Астананың ауасы таза, әрі керемет
Астана – білім мен ғылым ордасы
Астана — Қазақстандағы ең әсем қалалардың бірі. Қаланың ауасы таза, кеңістігі кең, келбеті ерекше. Мұнда көшіп келетіндер де, оқуын аяқтап, жұмысқа қалып қоятын жастар да көп.
Қаланың өсуі мен дамуы
1999 жылғы халық санағы бойынша Астанада (сол кездегі атауы — Ақмола) 319 мың тұрғын болған. Қазіргі таңда қала халқы 700 мыңнан асты. Бұл — елордаға деген қызығушылықтың, мүмкіндіктердің және қарқынды дамудың айқын көрінісі.
Біздің мектеп түлектерінің жетістігі
Жеріміз шалғай болса да, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Кемерши ауылындағы Кеңес Одағының Батыры Қожабай Жазықов атындағы орта мектебіміздің бірнеше түлегі өз мамандығын Астана қаласында алып, бүгінде білімін әрі қарай жалғастырып жатыр.
Қоңыратбаева Тоғжан Әділханқызы
Оқуды үздік оқып, «Алтын белгі» иегері атанды. 2014–2015 жылдары Астана қаласындағы Еуразия университетінде ақпараттандыру мамандығы бойынша білім алып, университетті үздік аяқтады.
Маратов Нұрбек Болатбекұлы
2016–2017 оқу жылын үздік аяқтап, «Алтын белгі» иегері атанды. Қазіргі таңда Еуразия университетінің экономика факультетінде менеджмент мамандығы бойынша білім алуда.
Бұл жетістіктер — біздің шағын ауылымыз бен мектебіміз үшін үлкен мақтаныш. Осындай білімді әрі білікті мамандар даярлайтын Астанада мен де ер жеткенде өз білімімді көрсеткім келеді.
Болашаққа сенім
Астана әлемге көптеген қырымен танылып, ерекшелігімен көзге түсіп келеді. Елордада болашақта жаңа мамандықтар пайда болып, ғылым мен технологияның дамуына сай жаңа мүмкіндіктер ашылатынына сенімім мол.