Дауысты және дауыссыз дыбыстарға талдау
Сабақтың тақырыбы
Фонетикадан өткенді қайталау.
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ (топтық сайыс).
Әдістер
Сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, түрлі ойындар.
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, математика.
Сабақтың мақсаттары
Білімдік
Оқушылардың фонетика бөлімінен алған білімдерін еске түсіріп, пысықтау және негіздеу.
Тәрбиелік
Мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды пайдаланып, Абай шығармаларынан үзінді келтіре отырып, оқушыларды адамгершілікке және имандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Фонетикалық талдау дағдысын жетілдіру; ойын түрлері арқылы оқушылардың ойлауын дамыту; тапқырлық пен ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсат-міндеттері, түрі және негізгі әдістерімен таныстыру.
- Тақырыпты нақтылау.
- Бағдарлаушы сұрақтар арқылы өткен білімді еске түсіру.
Бағдарлаушы сұрақтар
- Фонетика бөлімі нені зерттейді?
- Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ата.
- Буын деген не? Оның түрлері қандай? Мысал келтір.
- Үндестік заңына мысал келтір.
Топтарға бөлу
Оқушылар екі топқа бөлінеді, топ басшыларын сайлайды және топтар бір-бірін таныстырады (аты, ұраны, әні).
Топ атаулары
- I топ: «Алғырлар»
- II топ: «Тапқырлар»
Сайысты бастау тәртібі
Екі топтың басшылары сандықшадан нөмірі бар асық алып, асықты иіреді. Асық қалай түссе, сол топ жауап беруді бастайды.
1-тапсырма
Әр топтан 2 оқушы шығып, «Дауысты дыбыстар» және «Дауыссыз дыбыстар» кестесін толтырады (топтық жұмыс).
II. «Жаңылдырсаң да жаңылмаймын» ойыны
Екі топ бір-біріне жаңылдырғыш (қалжың-логикалық) сұрақтар қояды.
I топ сұрақтары
- Қолда буын көп пе, аяқта буын көп пе?
- Сөз құрамында дыбыс көп бола ма, буын көп бола ма?
- Шалға қарағанда балада не көп?
II топ сұрақтары
- Қай буында дыбыс көп болады: ашықта ма, тұйықта ма, бітеуде ме?
- «Бота мен қозы ұқсас» дейді. Олар қалай ұқсас болуы мүмкін?
- Ерінде еріндік бар ма? Езуде езулік нешеу?
III. Викториналық сұрақтар
- Әліпбидегі сегізінші әріптен басталатын өзен атаулары: Ертіс, Есіл, Еділ (т.б.).
- Екі әріптен ғана құралған планета атауында әліпбидегі қай әріптер қолданылады? Ай — 1 және 13-әріптер.
- Бірінші және он бірінші әріптен құралған сөз қай сөздің антонимі? Аз.
- Әліпбидегі бірінші әріп пен ең соңғының алдындағы әріптен құралған сөз қай аңның атауы? Аю.
- Әліпбидегі жетінші, жиырмасыншы, жиырма екінші әріптерді тіркеп жазсаң, балалар ойынына қажет заттың атауы шығады: Доп.
IV. «Ең ұзақ сөз» ойыны
Тақтада орындалады. Әр топтан 2 оқушы шығып, қазақ тіліндегі 33 әріптен тұратын сөзді тауып, оны буынға бөледі.
Үлгі
Қа-на-ғат-тан-ды-рыл-ма-ған-дық-та-ры-ңыз-дан
V. Сөзжұмбақ: «С»-дан басталатын 8 сөз
Берілген алғашқы әріпке сүйеніп, төмендегі бос торкөздерге «С» әрпінен басталатын 8 сөз жазыңдар.
Анықтамалар
- Сұйық зат
- Зат немесе құбылыс атауы
- Дақыл атауы
- Жемістің аты
- Қарудың аты
- Жоғары оқу орнының оқушысы
- Өсімдік атауы
- Студентке төленетін айлық
Жауап үлгілері
- 1. Су
- 2. Сөз
- 3. Сұлы
- 4. Сәбіз
- 5. Семсер
- 6. Студент
- 7. Сарымсақ
- 8. Стипендия
VI. Перфокартамен жұмыс
Берілген сөздерді тиісті буын түріне орналастырып, «+» белгісімен белгілеңдер: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.
| № | Сөз | Ашық буын | Тұйық буын | Бітеу буын |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Аң | — | — | + |
| 2 | Оң | — | — | + |
| 3 | Отын | + | — | — |
| 4 | Егін | + | — | — |
| 5 | Жол | — | — | + |
| 6 | Жел | — | — | + |
| 7 | Өмір | — | — | + |
Ескерту: Кесте сабақта оқушы орындауына ыңғайлы болу үшін үлгі ретінде берілді; мұғалім қажетіне қарай бос «+» ұяшықтарын қалдырып қолдана алады.
VII. Жұмбақтар
Топтар бір-біріне оқу-білім тақырыбы бойынша үш-үштен жұмбақ жасырады.
VIII. Топ басшыларының сайысы: «Кім тез тауып жаза алады?»
1-тапсырма
Көрсетілген әріптердің дұрысын орнына қойып, сөздің мәнін түсіндіріңдер:
- а) Шег(г)ара; Бас(шы); Сөз(зіз).
- ә) Қорғам(н)бек; Жам(н)пейіс; Сәң(н)қой.
2-тапсырма
Орнында отырған оқушылар тез арада бітеу буынды тоғыз құстың атын жазуы керек.
Үлгі жауаптар: тарғақ, бүркіт, қызғыш, торғай, кептер, сұңқар, байғыз, тұйғын, құзғын.
IX. Карточкамен жұмыс: фонетикалық талдау
Екі топтан екі оқушы шығып, берілген үзінділерге дыбыстық талдау жасайды: дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады.
1-карточка (Абай)
Ақыл мен қайрат жол табар
Қашқанға да қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
2-карточка (Абай)
Тоты құс түсті көбелек,
Жаз сайларда гулемек.
Бәйшешек солмақ, күйремек,
Көбелек өлмек, сиремек.
X. Оқулықпен жұмыс
184-жаттығу.
XI. «Кім көп мақал біледі?»
Мақалдардың екінші сыңарын табыңдар (ауызша).
- Ашу — дұшпан, ақыл — дос.
- Ақ — ақталар, қара — байланар.
- Сабыр түбі — сары алтын.
- Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.
- Аузында әзілі жоқтың қолында қолшоқпары бар.
Қорытынды
Ойын қорытындысы: сайыс нәтижесін шығару.
Бағалау: оқушылардың білімін бағалау.
Үй тапсырмасы: фонетикадан өткенді қайталау.