Сендер кімдердің тапсырмаларын орындадыңдар
Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу
Үлкенмен сәлемдесу — тәрбиенің басы. Ендеше, бәріміз үлкендерге сәлем айтайық.
2) Шаттық шеңбері
Достық сырын білеміз, ренжімейміз, күлеміз.
Шеңбер құрып дөңгеленіп, қол ұстасып жүреміз.
Бір кездері топталып, жиналамыз ортаға.
Орнымызға қайтамыз, достық әнін айтамыз.
3) Сұрақ-жауап
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем келгенін қалай білеміз?
- Көктемде неше ай бар? Көктем айларын ата.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Бір айда неше күн бар? Бір аптада неше күн бар?
- Санды немен белгілейміз? Цифрды не үшін қолданамыз?
- Қазақстан Республикасының рәміздері нешеу?
- Ертегіні жақсы көресіңдер ме? Қандай ертегілерді білесіңдер?
Бүгінгі сабақ — математика. Біз математикамен бірге ғажайып ертегілер еліне саяхат жасаймыз.
Ертегі желісі: тапсырмалар арқылы саяхат
Мысық келеді
КейіпкерМузыка ойналып, ішке Мысық кіреді.
Мысықтың өлеңі:
Менің атым — Мысық, екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырмын, сүт көжемді ішіп.
Мысық балалармен амандасып, Мақтақызбен ренжісіп қалғанын айтады. Ертең Мақтақыздың туған күні. Мысық қандай сыйлық апарарын білмей, балалардан көмек сұрайды.
Сұрақ:
Туған күн дастарханында қандай тағам болғанын ұнатасыңдар?
Балалар Мысыққа көмектесуге келіседі. Мысық сиырға барып, тәтті нан пісіруге қаймақ пен қатық сұрауға аттанады.
Сиырдың тапсырмасы: сан және жұп-тақ
МатематикаСиырдың сөзі:
«Менің атым — Сиыр. Өрісім алыс-қиыр. Етім үшін, сүтім үшін адамдар маған үйір. Тапсырмамды орындасаңдар, қаймақ пен қатық беремін!»
Тапсырмалар:
- Сандарды тура және кері санау.
- Жұп және тақ сандарды анықтау.
Тура санау
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
Кері санау
10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0
Жұп сандар
2, 4, 6, 8, 10
Тақ сандар
1, 3, 5, 7, 9
Сиыр: «Қарным ашты, маған жапырақ керек».
Ағаштың тапсырмасы: жоғалған сан
ЗейінМысық ағашқа келеді: «Ағаш, ағаш, сиырға жапырағыңнан берші».
Ағаш: «Мен жасыл ағашпын! Ол үшін менің тапсырмамды орындаңдар».
Тапсырма:
Жоғалған санды тап та, жаз.
Мысал үлгісі: 1, 2, __, 4, 5
Сиыр: «Шөлдедім, маған су керек!»
Қыздардың тапсырмасы: геометриялық пішіндер
ГеометрияМысық қыздарға келеді: «Қыздар, қыздар, ағашқа су беріңдерші!»
Қыздардың сөзі:
Су — тіршіліктің негізі, онсыз өмір сүрмейсің.
Тазалықтың негізі — су екенін де білгейсің.
Тапсырма:
Геометриялық пішіндерді ата.
Орындаушылар: Сәуле, Арсен, Заңғар, Нариман.
Дүкеншінің тапсырмасы: есептер шығару
АрифметикаМысық: «Тәтті нан пісіру үшін жұмыртқа керек. Дүкенші, жұмыртқа бересіз бе?»
Дүкенші Бекнұр: «Мен үнемшіл дүкеншімін, дүкенімде бәрі бар… бірақ алдымен тапсырмамды орындаңдар. Сендер орындағанша, мен қоймадан іздеп көрейін».
Есептер:
Дүкенші: «Өкінішке қарай, жұмыртқа таусылып қалыпты. Енді жұмыртқаны өздерің әкеліп бересіңдер ме?»
