Сәлеммен Балықшы шалың

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән / сынып
Әдебиет, 5-сынып
Тақырып
А. С. Пушкиннің «Балықшы мен балық» әдеби ертегісі (Ахмет Байтұрсынов аудармасы)
Сабақтың түрі
Жаңа сабақты меңгерту, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың нақылы

«Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыз жалғыз атын сойғызар.»

— Майқы би

Сабақтың мақсаты

  • Ахмет Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі орнын түсіндіру.
  • А. С. Пушкин шығармасының А. Байтұрсынов жасаған аудармасы арқылы «Балықшы мен балық» ертегісінің мазмұнымен таныстыру, идеялық-тақырыптық мәнін ашып талдау.
  • Қанағатсыздық пен ашкөздіктің салдарын кейіпкерлер әрекеті арқылы дәлелдеп, оқушыларды адамгершілікке, қанағатшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері

1

Оқушылар ынтымақтастықта жұмыс істеп, мәтін мазмұнын меңгереді және бірлесіп қорытынды жасайды.

2

Шығарманы түсініп оқып, қанағаттың мәнін бағамдайды; жақсы мен жаманды ажыратып, адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады.

3

Өзге пікірді тыңдап, шығармашылықпен жұмыс істейді; сыни көзқарасын дамытып, дәлелді пікір айтуға бағытталған тапсырмалар орындайды.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер мен ресурстар

СТО стратегиялары

  • Ойлану баспалдағы
  • РАФТ
  • Т кестесі
  • «Соңғы сөзді маған қалдыр»
  • «Автор орындығы»

Көрнекіліктер мен құралдар

  • А. Байтұрсынов пен А. С. Пушкин портреттері, танымдық альбомдар
  • «Балықшы мен балық» бойынша видеожазба
  • Мультимедиялық слайдтар, интерактивті тақта
  • Таратпа бетшелер

Бағалау

Мұғалімнің сабақ барысындағы жеке бақылауы негізінде бағалау жүргізіледі.

Сабақтың барысы

1) Қызығушылықты ояту

Ойлану баспалдағы

Мақсаты

Үй тапсырмасын тексеру, өткен материалды қорытындылау.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар алдыңғы білімін еске түсіріп, жаңа тақырыпқа дайындалады.

2) Мағынаны тану

Негізгі бөлім

Ахмет Байтұрсынов туралы

Ахмет Байтұрсынов — балаларды оқу-білімге шақырып, ұзақ жыл ұстаздық еткен ағартушы-педагог, қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы, сөз құдіретін танытқан ақын және публицист. Ол халықтың рухани дүниесін көтеруге күш жұмсаған мәдениет және қоғам қайраткері ретінде елге адал қызмет етті.

А. Байтұрсыновтың аудармалары (қысқаша шолу)

Автор Аудармалары
А. С. Пушкин «Балықшы мен балық», «Данышпан Аликтің ажалы», «Ат», «Алтын әтеш»
М. Ю. Лермонтов «Мцыри»
Араб тілінен «Нәбік аты»
Вальтер «Алтын әтеш»
С. Я. Надсон «Шайылған көз жасымен»
И. А. Крылов «Қырық мысал» жинағы
И. И. Хемницер «Ат пен есек»

Жаңа сабақ: әдеби ертегі ұғымы

Әдеби ертегі — халық аңызының негізінде туған, авторы белгілі көркем шығарма.

Оқыту форматы

  • Ертегі мазмұны видеожазба арқылы көрсетіледі.
  • Слайдтар арқылы түсіндіріліп, негізгі идеялар нақтыланады.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар А. Байтұрсынов аудармасындағы Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісінің мазмұнын меңгереді және идеялық мәнін түсінеді.

2.2) Мәтінмен танысу және композициялық талдау

Бастамасы

Балықшының қарапайым тұрмыс кешуі.

Ұсынбасы

Шалдың торға түскен алтын балықты босатуы.

