Студенттік шақ
Ақиқатты тану және рухани тәрбиенің мәні
Ақиқатты өзін-өзі танудың мақсаты ретінде ұғыну — рухани тәрбиенің өзегін ашады. Рухани тәрбие адамның ізгілік ұстанымдарын қалыптастырып, жеке тұлғаның ақыл-ойы мен іс-әрекетін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттайды. Осы арқылы адам өмір даналығын түсінуге жетелейтін рухани көзқарасқа ие болады.
Өзін-өзі тану қашан басталады?
Адам ойланып, өзіне мынадай сұрақтарды қоя бастағанда өзін-өзі тану үдерісі де басталады:
- Мен кіммін?
- Адам үшін не жақсы?
- Адамның бақыты неде?
- Адамның маңыздылығы неде?
Белсенділік, шығармашылық және жаңа мүмкіндіктер
Аристотель айтқандай, адамның белсенділігі мен шығармашылығы артқан сайын оның атқарар қызметі де кеңейе түседі. Адамның өнері мен еңбегіне қарай беделі мен берері жылдамырақ өсіп, талпынысы тың өрнек сала бастайды.
Өсіп-өнген ел-жұрт — кең өрістегі өркениеттің жарасты отағасы әрі шаруашылықты жүргізудің тұтас әлеуметтік күші. Ынтымағы жарасқан қауымның жүйелі ұмтылыстан ұтары мол. Мұның бәрі — қажеттіліктен туындайтын құндылықтар.
Құндылықты түсінбей, мүмкіндікті ұғыну қиын
Өмір сүрудің жаңа мүмкіндіктері адамның белсенділігінен туындайды. Алайда адамдық өмірдің мәнін, тұлғалық болмыстың негізін, кісілік қасиеттердің құндылығын және азаматтық сапаның сабақтастығын терең ұқпай тұрып, «жаңа мүмкіндіктің» не екенін толық түсіну де, оны толықтыру да екіталай.
Адам құндылығы — оның «қосымша құнынан» айқындалып, әрдайым байқалады.
Ішкі жауап іздеу: «Мен кіммін?»
Кез келген адам жоғарыда аталған сұрақтарға іштей жауап іздейді. Мен де осы курсқа келіп, ең алдымен «Мен кіммін?» деген сауалға үңілдім. Өзіме ішкі жауап ретінде: «Мен — жеке тұлғамын. Мен — өзін-өзі тану пәнінің мұғалімімін», — деп қайта-қайта ой жүгірттім.
Әрбір адам өз бойына рухани азық жинап, өмірін ізгілік мұраттарға бағыттай алса, өмір даналығын тереңірек түсінер еді.
Туған жер, елге сүйіспеншілік және өмір жолы
Кез келген адамның мекен еткен елі, туып-өскен жері болады. Дала перзенттері туған еліне деген сезіміне берік келеді. Тамаша табиғаты, қонақжай халқы, салт-дәстүрі, өнері мен өрелі мәдениеті бар елдің ұрпағы екеніме мақтан етемін.
Мен үшін елді сүю нені білдіреді?
- Өз еліңді сүйе білу
- Елің мен жеріңнің тарихын білуге ұмтылу
- Бабалар шежіресіне құрметпен қарау
Бұл — менің ғұмыр тарихым, бағым мен барым, ұлт ұланы ретінде ұлағатты ұстанымым.
Мен 1983 жылы Сарыағаш ауданы, Абай ауылында дүниеге келдім. Бақытты балалық шағым сол жерде өтті. Мектепті бітіріп, Шырайлы Шымқалаға оқуға түстім. Студенттік шақ — қызығы мен шыжығы мол күндер еді.
Алайда сол шуақты кезеңнің аяқ астынан өмірімді астаң-кестең ететінін кім білген? Сол сәттерде Сырым Датұлының мына бір толғауы ойыма оралады:
«Ағаңнан айырылсаң — қанатыңның қайырылғаны,
Әкеңнен айырылсаң — асқар тауыңның шағылғаны,
Сүйген жарыңнан айырылсаң — жапырағыңның қурағаны,
Анаңнан айырылсаң — ағып жатқан бұлағыңның суалғаны».
Автор туралы
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі — Бакирова Аягөз Берікбаевна.