Сутек - химиялық элемент және жай зат
Сабақтың тақырыбы
Сутек — химиялық элемент және жай зат. Сутектің изотоптары.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Сутекті химиялық элемент және жай зат ретінде түсіндіру. Элементті сипаттауға ерекше мән бере отырып білімді дамыту, табиғатта таралуы мен алыну жолдарының ерекшеліктерін өткен сабақпен байланыстыра талдау.
Дамытушылық
Экзотермиялық және эндотермиялық реакцияларды қайталау арқылы оқушылардың дұрыс шешім қабылдау дағдыларын жетілдіру, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік
Экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыру.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері
- СТО стратегиялары
- Зертханалық жұмыс
Құрал-жабдықтар және көрнекі құралдар
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, тарих, физика.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар тәжірибелердің орындалуын мұқият қадағалап, қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді; зертханалық жұмыстардың қорытындысын жасап, реакция теңдеулерін жазады және реакция типтерін ажырата алады.
Сабақтың жүру барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, зертханалық жұмысқа арналған қауіпсіздік талаптарын еске түсіру.
II. Қызығушылықты ояту
1) Миға шабуыл
Қайталау- 1 Заттар нешеге жіктеледі? Жай және күрделі заттар дегеніміз не?
- 2 Химиялық элемент дегеніміз не?
- 3 Оттек элементіне сипаттама беріңіз: атауы, таңбасы, салыстырмалы атомдық массасы, молекуласы, салыстырмалы молекулалық массасы, валенттілігі, периодтық кестедегі орны, аллотропиялық түрөзгерістері.
- 4 Химиялық реакцияның неше типі бар?
- 5 Термохимиялық реакция дегеніміз қандай реакция? Ол нешеге жіктеледі?
2) Семантикалық карта
ТапсырмаНегізгі ұғымдарды (элемент, жай зат, күрделі зат, реакция типтері, экзо/эндотермиялық үдерістер) жүйелеу және байланыстыруға арналған жұмыс.
III. Мағынаны тану
1) «Мені тап»
ЖұмбақМен судың арғы тегімін,
Серігімін оттек атты серінің.
Ежелден ең жеңіл газбын,
Оттектен де азбын.
Жер бетінде 1% ғана тарағанмын,
Ғаламшарда 92% үлесім бар.
Газда да, көмір мен мұнайда да бармын,
Болашақта өзім отын бола аламын.