Мазмұндамасы

Кемпірдің тойымсыз тілектерінің орындалуы.

Қыздырмасы

Кемпірдің «су патшасы» болуды аңсауы.

Қорытпасы

Бәрі бұрынғы қалпына келіп, ескі астау мен жұпыны үйге қайта оралуы.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар шығарманың композициялық құрылымын таниды.

2.3) Кейіпкерлер әрекетін талдау («Т кестесі»)

Келісу себептері

  • Кемпір: жақсы тұрмысқа ұмтылады.
  • Шал: алтын балықты босатады (мейірім, адамгершілік).

Келіспеу себептері

  • Кемпір: қанағатсыз, парықсыз; байлыққа мастанып, шалының қадірін ұмытады.
  • Шал: бір жақсылығы үшін балыққа қайта-қайта қолқа салады; кемпірдің қателігіне қарсы тұра алмайды.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар кейіпкерлердің іс-әрекетіне сүйеніп, өзіндік талдау жасап, пікірін дәлелдеуге машықтанады (әр оқушы жеке бетшеге толтырады).

2.4) РАФТ стратегиясы

Тапсырма үлгісі

Рөл Аудитория Форма Тақырып
Шал Кемпірге Хат Түсінбеушілік → түсінушілік

Күтілетін нәтиже

Оқушылар кемпірдің астамшылдығы мен қиянатын дәлелдеп, ашкөздіктің салдарын сипаттай отырып, өзіндік ой-толғанысын жазады.

Оқушы жұмысы (хат үлгісі)

Амансың ба, кемпір? Мен саған осы реніш хатымды жазып, қателіктеріңді айтқым келеді. Отыз жылдан бері балық аулап жүрген менің торыма алтын балық ілігіп, басыма бір пәле төнді ғой. Қартайғанда күнәһар болмайын деп, оны босатып жібергенімді саған айтпағаным дұрыс еді. Сенің өтініштеріңді орындау үшін алтын балыққа қанша рет бардым… Қазір ойласам, бұл — ұят.

Сен алтын балықтың жақсылығын қанағат тұтпай, астамшылық жасай бердің. «Көп асқанға — бір тосқын» деген сөз бекер емес. Баяғы астауымыздың қасында тыныш өмір сүрсек те жетер еді…

Сәлеммен, балықшы шалың.

3) Ой-толғаныс («Соңғы сөзді маған қалдыр»)

Берілген мақал-мәтелдер

  • Қанағатсыздың көзі үлкен, ақылсыздың сөзі үлкен.
  • Қанағатсыз жан — пілге оқталған жылан.
  • Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп, құлағынан айырылыпты.
  • Тойсаң, тобаңнан жаңылма.
  • Ер азығы — қанағат.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар мақал-мәтелдердегі қанағатсыздық туралы ойларын жазып, пікірлерін ортаға салады және бірін-бірі тыңдайды.

3.1) Қорытынды («Автор орындығы»)

«Автор орындығына» осы сабақтағы білім мен дағдыны толық меңгерген оқушы отыра алады. Әдістің тиімділігі:

  1. Сабақта өткен материал жүйеленіп, қорытындыланады.
  2. Сұрақ-жауап арқылы білім бекітіледі.
  3. Оқушылар мазмұнды сұрақ қоюға дағдыланады.
  4. Оқушы өзін көрсетуге, орындыққа отыруға ұмтылады.

Мұғалім қорытындысы

Шығарма арқылы қанағат пен ашкөздіктің ара жігі айқындалып, адам баласын биік ұстайтын қасиет — қанағат екені пайымдалады.

4) Бағалау

Мұғалімнің қалауы бойынша және сабақ барысындағы бақылау нәтижесіне сүйене отырып бағаланады.

5) Үй тапсырмасы

  • Ертегі мазмұнын қайталау, негізгі ойды қысқаша жазу.
  • Қанағат тақырыбына байланысты 2–3 мақал-мәтел таңдап, түсіндірме беру.
CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}