Абайдың өлеңін жазу

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Мұхтар Әуезов. «Бала Абай»

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдістері

Сұрақ-жауап, карточкалармен жұмыс

Көрнекіліктер

  • Абай Құнанбайұлы мен Мұхтар Әуезов портреттері
  • Сөзжұмбақ, ребус
  • «Абай ата ағашы» (шежіре)

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстыру, Абайдың балалық шағы туралы мағлұмат беру. Жүйелі сөйлеуге, өз ойынан қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік бағыт

Абай өлеңдері арқылы балаларды жақсы қасиеттерге баулу, ұқыпты, алғыр, зерек болуға үйрету.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу
  • Түгендеу
  • Назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Ғафу Қайырбековтің «Алғашқы қоңырау» өлеңін сұрау.
  2. Үй тапсырмасын пысықтауға арналған сұрақтар:
    • Алғашқы қоңырау соғып, мектеп ашқан кім?
    • Ы. Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелерін білеміз бе?

III. Оқушы білімін тексеру (тест)

1) Абылай ханның шын есімі кім?

A) Сабалақ    Ә) Әбілмансұр    Б) Бөгенбай

2) Сабалақ кімнің малын бақты?

A) Ыбырай    Ә) Бөгенбай    Б) Төле би

3) «Салақтық» әңгімесінің авторы кім?

A) М. Гумеров    Ә) Ж. Смақов    Б) Ы. Алтынсарин

4) «Кел, ... , оқылық» көп нүктенің орнына сөз қой.

A) балалар    Ә) ықыласпен    Б) оқылық

5) Райымбек батырдың зираты қайда орналасқан?

A) Алматы қаласы    Ә) Астанада    Б) Семейде

IV. Жаңа сабақ

Сөзжұмбақ шешу (жауаптар)

Абылайдың шын есімі
Әбілмансұр
Жаңа күн, жыл басы (жаңа жылдың бірінші күні)
Наурыз
«Тәуелсіздік» сөзінің баламасы
Бейбітшілік
Наурыздағы ұзақ күндер атауы
Ұзынсары
Есентай Ерботиннің мысалы
«Даңғой»
«Көк кептер» шығармасының авторы
М. Гумеров

Ребус (шешуі)

Кітап + Домбыра + Ай

Жауабы: Абай

Мұхтар Әуезов туралы қысқаша мәлімет

Мұхтар Әуезов — қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы Абай ауданында дүниеге келген.

Әкесі Омархан, атасы Әуез — сауатты, көзі ашық адамдар болған. Мұхтар атасының қолында өсіп, Әуез атасы мен Дінасыл әжесінің тәрбиесін көрген. Баланың сауатын алғаш ашқан — атасы. Айтуға қарағанда, ол алты жасында-ақ Абай өлеңдерін ауылдастарына жатқа оқып берген.

1908 жылы Семейдегі Қамилиддин хазірет медресесінде оқиды. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс училищесіне түсіп, сол жерде оқи жүріп алғашқы «Дауыл» атты шығармасын жазады.

1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады. Осы кезеңнен бастап «Абай» романын жазуға кірісіп, 1941 жылы аяқтайды. Бұл — қазақ мәдени өміріндегі ерекше оқиға.

«Абай жолы» эпопеясы қазақ көркем прозасын классикалық деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуаты мол үздік туынды ретінде танылды. Роман XX ғасырдағы ең таңдаулы шығармалардың бірі деген жоғары баға алды.

Мәтінмен таныстыру: мәтінді оқу, мазмұнын ашу.

V. Тізбектей оқу және дәптермен жұмыс

  • Дәптерге бүгінгі күнді және берілген тақырыпты жазу
  • Оқушыларға топтық тапсырмалар беру

Тапсырма 1

Тақтадағы суретке қарап әңгіме құрау

Тапсырма 2

Мақал-мәтелдер жазу

Тапсырма 3

Абайдың бір өлеңін жазу

VI. Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс арқылы оқушылардың сергектігін арттыруға арналған шағын ойын:

Күннің шыққаны жақсы ма?

Күнді бейнелейді → «Жақсы» (алақандарын соғады)

Желдің соққаны жақсы ма?

Желді бейнелейді → «Жақсы» (алақандарын соғады)

Достарыңмен бірге жүрген жақсы ма?

Адымдайды → «Жақсы» (алақандарын соғады)

Анаңды құшақтаған жақсы ма?

Өзін құшақтайды → «Жақсы» (алақандарын соғады)

Үйіміз бар жерде жақсы ма?

Үйді бейнелейді → «Жақсы» (алақандарын соғады)

Би билеген жақсы ма?

Айналады → «Жақсы» (алақандарын соғады)

Қазақстандық болған жақсы ма?

Бас бармақтарын көрсетеді → «Жақсы»

VII. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру (қорытынды сұрақтар)

  1. Бүгін кім туралы оқып білдік?
  2. Әңгімені жазған кім?
  3. Абай неге үйден көп шыға бермейтін еді?
  4. Әжесі ертегі айтпай қалған күндері, ертегіні кімнен сұрайтын еді?
  5. «Бала Абай» әңгімесіндегі Абай неше жасқа толған еді?

VIII. Үйге тапсырма

Берілген тапсырманы мазмұндап келу.

IX. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, жауаптарының толықтығы және тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.