Асан қайғы деген кім
Сабақтың тақырыбы
Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі. Аңыз туралы ұғым.
Сабақтың мақсаты
Ғ. Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі негізінде аңыз әңгімелер туралы ұғым қалыптастыру, оқушылардың танымдық түйсігін дамыту.
Сабақтың типі мен түрі
- Типі: қорытынды сабақ.
- Түрі: білімді бекіту сабағы.
Сабақтың міндеттері
А) Білім мен сөйлеу дағдысы
Аңыз туралы алған білімдерін кеңейту; сөйлеу тілін дамыту; сұрақ қойып, нақты жауап беруге үйрету.
Ә) Тіл байлығы мен ойлау
Оқушылардың тіл байлығын арттыру; ұтқыр әрі ойлы сөйлеуге дағдыландыру.
Б) Тәрбиелік бағыт
Аңыздардағы ұлы тұлғалардың өмірін өнеге ету арқылы адам бойындағы жақсы қасиеттерді сіңіру; ізденімпаздық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер, көрнекілік, құрал-жабдық
Сабақтың әдістері
- АКТ
- СТО стратегиялары
- Топпен жұмыс, ой қозғау
- Сұрақ-жауап, топтастыру
- «Автор орындығы»
Көрнекілік пен құралдар
- Көрнекілігі: презентациялық слайдтар
- Құралдары: маркер, стикер, A3 форматтағы қағаз
- Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақ барысы
1) Топқа бөлу
Түстер
қызыл, сары, жасыл, көк
Әдебиет жанры
ертегі, аңыз, мақал-мәтел, жұмбақ
Кейіпкерлер
Жалпақ, Бала би, Ана, Кейкі
Әдебиет теориясы
пейзаж, портрет, теңеу, сюжет
2) Психологиялық дайындық
«Шаттық шеңбері»: сабақ оқушылардың бір-біріне сәттілік тілеуінен басталады.
Сабақтың ұраны: «Шығамын білім шыңына»
3) Қызығушылықты ояту — «Есімдер сөйлейді»
«Мына есімдер туралы не айта аласыңдар?» деген сұрақ арқылы оқушылардың бұрынғы білімін белсендіру:
- Жиренше
- Қожанасыр
- Алдар көсе
- Асан қайғы
- Төле би
4) «Иә/Жоқ» стратегиясы — графикалық диктант
- 1) Аңыз — ауыз әдебиетінің бір саласы бола ала ма?
- 2) Аңыздағы оқиғаның шешімі адамды жақсылыққа жетелейді деуге бола ма?
- 3) Аңыз кейіпкерлерін «өмірде болмаған» деуге бола ма?
- 4) Аңыз әңгімелердің кейіпкерлерін тарихи тұлғалар деуге бола ма?
- 5) Аңыздағы кейіпкерлердің сөзі де, ісі де тапқыр болуы мүмкін бе?
5) Ой шақыру
Негізгі сұрақтар
- Аңыз дегеніміз не?
- Қандай аңыздарды білесіздер?
- Асан қайғы деген кім?
- Жерұйық дегеніміз не?
- «Ананың анасы» әңгімесінің аңызға қандай қатысы бар?
Күтілетін бағыт
Аңыздың табиғатын, тарихи тұлғалармен байланысын және тәрбиелік мәнін талқылау; мәтіндегі адамгершілік идеяларды нақты дәлелмен негіздеу.
«Ананың анасы» әңгімесіне талдау
Тақырыбы мен идеясы
Тақырыбы: бүкіл тіршіліктің иесі — ананың алдында бас ию.
Идеясы: аналарды қадірлеу, құрметтеу.
Композициялық құрылымы
- Экспозиция (басталуы): Әйтілестің әңгімесі.
- Байланысы: Жалпақтың Ергенекті еліне аттануы; қалың жылқы; тұтқын қыз.
- Шиеленісі: жылқышының мерт болуы; қуғыншы ананың келуі.
- Шарықтау шегі: ананың сөзі; Кейкінің үкімі.
- Шешімі: ана мен қызына бостандық берілуі.
Әдеби-теориялық ұғымдар
Негізгі анықтамалар
- Шығарманың арқауы
- Оқиға желісі және оның дамуы.
- Сюжетті шығармалар
- Батырлар жыры, ертегілер, әңгіме, хикаят, роман.
- Сюжетсіз шығармалар
- Көңіл күйге байланысты өлең түрлері.
Аңыз және миф
Аңыз — эпостың көне түрлерінің бірі. Ол мифке ұқсас болғанымен, айырмашылығы бар: аңыздың негізінде көбіне шындыққа жанасымды, өмірде болуы мүмкін немесе халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады.
Миф — көне аңыз, әңгіме; сондай-ақ тарихи-мәдени сананың ерекше күйін білдіретін ұғым.
Әр халық тарихындағы абзал адамдар мен көрнекті қайраткерлер туралы да көптеген аңыздар туған.
Топтық жұмыс және шығармашылық тапсырмалар
Постермен жұмыс
Таратылған аңыздар бойынша постер дайындап, жұмыс соңында тақтада презентация жасау.
- I топ: Абай мен Әбіш
- II топ: Үйсін Төле би мен Әнет баба
- III топ: «Бір жұлдызды құтқару»
- IV топ: «Екі қасқыр»
РАФТ кестесі (дәптермен жұмыс)
Оқушыларға рөл, аудитория, формат, тақырып өлшемдері арқылы ойды жүйелеп, мәтін құрастыру тапсырмасы беріледі.
Бағалау
Топ басшылары бағалау парағы бойынша қорытындылайды. Белсенділік танытқан оқушылар ұпай арқылы бағаланады.
Үй тапсырмасы және кері байланыс
Үйге тапсырма
Ой қозғау (оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау үшін):
1) Әңгімедегі «бақытсыз жан» тақырыбына эссе жазу.
Кері байланыс
Бүгінгі сабақта нені үйрендік?
Не ұнады?
Не ұнамады?
Әр топтағы оқушылар парақшаға қысқаша рефлексия жазады.