Еңбекпен тапқан тиын
Тақырыбы: «Еңбек – ер атандырады»
Мақсаты: еңбектің түрлерін таныстыру, еңбек етуге ынталандыру, «еңбектің наны тәтті» екенін ұғындыру.
Кіріспе ой
Мұғалім: Бақыты асқан патшадан — миымен асқан қара артық. Сақалын сатқан кәріден — еңбегін сатқан бала артық.
Оқушы: Жайнатар кең өлкені — болашақтың ертеңі. Біз бақытты баламыз, ата-ананың өркені.
Көрнекілік
Еңбек туралы альбомдар мен суреттер көрсетіледі.
Еңбек туралы тақпақтар
Қарамай уақытына, қиынына,
Қарамай уақыттың құйынына,
Ертеңге бара жатыр еңбек енді —
Жер шарын салып алып иығына.
Біледі оны терлеп көрген,
Терлесең кетер онда кернеп кеудең.
Адаммен бірге туып басталады —
Ол талаптану, ұмтылу, еңбектену.
Еріншектен ер шықпайды ешқашан,
Өйткені еңбек етпей тер шықпайды.
Жалқау болсаң жасыңнан — ұйқы қалмас қасыңнан.
Еңбек сүйсең табылар — бар жақсылық қасыңнан.
Бұлақ ақса — көл тоқ,
Көк шөп өссе — төл тоқ.
Қос білегін сыбанып,
Еңбек етсе — ер тоқ.
Жақсы бала еңбекшіл — ер азамат болады.
Қиындықты түгел жеңіп,
Құшағы гүлге толады.
Көрініс: «Еңбекпен тапқан тиын»
Рөлдер
- Автор: Жұлдыз
- Әкесі: Райымбек
- Анасы: Айдана
- Баласы: Жарас
Еңбек түрлері
Ақыл-ой еңбегі
Оқушы, мұғалім, дәрігер, жазушы, ақын, жырау.
Дене еңбегі
Егінші, малшы, шахтер, кенші, спортшы.
Еңбек туралы мақал-мәтелдер
- Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар.
- Диқан еккенін жейді, жылқы тепкенін жейді.
- Еңбегің сайлы болса, жегенің майлы болар.
- Маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамайды.
- Еңбек адамды бүтіндейді, жалқаулық түтіп жейді.
- Еңбек өмірді ұзартады, ұят бетті қызартады.
- Еңбек ширатады, өмір үйретеді.
- Еңбек деген байлық бар — ерінбеген жететін.
Қорытынды бөлім
Еңбек — адамды тәрбиелейтін, жігерін жанитын, өмірге бейімдейтін құндылық. Еңбектің нәтижесі — адал табыс, береке және өзіңе деген сенім.
Би
«Қамажай»
Еңбек – ер атандырады.