Тауықтың тапсырмасы: мақал-мәтел және санамақ
Тіл дамытуМысық тауыққа келеді: «Тауық, тауық, бізге жұмыртқа беріңізші».
Тауық: «Мен ақ тауықпын, өзім қақсауықпын. Күніне бір жұмыртқа табам — осыған жетеді шамам. Тапсырмамды орындаңдар!»
Тапсырма:
Қандай мақал-мәтел, санамақ білесіңдер?
Орындаушылар: Аяулым, Ертай, Айзере, Диас, Көркем, Абылай, Нұрсезім, Кәусар.
Тауық: «Қарным ашты, маған тары керек!»
Тышқанның тапсырмасы: кеңістік және зат қасиеті
БағдарлауМысық тышқанға келеді: «Тышқан, тышқан, тауықтың қарны ашып қалды. Бізге тары бересің бе?»
Тышқанның өлеңі:
Мен тышқанмын, тышқанмын, өзім дән екпеймін.
Егістен ұзап кетпеймін, айналам толы ән.
Қоймам толы дән, дәнді тастап кетпеймін.
Тапсырма:
Кеңістікті бағдарлау және заттардың қасиеті дегеніміз не?
Тірек сөздер: оң жақ, сол жақ, ұзындығы, ені, көлемі.
Тышқан тапсырма орындалса, 1 кесе тары беретінін айтады.
Мысық тарыны алып, тауыққа береді де, жұмыртқа алуға мүмкіндік туады. Енді тәтті нан пісіру үшін аспазшы апайға барады.
Аспазшы апайдың тапсырмасы: бүтін-бөлік және уақыт
ҚұзыретМысықтың сөзі:
Біздің аспаз апайға бұл маңда ешкім жетпейді.
Ол пісірген тәтті нанның дәмі ауыздан кетпейді.
Аспазшы апай:
Тәтті нан, тоқаш пісірем, тілді балдай үйірем.
Құлақ салсаң сөзіме, тапсырмам бар өзіңе.
Тапсырма:
Бүтін мен бөлікті салыстыру және уақытты бағдарлау дегеніміз не?
Аспазшы апайдың сыйлығы: аю бал.
Ғылыми орталық: пішіндерден зат құрастыру
ШығармашылықБалалар ғылыми орталыққа барып, геометриялық пішіндерден заттар құрастырады.
Қатысушылар: Гүлбану, Ахмедин, Аяна, Қуаныш.
Құрастырылатын заттар:
Логикалық есептер
ОйлауA)
Әкем, шешем және мен — айта қойшы, кәне сен, неше адамды санадым?
Ә)
Көлден ұшты 7 қаз, қайтып қонды 2 қаз. Қонбады оның нешеуі? Кім тез табады?
Б)
Табақта 5 алма, қолымда 2 алма. Қосқанда барлығы неше алма?
В)
Бір-бірімен жарысқан 4 аю, 1 арыстан, 3 қоян, 1 маймыл бар. Бәрі нешеу? (9)
Туған күнге шақыру және өнер көрсету
Қорытынды әрекетМысық: «Мақтақыз барлығымызды туған күнге шақырып жатыр. Бірақ бізде сыйлық жоқ…»
«Сыйлыққа тамаша биіміз бен әніміз бар ғой. Ендеше, өнерімізді көрсетейік!»
Мысық балалармен қоштасады: «Мияу, мияу… Мақтақыз шақырып жатыр. Сау болыңдар, балалар!»
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс арқылы бой жазу.
Қорытындылау
Рефлексия сұрақтары
- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Қай кейіпкерлердің тапсырмаларын орындадыңдар?
- Тапсырмалар қиын болды ма? Қайсысы оңай болды?
- Сабақтың қай кезеңі көбірек ұнады?
Мұғалімнің қорытынды сөзі
Бүгінгі ашық сабаққа барлығың белсенді қатысып, тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Барлығыңа үлкен рақмет!