Сөйлемді оқыту

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты

Тақырыбы

К дыбысы мен әрпі.

Мақсаты

  • Оқушыларға Кк дыбысы мен әрпін меңгерту.
  • Техникалық құралдарды қолдану және оның тиімділігін іс жүзінде көрсету.
  • Тез әрі шапшаң оқу дағдыларын дамыту.
  • Ойын арқылы тапсырманы мұқият орындауға дағдыландыру.
  • Жазу жұмыстары арқылы ұқыптылық пен талғампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Жаңа сабақ.

Әдісі

Түсіндіру, талдау.

Көрнекілігі

Кеспе әріптер, слайдтар, үлестірмелі карточкалар.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру және үй тапсырмасын тексеру

Психологиялық дайындық

  • Тыныштықты сақтау.
  • Бір-бірімізді мұқият тыңдау.
  • Ойымызды толық әрі анық жеткізу.

Өткен сабақты қайталау (сұрақ-жауап)

Дыбыс деген не? — Естиміз, айтамыз.

Дыбыс нешеге бөлінеді? — Екіге бөлінеді: дауысты және дауыссыз.

Дауысты дыбыстар қалай айтылады? — Созылып айтылады.

Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? — Қысқа айтылады.

Әріп деген не? — Жазамыз, көреміз.

Өткен сабақта қай дыбыспен таныстық?Е дыбысы.

Е дыбысы қандай дыбыс? — Дауысты, жіңішке; созылып айтылады.

Сөздің қай жерінде кездеседі? — Сөздің барлық буынында кездесуі мүмкін.

Оқулықпен жұмыс

  • Бағандағы сөздерді тізбектей оқыту.
  • Сөйлемді оқыту.

Ойын: «Кім шапшаң?»

Е дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында кездесетін сөздерді айтқызу және тақтада орындату.

Сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.

2) Жаңа сабақ: К дыбысы мен әрпі

Жұмбақ арқылы тақырып ашу

Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастайды,
Бұл қай кезде болады?

Жауабы: күз.

Қазір қай мезгіл? — Күз.

Күздің нешінші айы? — (оқушылар жауабы).

«Күз» сөзінде бірінші қандай дыбыс естіледі?К.

Негізгі ұғым

Кқатаң дауыссыз дыбыс.

Слайд бойынша мысалдар: кеме, кит.

Кеме

Кеме өте ерте заманнан бері қолданылып келеді. Жүк кемелері бір жерден екінші жерге жүк тасиды, ал жолаушылар кемесі адамдарды тасымалдайды. Кейбір кемелердің ішінде спортзал, бассейн, кітапхана сияқты орындар болады.

Кит

Кит — өте ірі теңіз жануары. Ол басқа балықтар сияқты желбезекпен емес, өкпемен тыныс алады.

Көбелек

Көбелекті күнделікті өмірде жиі көресіңдер. «Көбелек» сөзін буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаймыз.

Қ және К дыбыстарын салыстыру

Ұқсастығы: екеуі де қатаң дауыссыз дыбыстар.
Айырмашылығы: айтылу орны мен әуезінде ерекшелік бар (оқушылар мысал келтіреді).

Ойын: «Сыр сандық»

Бағандағы сөздерді оқыту және тапсырмаларды ойын арқылы орындау.

Мәтінмен жұмыс: «Кеме»

Мәтінді оқыту, мазмұнын түсіндіру және сұрақтар қою.

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс арқылы қысқа сергіту жаттығулары орындалады.

3) Дәптермен жұмыс

  • Әріпті ауада жазу.
  • Дәптерге көркем жазу.

Сөйлем құрастыру және тыныс белгілері

Слайд: «Кемел ойыншық жасады.»

  • Сөйлемде үш сөз бар.
  • Сөйлем бас әріптен басталады.
  • Сөйлем соңына нүкте қойылады.

Қайта оқу

Бағандағы сөздерді және «Кеме» мәтінін қайта оқыту.

4) Сабақты бекіту

Ребус шешу

  • Үйрек
  • Бесік

Ойын: «Жоғалған буындар»

Ке • __ • ке

ке, же, ке, ке

Бе • __ • ме

бе, се, ме

Ескерту: Буындарды толықтырып, дұрыс сөздер құрастыру.

Қорытынды сұрақтар

Бүгін қандай дыбыспен таныстық? — К.

К дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? — Дауыссыз.

Сөздің қай буынында кездеседі? — Сөздің барлық буынында кездесуі мүмкін.

К дыбысынан басталатын сөздер айт. — (оқушылар жауабы).

Бағалау

Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.