Сонда да солар қайда жоқ

Абай Құнанбаев

Қарға мен түлкі
(И. А. Крыловтан)

Жұрт біледі, күледі,
Сұрқия тілдің жаманын,
Қошеметшілердің амалын.
Сонда да солар қайда жоқ?
Ептеп айтса, ересің,
Артынан өкінсең де пайда жоқ.

Ірімшікті Құдайым
Кез қылды бір күн қарғаға.
Алып ұшып барды да,
Қонды бір биік ағашқа.
Үлкен олжа емес пе
Ірімшік деген қарны ашқа?
Бір жеп алып, шүкірлік
Қылайын деп аллаға,
Тұмсығында ірімшік,
Ойланып қарап тұр еді,
Бір қу түлкі сорына
Жақын жерде жүр еді,
Ішіне сақтап қулығын,
Ептеп барып барлайды,
Бұлғақтатып құйрығын,
Қарғаның көзін алдайды.
Тәтті тілмен, тәтті үнмен
Сөйлесуге айналды:
"Қарағым, не еткен сұлу ең!"—
Деп таңырқап таңданды,—
"Не еткен мойын, не еткен көз,
Осыдан артық дейсің бе
Ертегі қылып айтқан сөз?
Қалайша біткен, япырмай,
Мұрныңыз бен жүніңіз!
Періштенің үніндей
Деп ойлаймын үніңіз.
Осы көрікпен, Бұл жүнмен,
Әншілігің белгілі,
Ұялмай, қалқам, бір сайра,
Біз де алалық үлгіні.
Құс төресі біздерге
Сіз боларсыз бір күні".
Басы айналды қарғаның
Сұмның айтқан сөзіне.
Қуанғаннан бөртініп,
Бір мастық кірді өзіне.
Өзіне біткен өңешін
Аямастан қарқ етті,
Ірімшік жерге салп етті,
Іс бітті, қу кетті



Ұқсас жұмыстар

Катагурийас кітабы немесе Категориялар
Халықтық басқарудың мұратты ең жақсы түрі өкілетті басқару болып табылады
Бақыт Беделханұлы: ҰЛЫМ, САҒАН АЙТАМ. .
Абайдың қара сөздері (1-10)
ТҰРМЫС - САЛТ ЖЫРЛАРЫ
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірбаяны
ХХ ғ. 30-шы жылдарындағы Павлодар Ертіс өңіріндегі ашаршылық
МҰСЫЛМАН БАУЫРЛАРМЕН АРАЛАСУДАҒЫ ӘДЕПТЕР
Есімдіктердің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы
Қазақ жеріндегі шаһардардың ірге көтеру тарихы
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi