Слайд қазақ халқының материалдық мәдениеті
Сабақтың тақырыбы
Қазақ халқының материалдық мәдениеті (Қазақстан тарихы, 7-сынып).
Жалпы мақсат
- Оқушылардың қазақ халқының материалдық мәдениеті туралы білімін кеңейту.
- Ұлттық мәдениетке қызығушылықты ояту, ізденімпаздық пен шығармашылықты дамыту.
- Оқушыларды өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.
- Ел тарихы мен мәдени мұраға сүйіспеншілікті арттыру.
Түйінді идея
Ұлттық мәдениетке қызығушылықты оята отырып, ел тарихы мен мәдени мұраларға деген сүйіспеншілікті күшейту.
Оқу нәтижелері
Оқушылар қазақ халқының материалдық мәдениетімен танысып, негізгі ұғымдарды ажырата алады.
Сілтеме және дереккөздер
Сілтеме
- Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
- Интернет материалдары.
- 7-сыныпқа арналған әдістемелік нұсқау.
- 7-сынып оқулығы.
Дереккөздер
«Қазақ халқының материалдық мәдениеті» тақырыбы бойынша берілген оқу материалдары.
Сабақта қолданылатын материалдар
- Постер, маркер.
- Слайд материалдары.
- Оқулық.
Оқыту әдістері
Оқушыларға бағыт
Сабақ барысында оқушылар бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды жасау дағдыларын қолданады. Әр тапсырма ұлттық мұраға құрмет пен қызығушылықты тереңдетуге бағытталған.
Тапсырмалар жүйесі
1) Ой шақыру
Слайд бойынша сұрақ: «Мына көріністен нені байқадыңдар?»
Тақырып: Қазақ халқының материалдық мәдениеті.
2) Тақырыпты ашу (топтық жұмыс)
- I топ: Киіз үйдің құрылысы.
- II топ: Қазақ халқының ұлттық киім-кешегі.
- III топ: Ұлттық тағамдар.
- IV топ: Қолөнер бұйымдары.
3) Ойды қорытындылау
I топ
Қысқаша эссе
«Қазіргі материалдық мәдениеттің жағдайы».
II топ
Семантикалық карта
Негізгі ұғымдарды сәйкестендіру.
III топ
INSERT / ББҮ
Білемін – Білгім келеді – Үйрендім кестесі.
IV топ
Бес жол өлең
Тақырып: «Ұста».
Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)
Тақырып: Қазақ халқының XVI–XVII ғасырлардағы шаруашылығы. Сұрақтар анимация арқылы көрсетіледі.
| № | Сұрақ | Жауап |
|---|---|---|
| 1 | Маусымдық көшіп-қону қанша мезгілге бөлінеді? | Төрт |
| 2 | Қой малына тән жұқпалы ауру? | Топалан |
| 3 | Қарасан қай мал түріне тән ауру? | Сиыр |
| 4 | Ешкі малына тән ауру? | Кебенек |
| 5 | Ауылдар жайлауда қанша уақыт отырған? | 1,5–2 ай |
| 6 | Егіншілік мәдениеті өркендеген жерлер? | Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан |
| 7 | Егіншілікпен айналысатын, малы жоқ кедейлер? | Жатақтар |
| 8 | Йасы XIV ғасырдан бастап қалай аталды? | Түркістан |
| 9 | XVI ғасырдың соңында Қазақ хандығының астанасы болған қала? | Түркістан |
Ескерту: «Қазақ халқының материалдық мәдениеті» тақырыбы бойынша қосымша материалдарды жүктеп, сабақта кеңейтілген талқылау жүргізуге болады.