылының кедергісі 484 Ом. Шам 220 В желіге қосылған. Тоқтың қуатын табыңдар.

Жауабы: 100 Вт

№2

Қуаты 100 Вт электр қозғалтқышы 6 В кернеуде жұмыс істейді. Тоқ күшін анықтаңдар.

Жауабы: 16,(6) А

№3

Электр шамының кернеуі 120 В, тоқ күші 0,5 А. 8 сағат ішінде жұмсалатын энергия мөлшерін табыңдар.

Жауабы: 1728 кДж

№4

Тізбектегі тоқ күші 2 А. Кедергісі 25 Ом константан өткізгіші 5 секундта қанша жылу бөледі?

Жауабы: 500 Дж

№5

Электр шамының баллонында 100 Вт, 220 В деп жазылған. Шамның кедергісін анықтаңдар.

Жауабы: 484 Ом

№6

Кернеуі 220 В болатын дәнекерлегіште тоқ күші 0,9 А. Қуатын анықтаңдар.

Жауабы: 198 Вт

3) Сергіту сәті

Ребус шешу арқылы ой сергіту.

4) Жаңа сабақ

Біздің планетамыздағы өсімдіктер мен жануарлар әлемінің тіршілігі үшін жарықтың орны ерекше. Жарық — табиғаты зат бөлшектерінен бөлек, ерекше бөлшектер ағыны. Жарық бөлшектері фотондар деп аталады.

Негізгі ұғымдар

Фотон

Жарықты құрайтын бөлшек. Фотондар ағыны энергияны жарық көздерінен жарықталатын денелерге жеткізеді.

Жарық энергиясы

Жарық ағыны арқылы тасымалданатын энергия. Жекелеген фотондардың энергиясы әртүрлі болуы мүмкін.

Қозғалыс жылдамдығы

Фотондар энергиясы өзгерсе де, вакуумдегі жылдамдығы бірдей болады.

Жарықтың таралу жылдамдығы

Шамамен берілген мәндер

Орта Жылдамдық
Вакуум c = 300 000 км/с
Ауа c = 299 711 км/с
Су c = 225 000 км/с
Шыны c = 200 000 км/с

Кестеден көрінетіндей, жарықтың жылдамдығы ортаға байланысты өзгереді: вакуумде ең үлкен, ал тығыз ортада (мысалы, шыныда) төменірек болады.